2 дәріс тақырыбы: Педагогикалық кәсіп пен іс әрекеттің жалпы сипаттамасы. Мақсаты


- ынталандыру (балалардың іс-әрекетін ынталандыру); -



бет3/4
Дата06.02.2022
өлшемі57,03 Kb.
#79601
1   2   3   4
Байланысты:
2 лекция
Баяндама№3, Баяндама№1, Баяндама№2, 152288, 141817
- ынталандыру (балалардың іс-әрекетін ынталандыру);
- құжаттармен жұмыс.
Мұғалім мамандығы - біздің еліміздегі ең көп тараған мамандықтың бірі. Соңғы жылдарыдың өзінде ғана біздің институтымыздан білім алып, өмірге мұғалімдік мамандық алып шыққан мұғалімдердің саны бірнеше мыңдап саналады. Мамандықтың бұқаралылығы оның маңыздылығын көрсетеді, дегенмен әрбәр мұғалімнен педагогикалық кәсіптің қоғамдық мәртебесін көтеру жөнінде айырықша қамқорлықты қажет етеді.
Мұғалім - бұл болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі адамды қалыптастыруға, солардың алдағы жағдайдың өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға бағытталған. Л.Н.Толстой былай деп жазды: болашаққа жарамды адамды тәрбиелеу үшін, оларды тамаша жетілген азамат етіп тәрбиелеу қажет - тек сонда ғана тәрбиеленуші өз ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады. 
Мұғалім ең күрделі процесс - жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінің жеке өзінің үнемі өзгеріп тұратындығына байланысты. Бұл яғни оқушыға тек бір өлшеммен ғана қарауға болмайтындығын көрсетеді, жас ерекшеліктері қағидаларын үнемі есте ұстауды қажет етеді. Мұғалім қызметінің ерекшелігі сол, көптеген мамандықтар секілді педагогтің қолында өлшеуіш немесе басқалай проиборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы - оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс.
Қорыта келе: қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Әрбір мұғалім біздің еліміздің экономикасын жандандыру бағдарламасына өз үлесін қосуы тиіс. Оның міндеті шәкірттеріне әлем туралы ғылыми түсінікті айтуы, оқушыларды өз бетіне және творчестволвқпен ойлауға баулу, ғылыми таным тәсілін меңгерту, программалауды және компьютерлік техникамен жұмыс істеуге үйрету. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен еңбекшілердің творчестволвқ ынтасы ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, экономикамызды көтеруге, халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсатуға ықпал етеді. Оның қай-қайсысының да негізін мұғалім класта, оқу шеберханасында, оқушылардың өндірістік бригадаларында қалайды. Қазіргі таңдағы 12 жылдық білім беру бағдарламасының нәтижелі болуы да, қарапайым ауыл мұғалімнің қолында.
Мұғалім біздің үмітімізді және біздің қоғамымыздың болашағын - үйлесімді жеке басты тәрбиелейді. Мұғалім балаларға әлем мәдениетін таныстыра отырып, шын мәнінде, бақыт негізін қалайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет