Н. А.
Басқарма: қазақ ішіндегі үлкен бүліншіліктің бірі — жесір дауы. Мұны туғызып
отырған — қалың мал. Қалың мал құрымай, дау құрымайды. Былтырғы облыс сиезі,
жалпы қазақ сиезінің қаулысы бойынша қалың мал енді болмайды. Қалың малды
жоғалтуға, әсіресе, ел адамдары, жергілікті мекемелер (комитеттер, соттар) қам
қылып, іс істеу керек. Бұл жұмыс солардың міндеті. Қалың мал жоғалса, дау-шардың
тұқымы құрып, әйелдеріміз құлдықтан азат болмақ. Бала тәрбиешісі, жұрт тәрбиешісі,
азамат анасы әйелдеріміз теңдік алып, қатарға кірмей, біз жуырда жұрт бола
алмаймыз. Әйелдің басына ерік болсын деп зарлайтынымыз жоғарғы мақсаттан
шығатын. Балықбай мырза әйелді еріксіз алып қашуға ерікті деп түсінсе керек. Бұл —
зорлық. Зорлыққа сом бар.
Достарыңызбен бөлісу: |