2 Кешенді емтихан сұрақтары «Химияны оқыту әдістемесі» (6В01507- «Химия») «Химияны ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі»



бет31/31
Дата11.06.2023
өлшемі202,02 Kb.
#178606
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
6В01507-6В01515-«Химия пед 2 компл.экзамен» қазақша
сборы
Н2О +МеМе(ОН)п +Н2
Сызбанұсқаға сәйкес негіздің құрамы, индикаторға әсері, матаны бүлдіруі, физикалық қасиеттері түсіндіріледі, анықтама беріледі, гидроксотоп және оның валенттілігі туралы бастапқы ұғым қалыптастырылады.
Оқушылар тұздармен алғашқы рет металдарды қышқылмен әрекеттестіріп сутек алғанда танысады. Мұнда да ұғым анықтаудың негізгі белгісі-құрамы. Тұздар металл атомдары мен қышқыл қалдықтарынан тұрады. Оқушылар еритін және ерімейтін, орта және қышқыл тұздармен танысады. Қышқылдардың металл оксидтерімен, бейметалдар оксидтерінің сілтілерімен әрекеттесуін және бейтараптану реакциясын өткенде тұздар алудың жолдары туралы оқушылардың білімі нығайады.
Сонымен химиялық алғашқы ұғымдардан кейінгі үш тақырыпта оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы бастапқы түсініктердің қалыптасу кезеңі аяқталады.
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды сыныптары жөніндегі білімді қорытындылау
Бұл тақырыптың міндеттері: 1) оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың және тұздардың құрамы жөніндегі білімді бір жүйеге түсіру; 2) құрамы мен аталуының және қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті ашу; 3) жіктелу негіздерін түсіндіру; 4) химиялық тіл туралы білімі мен білігін нығайту; 5) эксперимент дағдыларын жетілдіру, алған білімді эксперимент есептерін шығара білуге қолдану.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін алғашқы сабақта оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың және тұздардың құрамы мен аталуы қарастырылады.
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды сыныптары туралы ұғымның дамуы
Бұл тарауда бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы негізгі ұғым қалыптасуының бірінші кезеңі қарастырылады. Оның теориялық негізі-атом-молекулалық ілім. Бұл кезеңнің мақсаты-оқушыларды периодтық заң және периодтық жүйеге, атом құрылысы туралы теориялық материалдарды қабылдауға дайындау.
Екінші кезеңде қышқылдардағы сутегі мен қышқыл қалдығы, бейметалл мен оттегі арасындағы байланыстардың сипаты ашылады. Негіздердің құрылысы мен қасиетінің кристалл торлары типіне тәуелділігі айқындалады. Тұздар түзетін кристалл тордың типі және иондар арасындағы байланыс электрондық теория тұрғысынан түсіндіріледі.
Үшінші кезеңі электролиттік диссоциациялану теориясын өткенде басталады. Оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың құрылысы туралы электрондық тұрғыдан алынған мәліметтер олардың суда еріп диссоциациялануын түсіндіру үшін пайдаланылады.
Есте болатын нәрсе, бейорганикалық қосылыстардың қай класын алсақ та, барлық жеке өкілдерінің тегіс қамтитын жалпы қасиеттері өте аз. Қосылыстардың белгілі бір тобына тиесілі қасиеттің ауқымын кеңейтуден аулақ болған дұрыс. Оқушы біліміндегі формализмнің түпкілікті себебі осыған және дара ерекшеліктерді ұмытудан туындайтынын әрдайым есте ұстау керек.

53. Жаңартылған білім беру мазмұнының теориялық-әдістемелік негіздері. Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері.


54. Ерітіндіні сұйылтқанда және қоюлатқанда концентрациясын есептеу әдістемесі. Ерітінділерді араластыруға байланысты есептер. Мысалдарды келтіріп, шығару жолдарын түсіндір.
55. Д.И. Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесін оқып –үйрену әдістемесі. Химия курсындағы периодтық заңның орны мен маңызы. Элементтердің табиғи топтары туралы түсінік. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Топ және период туралы ұғымның қалыптасуы.
56. Жаңартылған оқу бағдарламасынына сәйкес оқу жоспары және онда қамтылатын мәселелер. Оқу жоспарының құрылымы мен мазмұны, түрлері. Ұзақ және орта мерзімді жоспар және оның құрылымы.
57. Химиялық реакция теңдеулері бойынша жүргізілетін есептеулердің жалпы әдістемесі. Реакция өнімінің теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымын процентпен есептеу әдістемесі. Мысал келтір.
58. Орта мектеп химия курсындағы атом құрылысы теориясы. Атом құрылыс теориясы тұрғысынан периодтық заңды оқыту. Химияны жоғары ғылыми деңгейде оқытудағы атомның құрылысы туралы ұғымның маңызы. Үлкен және кіші периодтағы элементтер атом құрылысының көлемі, химиялық элементтердің тереңірек ұғымы және ашылуы.
59. «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы."Химия" пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы бөлімінде қарастырылатын бөлімдер мен бөлімшелер.
60. Сабақтағы эксперименттік есептердің орны мен маңызы. «Катиондарға сапалық реакция» тақырыбына экспериментік есептер шығару әдістемесі және оларды анықтайтын реактивтер.
61. Химиялық реакциялар туралы ұғымның дамуы. Атом –молекулалық ілім, электрондық көзқарас және иондық теория тұрғысынан химиялық реакция ұғымының дамуы.
62. Жиынтық бағалау үдерісі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру. Тоқсандық жиынтық бағалау үдерісі. Жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және талдау.
63. «Ерітінділер» тақырыбына байланысты есептер. Ерітінді, массалық үлес, ерітіндіні сұйылту, қоюлату."Қаныққан" жөне "концентрлі", "қанықпаган" және "сұйылтылган" ерітінді. Ерітіндінің концентрациясын анықтау тәсілдері.
64. Ерітінділер және электрондық диссоциациялану теориясының негіздерін оқыту әдістемесі. Оқушыларға ерітінді туралы алғашқы ұғымды химия курсында таныстыру және одан әрі ерітінді туралы ұғымды дамыту. Мектеп химия курсындағы электролиттік теорияның орны мен маңызы.. Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқыл, тұз, негіздер туралы оқушылар білімін қорытындылау және дамыту.
65. Білім мазмұнын жаңарту аясында «Химия» пәні оқу бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері. Бағдарламаға жанадан енгізілген тақырыптар мен өзгерістер.
66. Сабақтағы эксперименттік есептердің орны мен маңызы «Аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару әдістемесі және оларды анықтайтын реактивтер.
67. Мектеп курсында химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын оқып –үйрену әдістемесі. Периодтық жүйедегі орналасу негізі тұрғысында элементтердің және олардың сәйкес жай заттарына сипаттау жоспары. Металдарды оқыту әдістемесі. Металл еместерді оқыту әдістемесі.
68. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының спиральділік қағидатпен берілуі. «Химия» пәні бойынша спиральділік қағидатына негізделген білім беру бағдарламасының мақсаты, міндеттері.
69. Химиялық есептердің классификациясы. Оқу жылына орай оқушылардың есептеу біліктерін үйренуіне қойылатын талаптар.
70. Химияны оқытудың материалдық базасы. Химия кабинетінің оқу тәрбиелік маңызы және оған қойылатын талаптар. Химия кабинетінің жұмысын ұйымдастыру. Сынып және сынып- зертхана бөлмесі,олардың жабдықталуы. Химия зертханасы мен кабинетінде жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері.
71. Кері байланыс ұғымы. Кері байланыс қағидаттары. Ауызша және жазбаша кері байланыс. Кері байланысты ұсыну және алу ережелері. Рефлексия ұғымы. Рефлексия және кері байланыс тәсілдері.
72. Қосылыстарды тануға арналған эксперименттік есептерді шығару әдістемесі Органикалық қосылыстарды тануға арналған тәжірибелік есептерді шығару әдістемесі.
73. Оқушылардың өздік жұмыс әдістері мен олардың сипаты. Оқушылардың өздігінен орындайтын дербес жұмыстарын ұйымдастыру. Оқулықпен өз бетінше жұмыс. Химиядан мектептегі жаттығулар.
74.Білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламасындағы «Химия» және жаратылыстану пәндерінің арасындағы пәнаралық байланыс. «Химия» пәнін мектепте оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін дамытуға бағытталған пропедевдикалық курс. Білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламасында химияның биология, география және физика пәндерімен пәнаралық байланысы.
75. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі. Термиялық реакциялар теңдеулері бойынша шығарылатын есептердің алгоритмі. Мысал келтіріп, шығару әдістемесін түсіндір.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет