2 Кешенді емтихан сұрақтары «Химияны оқыту әдістемесі» (6В01507- «Химия») «Химияны ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі»



бет1/31
Дата11.06.2023
өлшемі202,02 Kb.
#178606
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
6В01507-6В01515-«Химия пед 2 компл.экзамен» қазақша
сборы

2 Кешенді емтихан сұрақтары

«Химияны оқыту әдістемесі» (6В01507- «Химия»)
«Химияны ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі» (6В01515-«Химия ағылшын тілінде» ( Химияны оқыту әдістемесі, Есептерді шығару әдістемесі, Жаңартылған білімінің теориясы мен технологиясы).
Емтихан формасы-ауызша



  1. Педагог мамандықтары үшін химияны оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні. Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері. Химияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы. Химияны оқыту әдістемесінің пайда болуы және дамуы туралы қысқаша тарихи деректер. Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі ғылымының дамуы.

  2. Білім мазмұнын жаңарту аясында заманауи сабақты жоспарлау және онда басшылыққа алатын қағидаттар. Қысқа мерзімді сабақ жоспары және оның құрылымы.

3. Бастапқы заттардың бірі артық мөлшерде алынған жағдайда олардың белгілі массалары (өнімдері) бойынша реакция өнімдерінің массаларын (көлемдерін) есептеуге арналған типтік есептер. Мысал келтіріп, шығару әдістемесін түсіндір.
4. Орта мектептегі химия курсының мазмұны және құрылымы.Химия курсының мазмүнын таңдауга және оқытуга қойылатын дидактикалық талаптар. Химиядан мектеп курсы мазмұнының қалыптасу кезеңдері/тарихи деректер/.Химияны оқыту мазмұнының құрылымындағы дидактикалық бірліктер.
5. Химиялық сабақтарында ойын технологиясын қолдану. Ойын түрлері және ойын іс-әрекетін ұйымдастыру.
6. Бейорганикалық заттардың ең қарапайым молекулалық формулаларын табуға арналған есептерді шешу әдістемесі. Валенттілік бойынша, зат құрамына кіретін элемент атомдары массаларының катынасы немесе массалық үлестері белгілі болған жағдайда заттың формуласын құру,
7. Мектеп химия курсындағы маңызды химиялық ұғымдар жүйесі. Ұғымдардың жіктелуі, мектеп химия курсында ұғымдар жүйесінің құрылуы. Ұғымдарды дамыту мен қолданудың әдістемесі.
8. Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану. Сыни тұрғыда ойлаудың әдіс-тәсілдері. Мұғалім мен оқушы арасында диалогтік өзара әрекеттестік арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
9. Органикалық заттардың қарапайым және молекулалық формулаларын табуға арналған есептерді шешу әдістемесі. Органикалық заттың жану өнімдері мен салыстырмалы тығыздығы бойынша молекулалық формуласын табу. Органикалық қосылыстардың жалпы формуласы бойынша оның нақты формуласын құру.
10. Химия тілі –химияны оқытуда таным құралы және әдіс. Мектеп химия тілінің құрамдас үш бөлігі және оның оқыту үрдісіндегі функциясы. Химиялық тілді қалыптастырудың теориялық негізі.
11. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану. АКТ оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдер.
12. Химиялық есептердің жүйесі, оның химия курсындағы орны. Есеп шығартуға үйретудің әдістемелік принциптері. Химиялық есептің екі бөлімі. Заттың сандық құрамы және сапалық құрамы. Химиялық есепті шығаруда физикалық және математикалық білімдерді пайдалану.
13. Химияны оқыту әдістері мен тәсілдері. Химияны оқыту әдістеріне жалпы сипаттама. Оқыту әдістерінің жіктелуі: жалпы әдістер, әдістер тобы және жеке әдістер.Химияны оқытдағы сөздік әдістерінің ерекшеліктері. Әңгіме және оның құрылымы. Әңгімелесу, оны ұйымдастыру жолдары. Мектеп дәрісі химияны оқытудың бір формасы.
14. Блум таксономиясы. Оқыту мақсаттарының деңгейін Б.Блум таксономиясы бойынша сипаттау және оны оқу процесінде қолдану. Блум таксономиясында қолданылатын етістіктер.
15. Қосылыстарды тануға арналған эксперименттік есептерді шығару әдістемесі. Бейорганикалық қосылыстарды тануға арналған тәжірибелік есептерді шығару әдістемесі.
16.Химияны оқытудағы сөз-көрнекілік әдістер тобы. Химияны оқытудағы көрнекілік. Көрнекілік түрлері және оларды жіктеу. Химияны оқыту жүйесіндегі демонстрациялық эксперимент. Демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар. Демонстрциялық эксперимент орындалатын жағдайлар.
17. Химияны оқытудағы тілдік мақсаттар. Тілдік мақсаттардың құрамдас бөліктері. Тілдік мақсаттарды құру үшін қолданылатын етістіктер.
18. «Тотығу- тотықсыздану реакциялары» тақырыбына есептер мазмұны мен шешу әдістемесін негіздеу. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеуін құру әдістемесі. Тотықтырғыш-тотықсандырғыш, тотығу-тотықсыздану процесі.
19. Химияны оқытудағы сөз-көрнекілік-сарамандық әдістер. Оқушы эксперименті, оның түрлері. Зертханалық жұмыстардың мақсаты, ұйымдастыру ерекшеліктері оған қойылатын талаптар. Зертханалық тәжірибелерді жүргізу әдістемесі.
20. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастырылатын қажет құндылықтар мен дағдылар. «ХХІ ғасыр дағдысы». Пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтау.
21. Химиялық реакция теңдеулері бойынша жүргізілетін есептеулердің жалпы әдістемесі. Химиялық теңдеу реагент, өнім. Химиядан теңдеулер бойынша жүргізілетін есептулердің іс әрекет кезегі (алгоритмі). Алынған заттардың біреуінің белгілі массасы бойынша, түзілген зат массасын (көлемін есептеу).
22. Химиялық эксперимент –химияны оқытудың арнайы әдісі. Мектеп бағдарламасындағы химия экспериментінің типтері. Сарамандық сабақтың мақсаты, оқу тәрбиелік маңызы. Практикалық сабақ түрлері және оларды ұйымдастырып, өткізу әдістемесі.
Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу-таңымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр.
Ұстаз міндеті — оқушыға кез-келген білім саласын меңгертудің жеңіл де тиімді жолдарын тауып, шығармашылық жұмыс істей білуге үйрету. Кезінде педагог-ғалым А.Сухомлинский «Сабақ-мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы» деген болатын. Уақыт өткен сайын сабақ өткізуді жетілдірудің жолдары мен әдістері үнемі өзгеріп, жаңаруда. Оқытудың көптеген түрлерінің ішінде балаға білім беруде практикалық оқытудың алатын орыны зор, оның ішінде химияны оқытуда эксперименттік есептер шығарту ерекше орын алады, себебі ол — химия сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізгі жолдарының бірі.
Эксперименттік есептерді шешуде әр түрлі жаңа технологияларды қолдануға болады, соның ішінде АКТ, CТО, денгейлеп оқыту, интерактивті тақтаны тиімді пайдалану өз нәтижесін беруде. Әсіресе, интерактивті тақтада алдын-ала дайындалған эксперименттер, бейнетәжірибелерді көру арқылы оқушы тапсырманы терең меңгеріп, дұрыс тұжырым жасап, қорытынды шығара алады.
Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге жіктеледі. Сапа есептерін эксперимент есептері деп те атайды, өйткені оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Эксперимент есептерін шығарту жолдарының негізгі кезеңдері:
І кезеңде берілген есеп теория жүзінде талқыланады.
Мұғалім әңгімелесе отырып жоспар құрады, қажетті тәжірибелерді анықтайды да бір оқушы немесе мұғалімнің өзі көрнекі көрсетеді.
ІІ кезеңде есепті шығару жоспары көпшілік оқушылармен бірлесіп талқылау арқылы жүзеге асырылады да, тәжірибелер демонстрация түрінде көрсетіледі.
ІІІ кезеңде арнайы практикалық сабақтарда оқушылар эксперименттік есептерін өздігінен орындайды.
Эксперимент есептер оқушылардың танымдық іс әрекетінің сипатына қарай бірнеше типтерге бөлінеді. Солардың іс жүзінде жиі қолданылатындары:заттарды бір-бірінен ажырату; химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру; заттарды алу; заттардың сапалық құрамын анықтау; қоспаның құрамын анықтау және бөлу; берілген заттарға тән реакцияларды жасау; әр түрлі концентрациялы ерітінділерді даярлау; химиялық сапасын құрастыру және оны қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет