2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет218/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
ҚАЗЫНАҒА ТИЮ САЛУ 
Өскемен үйезі Сібе болысына қараған Ахмар ауылындағы жас жігіттер «Жас ұйым» деген 
ұйым  аштық.  Ахмар  ауылы  карта,  лото  сияқты  ұтыс  ойындарының  туы  болатын. 
Ұйымның  мақсаты  —  осы  ойындарды  жоғалтпақ.  Бұл  ойыннан  көп  кесірлі  жұмыстар 
туатыны  белгілі.  Ойынға  салынып,  жұрттың  көбі  жынды  болып,  шаруаға  қарай  алмай 
кетеді — бір; үлкен де, кіші де құрдас болып, жанжал шығып боқтасып, төбелесіп абиыр 
кетеді  —  екі;  қолындағы  ақшасынан  айырылып  қалып,  қаны  бұзылып,  ақша  табуға 
жиіркенбей шара іздейді, ұрлық қылады, өтірік айтады  — үш; тағы сондай жаман мінез, 
жаман істер туады. Сондықтан карта, лото ойындарын тоқтатуға қаулы қылыстық. 
Мұнан  былай  карта  ойнаушылар  көрінсе,  картасы  жыртылып  тасталсын.  Карта 
ойнаушылар  ауыл  ақсақалы  алдында  жазаға  бұйырылсын.  Карта  ойнатпауға  күзетші 
қойылсын. Екі-үш қабат айтқанды тыңдамай, ойнай беретін кісілердің ақшасы алынып, әр 
жердегі мұқтаж пайдасына жіберілсін деп. 
Ұйымға  бір  председатель,  бір  серік,  бір  хатшы,  4  мүше  сайланды.  Председатель  — 
Жұмағали  Ережепбай  баласы,  хатшы  Ханифа  Орынтай  және  4  мүше,  және  үш  жігітті 


175 
 
карташыларды  байқап  жүруге  бақылаушы  сайладық.  Жұма  сайын  жиылып,  жұмыс 
тексеріліп тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет