2 Кешенді емтихан сұрақтары «Химияны оқыту әдістемесі» (6В01507- «Химия») «Химияны ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі»


Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы (МЖдЖ)



бет24/31
Дата11.06.2023
өлшемі202,02 Kb.
#178606
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Байланысты:
6В01507-6В01515-«Химия пед 2 компл.экзамен» қазақша
сборы
Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы (МЖдЖ)
Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар 
немесе жоқ мұғалімдер:
• іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
• өзгеріс енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
• бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
• кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға жауапты деп анықталуы мүмкін.
Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МЖДЖ бағдарламасы «мұғалімзерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Біз «академиялық империализм» деп аталатын мақсаттан мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек (Elliot, 1991). Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды. 
Шын мәнісінде ол мұғалім, атаАна, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.
Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен 
өзінөзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай ісшаралар жиі өткізіліп тұрады, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар, желіде орналастырылған есептерді оқу, оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен іс-
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу. Дәл осы жағдайда 
зерттеу үдерісті аяқтау тәсілі емес, диалог құру мақсатындағы ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.
Бұл үдерістер ауқымы мен көлемі бойынша азғантай ғана болуы мүмкін, бірақ олар 
педагогикалық пікірталас қалыпты жағдай деп саналатын ортада мәдениеттің қалыптасуы мен жаңаруына үлес қоса алады.
Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында біртіндеп жүзеге асырылатын реф-
лексия, жоспарлау, кеңес беру тәсілдері арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам згеріс енгізуге қатысты әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғыну мен келiсу бойынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы мүмкін. Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай алатындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді өтсе, онда дамыту жұмысы да жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс тәжірибелі мұғалімдер тарапынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Бізге олардың мектеп құрылымы мен дамыту басымдықтары туралы пікірі қажет, себебі олардың кеңесі мен жетекшілігі өте құнды.
Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей кезеңдерде айқындалады.
1-кезең. Құндылықтарды анықтау.
2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау.
3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.
4-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.
5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.
6-кезең. Зерттеуге негiзделген дамыту жұмысындағы көшбасшылық.
7-кезең. Кәсiби бiлiмнiң дамуына ықпал ететін қоғамдастықтағы жұмыс.
Дамытудағы көшбасшылық мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектеп-
тен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді.
45. Химиялық реакция теңдеулері бойынша жүргізілетін есептеулердің жалпы әдістемесі. Реагенттердің бірінің құрамында бөгде қоспа болған жағдайда олардың белгілі массалары бойынша өнімдердің массасын (көлемін) есептеудің әдістемесі.
46. Оқушылар білімін тест бойынша бақылау, оның артықшылықтары мен мен кемшіліктері. Тесттік тапсырмалар құрастыруға қойылатын талаптар. Тесттік тапсырмалардың түрлері.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет