2 Дәріс Дайындық жұмыстары (камералдық және далалық)



Дата17.10.2023
өлшемі16,29 Kb.
#185987
Байланысты:
лекция 2
pdf notification 1601023130790, pdf notification 1601023130790, pdf notification 1601023130790, 1552665426, 11СРСП Жұмабаева Айжан Бқб-204 анатомия, Дене-шынықтуры-1-сынып-ҚМЖ, 23.02.2022 (3), abajdy mrazhaj-ji slajd, мөж4, алгоритм - копия

2 Дәріс
Дайындық жұмыстары (камералдық және далалық)

Дайындық жұмыстары кезеңінде камералдық жұмыстар жүзеге асырылады, ол қалпына келтіруге жататын жер учаскелерін далалық зерттеулерді жүргізуге арналған жоспарлы–картографиялық материалдарды іріктеу, топырақтық және топырақтық–мелиоративті іздестірулер материалдарын, тізімдеу материалдарын құрайды.


Қалпына келтіруге жататын жер учаскелерін далалық зерттеу жұмыстары жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауданның (қаланың) жер қатынастары жөніндегі өкілетті органдарының өкілетті өкілдерінің қатысуымен жобаны әзірлеушілермен, тапсырыс берушімен және қажет болған жағдайда басқа мамандармен жүргізіледі.
Далалық зерттеу барысында:

  • объектінің орналасқан жерін, бүлінген жердің нақты шекараларын анықтау, қалпына келтірілетін учаскелерді болашақта пайдалану мүмкіндігін белгілеу;

  • бүлінген жерлерді қалпына келтіру үшін үйінділердегі әлеуетті құнарлы жыныстар мен топырақтың құнарлы қабатының бар болуын анықтау;

  • бүлінген жерлерді қалпына келтіру үшін олардың көлемі және әлеуетті құнарлы жыныстар мен топырақтың құнарлы қабатының қажетті көлемін белгілеу;

  • үйінділердегі топырақтың құнарлы қабаты мен әлеуетті құнарлы жыныстарының сапасын, олардың минералогиялық және механикалық құрамын, жыныстардағы улы тұздардың бар болуы мен химиялық мелиорацияның қажеттілігін, ылғалдану мен табиғи өсу жағдайын алдын ала анықтау;

  • қосымша топографиялық және топырақтық–мелиоративтік, агро орман мелиоративтік, геологиялық және гидрогеологиялық іздестірулерді жүргізудің қажетті көлемін анықтау.

Ластанған жерде қосымша ластану себебі мен көзі, топырақ ластануының қауіптілік дәрежесі анықталады.
Жер учаскелерін далалық зерттеу нәтижелері қалпына келтіруге жататын бүлінген жерлерді зерттеу актісімен Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес зерттеу сызбаларын дайындау арқылы ресімделеді.
Жер учаскелерін далалық зерттеу материалдары негізінде Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тапсырыс берушімен бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеу үшін тапсырма дайындалады.


Іздестіру өндірісі

Далалық зерттеу нәтижелері бойынша келесі іздестірулер жүргізіледі:

топографиялық;

топырақтық–мелиорациялық;

аграрлық орман мелиорациялық;

геологиялық және гидрогеологиялық.

Топографиялық іздестірулер 1:1000-1:5000 масштабында орындалады. Қажет болғанда 1:500 масштабта орындалады.

Топырақтық-мелиорациялық іздестіру материалдар қамтамасыз етуі тиіс:


- бүлінуге жататын жерде топырақтың құнарлы қабатының және әлеуетті құнарлы жыныстардың күй-жайының толық сипаттамасын алу, сондай-ақ қуаттылығын белгілеу және құнарлы қабатын алу тәртібі, оны сақтау жағдайын және кейін пайдаланылуын анықтауды;
- бүлінген жерде техникалық немесе биологиялық қалпына келтіру жобаларын құру үшін қоспалар мен топырақтардың қасиеттері мен белгілерін анықтау;
- топырақтың құнарлы қабатын көбірек салу жолымен осы алқаптың өнімділігін арттыру жөніндегі қажетті жобалық шешімді әзірлеу үшін аз өнім беретін алқаптардағы топырақтың қасиеттері мен белгілері туралы деректер алу.
Мұнаймен ластануға ұшыраған жерлерді зерттеу кезінде мұнай өнімдері көп жерлердің жиегі белгіленеді, ластану тереңдігі анықталады, топырақ құрамындағы мұнай өнімдері деңгейін анықтау үшін сынамалар таңдалады. Топырақ мұнай өнімдерімен ластанған кезде ластағыштардың таралу шекарасының түбіне дейін сынамалар алынады.
Ластағыш заттарды анықтау әдістерінің жалпы талаптары "МЕМСТ 17.4.0.03-85 Табиғатты қорғау. Топырақтар. Ластағыш заттарды анықтау әдістеріне жалпы талаптар" Мемлекеттік стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
Топырақтық–мелиорациялық іздестіру қорытындылары бойынша "МЕМСТ 17.5.1.03-86 Табиғатты қорғау. Жер. Жерді биологиялық қалпына келтіру үшін аршалымды және сиымды жыныстардың классификациясы" және "МЕМСТ 17.5.3.06-85 Табиғатты қорғау. Жер. Жер жұмыстары өндірісінде топырақтың құнарлы қабатын сыдыртып алу нормаларын белгілеуге талаптар" Мемлекеттік стандарттарына сәйкес топырақтық–мелиорациялық іздестіру нәтижелері бойынша бүлінген жерлердің топырақтық-мелиоративтік карталары әзірленеді, ал қажет болған жағдайда жердің бүліну дәрежесі бойынша жыныстардың улылығы, тұздануы, сортаңдануы, ауыр металдардың, мұнайлы көмірсутектердің құрамы, аршылатын жыныстарды пайдалану, топырақтың құнарлы қабатын алу, топырақ–мелиоративтік картограммалар дайындалады.
Топырақтық-мелиорациялық іздестіру материалдарының түсіндірме жазбасында зерттеу объектісінің топырақтың төменгі қабатының сапасы туралы қорытынды, минералды тыңайтқыштарды енгізу және мелиоративті кезеңде егу үшін жарамды шөптер мен шөп қоспаларының, ағашты–бұталыларының түрлерінің жыныстардың тізімдері беріледі.
Жерді игеру үшін қарастырылған өнімділігі аз алқаптарда топырақтың құнарлы қабатын салу жолымен осы алқаптардың өнімділігін арттыруға арналған жобалық шешімдерді қабылдау кезінде қажетті топырақтың белгілері мен қасиеттері туралы деректерді алу мақсатында топырақ іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл ретте өнімділігі аз алқапқа топырақтың құнарлы қабатын салуға байланысты шығындар жаңа жерді игеру құнының нормасынан аспауы керек.
Аграрлық орманды мелиоративтік іздестірулер қалпына келтірілетін алаңдарда түрлі мақсатта ағаш отырғызу мүмкіндігін анықтау үшін жүргізіледі.
Геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер топырақтық–мелиоративті іздестірулермен бір кешенде жамылғы жыныстарының сипаттамасын, топырақ суының режимін алу мақсатында жүргізіледі.
Іздестіру барысында сынамаларды таңдау бедерді және топырақ жамылғысының бүліну дәрежесі ескере отырып, әр жағдайда горизонттық белдеулер немесе берілген топырақ түрінің қабаттары үшін типтік топырақ бөлігі берілетіндей болып жүзеге асырылуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет