2 Кешенді емтихан сұрақтары «Химияны оқыту әдістемесі» (6В01507- «Химия») «Химияны ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі»



бет19/31
Дата11.06.2023
өлшемі202,02 Kb.
#178606
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
6В01507-6В01515-«Химия пед 2 компл.экзамен» қазақша
сборы
Пәнаралық байланыс мазмұны 
Қалыптастырылатын біліктілік 
Оқытудың әдістері мен құралдары 
1. Химияны арнайы пәндерде оқытылатын 
заңдар мен құбылыстардың теориялық негіздерімен байланыстыру. 
Теориялық мазмұн байланысын дәлелдейтін іс әрекет (ауызша және жазбаша шешім қабылдау, жоспарын құру т.б) Проблемалық эвристикалық, репродуктивтік, алгоритм- 
дік,шығармашылық, көрнекі лік зерттеу т.б. Құралдары: слайдтар, мультимедиялық,техникалық құралдар т.б. 
2. Химия сабақтарында заңдар мен құбылыстарды бейнелей тін және арнайы пәндер 
бойынша ұйымдастырыла тын зертханалық жұмыс- тар мазмұнын байланыс- тыру 
Бақылау өлшеу аспаптарын пайдалана білу; ерітінділерді дайындау; титрлеу операцияларын орындау және т.б. Тәжірибе, бақылау, талдау, салыстыру, қорытындылау. Құралдары: зертханалық аспаптар мен құралдар, қондырғылар т.б. 
3. Оқылатын материалдар бойынша деректер, құбылыстар, ұғымдарды меңгеруге 
бағытталған студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдас- тыруды байланыстыру 
Есептерді математикалық өңдеу, графикалық немесе технологиялық шешу; мағыналық шешу, шешім алгоритмін ойша есеп құрастыру Химиялық реакциялар жүргізу, нәтижесін шығару, есептер жүргізу, тестік тапсырмалар орындау 
Құралдары: химиялық реактивтер, тестік тапсырмалар 
4. Химия мен арнайы пәндердің деңгейлік тапсырмалары мен сұрақтарын 
байланыстыру Оқушылардың интеллектуальдық біліктілігін көрсететін жауаптарының 
дәлелділігі, аналитикалық химия мен арнайы пәндердің ұқсас құбылыстары мен 
заңдылылықтарын салыстыру Сөздік әдіс, дәлелдеу,салыстыру, қорытынды шығару 
Құралдары: деңгейлік тапсырмалар, жұмыс дәптері 
5. Үй тапсырмалары арқылы химия мен арнайы пәндердің байланысын қамтамасыз 
ету Реферат дайындау, баяндама жасау, терминологиялық сөздіктер, слайдтар 
құрастыру Практикалық іс әрекеттер орындауға бағытталған әдістер 

Құралдары: слайтар, сөздіктер т.б. 6. Химия мен арнайы пәндерді байланыстыруға 


арналған сыныптан тыс жұмыстар Топсаяхат кезінде өндіріс зертханасындағы анықтау- ларды оқу зертханалық жұмысымен салыстыру, бақылап көргендері бойынша Тесттердің түрлері, ғылыми тақырыпты қорғау, олимпиадалық есептерді шығару талдау 
Химияны жаратылыстану пәндерімен байланыстыру нәтижесіндетеориялық білімнің ғылымилығы және оның практикалық мәні ашылады. Химия мен жаратылыстану пәндерінің мазмұнын сабақтастыра отырып, оқушылардың бүгін алған білімі мен келешекте меңгеретін білімінің байланысын күшейту және оларды дамыту мақсатын жүзеге асырады[
Жалпы алғанда, осы мәселені талдау барысы көрсеткендей, пәнаралық 
байланыстарды жүйелі және жоспарлы жүзеге асыру оқытылатын пән 
мазмұнын іріктеу, білім беруді ұйымдастыру және тиімді әдістерді қолдануды 
керек етеді. Сондықтан сабақ барысында пәнаралық байланысты тиімді 
пайдану үшін арнайы әдістерді алдын – ала таңдап алған жөн. Әдістерің кейбір 
түрлері төменгі сызба нұсқада көрсетілген. 
ХИМИЯДАН ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ – ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСІ МЕН БАҚЫЛАУ ҚҰРАЛЫ
Аңдатпа. Бұл мақалада химиядан есептер шығару оқу үдерісінде жаңа материалды меңгеру мен бекітуде қолданылатындығы қарастырылған. Жұмыста оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі мен эксперименттік есептер шығаруда зерттеу әдісін қолдану оқушылардың құзыреттілігін арттыру құралы екені көрсетілген. Есеп шығару дағдысы қалыптасу үшін есептер түрлі деңгейге бөлініп берілген.
Мектепте оқушының тәрбиесі мен даму және оқу жұмысындағы мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы, ізгіліктендіру ұстанымдары негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі, қызметі түбегейлі өзгеріп, ол тәрбиелеуші, диагностикалық, дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызмет атқару керек [2, 38 б.]. Соңғы уақыттарда оқу нәтижесін бақылау мен бағалау мәселесін әр түрлі аспектілер бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері шығармашылықпен жұмыс істейтін жекелеген мұғалімдер тәжірибесіндегі жаңалықтар жеткілікті нәтижеде сараланып, жинақталып, бақылап - бағалаудың қызметтерін жүзеге асыратын рейтингілік жаңа жүйе жолдары жасалуы әзірленуде . Жалпы орта мектептегі білім беру жүйесін жақсарту оқыту деңгейі мен оқушылардың қарастырылып отырған пән бойынша қызығушылығын аттыруға әкеледі. Бұл үдеріс оқыту формасын белсенді пайдалану, соның ішінде пән бойынша есептер шығару, шығармашылық жұмыстануды қажет етеді.
Химия пәнінен есептер шығару оқушылардың химиялық үдеріс кезінде химияның негізгі түсініктері мен БҚМУ Хабаршы №4-2016ж. 22 заңдылықтарының арасындағы логикалық байланысты қалыптастыру үшін маңыздылығы зор, яғни оқушыға: 1)оқушыға қарастырылып отырған тақырыпқа сай химиялық мәні көрініс табатындай, теориялық материалды түсінуге бағытталып; 2)химиялық білімді бекіту үшін есептер шығару дағдысы және ой-өрісін дамыту тәсілдері қалыптасып; 3)алынған білімді есеп шығару барысында қолдана білуге, химиялық құзыреттілікті жоғарылатуға бағытталуы қажет. Мектеп химия курсында өтілетін әрбір теориялық материалдар мен түсініктердің дұрыстығына көз жеткізіліп, өзіндік жұмыстану нәтижесінде, яғни есеп шығару арқылы жаңа білім бекітіліп отырылуы қажет.
Мысалы, мектеп бағдарламасының 9-сыныбында «Электролиттік диссоциация» деген жаңа тарау өтіледі. Осыған орай, оқушыларға «диссоциациялану дәрежесі» деген ұғымды түсіндіру барысында қарастырылатын түсініктердің және оның жағдайларға байланысты екенін ескеру сол тақырыпқа қатысты барлық анықтамалар мен түсініктерді қамтитын есептер құрастырылып шығарту арқылы жүзеге асырылады.
Мысал ретінде мына есептерді келтіруге болады. Есеп. Калий хлориді сулы ерітіндісінің молярлық концентрациясы 0,02 моль/л тең. Ерітіндідегі K+ мен Cl- иондар концентрациясы 0,018 моль/л. Калий хлоридінің ерітіндідегі диссоциациялану дәрежесін есептеңіз. Шешуі: 1. Алдымен диссоциация теңдеуі жазылады: KCl ↔ K+ + Cl2. Анықтама талқыланып, оның теңдігі бойынша есеп шығарылады: α = = = 0,9 = 90% Жауабы: α = 0,9 = 90%. Материалды тереңдету мақсатында есеп түрлендіріледі, яғни диссоциаицяланған иондар санын ескеру қажеттілігін көрсету үшін төмендегі есепті құрастырып талдайды. Бұл есеп арқылы оқушыға ерітіндідегі иондардың концентрациясы ион санына тәуелді екендігі түсіндіріледі. Есеп. Натрий сульфатының ерітіндідегі молярлық концентрациясы 0,01 моль/л тең. Ерітіндідегі Na+ ионының концентрациясы 1,8*10-2 моль/л, SO4 2- ионының концентрациясы 0,9*10-2 моль/л. Натрий сульфатының осы жағдайдағы диссоциациялану дәрежесін есептеңіз. Шешуі: 1. Натрий сульфатының диссоциациялану теңдеуі жазылады: Na2SO4 ↔ 2Na+ + SO4 2- 2. Ерітіндідегі иондардың концентрациясы талқыланып, нәтижесінде диссоциациялану дәрежесі анықталады: [Na+ ]=2αСж= 1,8*10-2 моль/л [SO4 2- ]= αСж= 0,9*10-2 моль/л α=1,8*10-2 / 2*10-2 = 0,9*100=90% α=0,9*10-2 / 0,01= 0,9*100=90% Жауабы: α = 90%. Есеп. 2 моль/л калий фосфаты ерітіндісіндегі бөлшектердің моль саны нешеге тең болады, егер тұздың диссоциациялану дәрежесі 85% тең болса. Шешуі: 1. Калий фосфатының диссоциациялану теңдеуі жазылады: K3PO4 ↔ 3K+ + PO4 3- 2. Осынған байланысты есептеулер жүргізіледі: С(К+ )= 2*0,84*3 = 5,1 С(SO4 2- )= 2*0,85 1,7 C(K3PO4)= 2*0,85 = 1,7 C(K3PO4)= 2 – 1,7 = 0,3 Жауабы: С(К+ )= 2*0,84*3 = 5,1; С(SO4 2- )= 2*0,85 1,7. БҚМУ Хабаршы №4-2016ж. 23 Есеп. Массасы 120 г мыс (ІІ) оксидінен гидрометаллургиялық әдіспен өңдеп 89,6 г мыс алынған. Жүйеде жүретін барлық химиялық реакцияларды жазып, өнім шығымын есептеңіз. Шешуі: 1. Бұл есепті шығару үшін алдымен мысты гидрометаллургиялық әдісінің негізінде жатқан химиялық реакциялар жазылу керек. CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O CuSO4 + Fe = Cu + FeSO4 Қорытынды сызбанұсқасы: CuO → CuSO4 → Cu Сонымен: СuO −−− Cu 1 моль −−− 1 моль 1,5 моль −−− х моль х = 1,5 моль. m(Cu) = 1,5 моль * 64 г/моль = 96 г. 2. Өнім шығымы: ω = 89,6 г / 96 г * 100% = 93,3%. Жауабы: 93,3%. Осындай мазмұнды есептер шығару оқушыларға электролиттік диссоциация теориясы және оны сандық жағынан сипаттап көрсететін «диссоциация дәрежесі» ұғымды, оның түрлі жағдайларға байланысты екендігі түсіндіріледі және оқушылар өздері түрлі есептер шығару арқылы көз жеткізеді. Көптеген химиялық реакциялар газдық фазада жүреді және бұл тақырып жалпы орта білім беретін мектеп химия пәні курсында газ заңдарының анықтамалары мен оларды сипаттайтын теңдіктер кіріктірілген. Газдарға байланысты теориялық заңдылықтарды іс жүзінде пайдалану оқушыларға қиындық туғызады. Соған байланысты бұл тақырыпты толық меңгеру үшін тірек-сигнал карталарын пайдалануды ұсынамыз [6, 15 б.]. Ол әрбір оқушының жұмыс дәптерінде көрініс табуы тиімді. Себебі оқу үдерісінде белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін көмегін тигізеді. Оқушыларға химия сабақтарында тірек-сигнал карталарын пайдалану есеп шығару кезінде керекті формуланы дұрыс таңдап, сол жағдайға байланысты есепті шешуге мүмкіндік береді. Ұсынылатын тірек-сигнал карталары төмендегі кестеде көрсетілген. Кесте 1. – Газ заңдарына байланысты тірек-сигнал карталары Газ заңдары Сипаттайтын теңдіктер Авогадро заңы, Vm-молярлық көлем Vm=V(A)/ʋ(A) V(A)-газдың көлемі (қ.ж.) ʋ(A)-моль саны Газдың салыстырмалы тығыздығы, D D(A) = M(A) / M(B) Салыстырмалы молекулалық масса Морт Морт(қоспа)=ω(А)М(А) + ω(В)М(В) Газдың тығыздығы, ρ ρ(А) = М(А) / Vm Бойль-Мариотт заңы P1V1 = P2V2 = const Гей-Люссак заңы = const Біріктірілген газ заңы = const Клапейрон-Менделеев заңы PV = ʋRT немесе PV = m/MRT ʋ - моль саны БҚМУ Хабаршы №4-2016ж. 24 Бағдарлама бойынша оқытылатын, ҰБТ тапсырмаларында кездесіп жүрген, бірақ оқулықта берілмейтін газ заңдарына байланысты оқушыларды есеп шығаруға үйретіп, осы заңдылыққа байланысты дағды қалыптастыруы қажет. Мысал ретінде төмендегі есептерді қарастыруға болады. Бірінші есептің шарты бойынша оқушыға Клапейрон-Менделеев теңдігін пайдаланып шығаруға тура келеді. Есеп. Температура 870С-та және 83,2 кПа қысымда 1200 мл көлем алатын буының массасы 2,6 г тең заттың молярлық массасын есептеңіз. Шешуі: 1. Есепке қатысты теңдікті дұрыс таңдап алу керек: PV = m/MRT 2. Осы теңдіктен М анықтап, есеп жалғастырылады: M = mRT / РV = 2,6 * 8,314 * 360 / 83,2 * 1,2 = 78 г/моль Жауабы: M = 78 г/моль. Қарасырылып отырған келесі есепте оқушы Бойль-Мариотт теңдігін пайдаланады. Есеп. Көлемі 6 л ыдыста125 кПа қысымда 3,5 л оттек, және 105 кПа қысымда 5,5 л азот араластырылған. Газдың парициалдық қысымы мен алынған қоспаның жалпы қысымын анықтаңыз. Шешуі: 1. Бойль-Мариотт теңдігі бойынша араластырылған кейінгі газдың жаңа қысымы анықталады (парциалдық қысымы): p2 (O2) = = = 72,92 кПа р2 (N2) = = = 96,25 кПа 2. Қоспаның жалпы қысымы: Р (қоспа) = Р1 + Р2 = 72,92 кПа + 96,25 кПа = 169,17 кПа. Жауабы: Р (қоспа) = 169,17 кПа. Химиядан есептер шығару бақылау және өзіндік бақылау құралы ретінде үй тапсырмасын орындау барысында жүзеге асырылады. Осы бағытта жұмыстану оқушының материалды меңгеру деңгейін анықтаумен қатар, білімді бекітуге мүмкіндік береді. Ол үшін өзіндік бақылауға берілетін есептер түрлі деңгейге бөлініп ұсынылады: «А» деңгейі: 1.Мына іске асыру теңдеулерін жүзеге асырыңыз: С → СО2 → К2СО3 → СаСО3 → СО2 2.Na2CO3*xH2O кристаллогидратындағы судың массалық үлесі 62,94%. Х-ті анықтаңыз. «В» деңгейі 3.Изумруд минералындағы элементтердің массалық үлестері: 5,06% Ве, 10,05% Al, 31,49% Si, 53,40% O. Минералдың формуласын табыңыз. 4.Массасы 100 г СаСО3 көлемі 500 мл тығыздығы 1,08г/мл 15% тұз қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін газдың (қ.ж) есептеңіз. «С» деңгейі 5.Көлемі 11,2 л (қ.ж.) СО2 алу үшін құрамында 10% қоспасы бар ізбес тасы мен 20%-дық тығыздығы 1,1 г/мл тұз қышқылының қандай көлемі қажет? m - масса M - молекулярлық масса R - 8,314 Дж/(моль*К) БҚМУ Хабаршы №4-2016ж. 25 6.Мына реакцияның орташа жылдамдығын есептеңіз: 2СО+О2 = 2 CO2, егер СО-ның бастапқы концентрациясы 0,15моль/л тең болса, ал 10секундтан кейін 0,10 моль/л тең болса. Өзіндік бақылауды жүзеге асыру үшін құрастырылған тапсырмалар оқушының логикалық және шығармашылық ой-өрісін қалыптастыруда, білімді жетілдіруде түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы беруге болады [7, 32 б.; 8, 25 б.; 9, 32 б.; 10, 48 б.]. Мектеп химия курсында «Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі немесе ерітіндінің массалық үлесін біле тұрып, қажетті компонентті есептеу» тақырыбына есептер шығарылады. Есептің бұл түрін түрлі әдіс-тәсілдермен шығаруға болатындығы көрсетіледі. Мысалы: 1. Судың 220 мл көлемінде (тығыздығы 1 г/мл) 30 г қант еріген. Ерітіндідегі қанттың массалық үлесін есептеңіз. Шешуі: 1. Алгоритм құрастырып шығару (анықтамаға негізделіп) 1. Алдымен еріткіштің массасын тауып аламыз: m(Н2О) = v(Н2О)*ρ(Н2О) = 220 мл 1г/мл = 220 г 2. Ерітіндінің жалпы массасын табамыз: m(ер) = m(Н2О) + m(қант) = 220 г + 30 г = 250 г 3. Қанттың ерітіндідегі массалық үлесін формула бойынша есептейміз: ω(қант) = = = 0,12 немесе 12% 2.Дайын формула пайдаланып шығару Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табу формуласын пайдаланып: ωер.зат = 3. Пропорция құру арқылы 250 г ----- 30% 100 г ----- х% х=12% Жауабы: 12%. Ерітінділерді араластыру Бұл есептің түрін бірнеше әдіспен шығаруға болады. Соның ішінде «крест» әдісін қарастырылады. Себебі «крест» әдісінің көмегімен ерітінділерді араластыруға, қойылтуға, сұйылтуға арналған есептерді тез және практикалық жеткілікті дәлдікпен шығаруға болады. Сонда, крест ережесін былай жазады: ω1 ω3 – ω2 – ω1-ерітіндінің үлесі ω3 ω2 ω3 – ω1 – ω2-ерітіндінің үлесі. ω1=бірінші ерітіндінің массалық үлесі; ω2=екінші ерітіндінің массалық үлесі; ω3=үшінші ерітіндінің массалық үлесі, яғни дайындалатын ерітіндінің массалық үлесі; Мысалы: Массалық үлесі 20% ерітінді алу үшін 10% және 40% ерітінділерді қандай қатынаста араластыру керек? Шешуі: 1. Крест әдісін қолданып шығарылса, онда алдында көрсетілгендей: 40 (берілген) ---- 10 немесе 1 20 (алу қажет) 10 (берілген) ---- 20 немесе 2 Яғни 20% ерітінді алу үшін екі ерітіндіні 1(40):2(10) қатынаста араластыру керек. БҚМУ Хабаршы №4-2016ж. 26 2. Есепті логикалық әдіспен де шығаруға болады. 1) бірінші ерітіндіде: 2) екінші ерітіндіде: 100 г ерітіндіде 10 г еріген зат бар 100 г ерітіндіде 40г ерігін зат х г ерітіндіде А г болу керек. у г ерітіндіде В болу керек. 3) Сонда: 100 г ерітіндіде 20 г болу керек (х+у) г ерітіндіде (А+В) х:у=2:1 2. Ерітіндерлерді араластыруға байланысты есептерді математикалық әдіспен мына формула пайдалана отырып шығаруға болады: ω (ер.зат)= , (1) ω(ер.зат)- ерітінділерді араластырып, алынған соңғы ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі, m1(ер.зат) мен m2(ер.зат) – бастапқы ерітінділердегі еріген заттардың массалары, m1(ер-ді) мен m2(ер-ді) - бастапқы ерітінділердің массалары.Мұндағы m(ер.зат)= ω(ер.зат)·m(ер-ді) мәнін қойып, пайдалануға қолайлы мына формуланы аламыз: ω (ер.зат)= . (2) Мысалы: 1. Натрий хлоридінің массалық үлесі 0,05, массасы 100г ерітіндісімен, құрамындағы натрий хлоридінің массалық үлесі 0,15, массасы 300г ерітіндісі араластырылған. Алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептейміз: Шешуі: 1-әдіс. Жоғарыда келтірілген формуласы бойынша алынған ерітіндідегі натрий хлоридінің үлесін есептейміз: ω(NaCl)= = = =0,125 Жауабы: w3(NaCl) = 0,125 немесе 12,5 2-әдіс. 1.Бастапқы ерітінділердегі натрий хлоридінің массаларын табамыз: m1(NaCl) = 0,05 100 = 5 г m2(NaCl) = 0,15*300 = 45 г 2.Қоспадағы (алынған ерітіндідегі) хлоридтің массасын есептейміз: m3(NaCl) = m1(NaCl) + m2(NaCl) = 5 г + 45 г = 50 г 3.Араластырғаннан кейінгі ерітіндінің массасын табамыз: m3(ер-ді) = m1(ер-ді) + m2(ер-ді) = 100г + 300 г = 400 г 4.Алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептейміз. ω3(NaCl) = =0,125; Жауабы: 0,125. Қарастырылған бағдарламамен оқыту оқушыларға теория мен практиканың арасындағы байланысқа көз жеткізіп, дағдыны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, есеп шығару барысында оқытылатын тақырыптарда жүретін химиялық реакцияларды еске түсіріп, теңестіріп, есептеулер жүргізу дағдысын қалыптастырады. Осы бағыттағы есептер оқушыға жалпы есеп шығарудың химияда алатын орынын айқындайды, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануын, жеке ой-өрісінің жетілуін, өз бетімен жұмыстану қабілетінің дамуын, сондай-ақ, химиядан білім сапасының жоғарылауын атап көрсетуге болады. Осыған орай, химиялық есептер шешу арқылы оқушылардың оқыту үдерісінде дамытушылық функциясы жетілдендіріледі. Оның нәтижесі болып: - білім алушының шығармашылық және логикалық ойлау қабілеті қалыптасады; - проблемалық жағдайда жан-жақты бағытталуына үйретеді; - ұғымдарды тереңдетеді; - оқу материалын оңай меңгеріп, бекітуде септігін тигізеді; - тәжірибелік сабақтарды орындауда теориялық білімдерін қолдануға мүмкіндік береді.
37. Химиялық есептер –химияны оқытудың бір құралы. Химиялық есептер түрлері. Сан есептерінің оқу-тэрбиелік маңызы және жіктелуі. Оқу жылына орай оқушылардың есептеу біліктерін үйренуіне қойылатын талаптар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет