2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет92/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
АЯГӨЗ 
Аягөздегі  қазақ  һәм  ноғай  жастары  жиылып  «Игілік»  қауымын  ашты.  Ашылған  күні 
қауым пайдасына 11 мың 508 сом ақша жиналды. 
 
МӘМСҰЛ ОРАШҰЛЫ 
Баянауылда  У.  Н.  Школда  әкесі  нашар  болса  да,  өз  ыждиһадымен  оқып  жүрген  Мәмсұл 
Орашұлы опат деген хабар алдық. Марқұм Алашқа қызметкер бола ма деген аяулы жігіт 
еді. Топырағың жеңіл болсын. 
Мұқыш, Әбікей 
 
ЖОЛАУШЫЛАР АМАН 
Орынборды большевик әскерлері келіп алар алдында Семейге жолаушы шыққан Әлихан, 
Ахмет, Елдес, Міржақып, Тұрағұл есен сау келді. 
 
МҰЖЫҚ ҚАРУЛАНУЫ 
3  март  күні  Семейдің  обласной  мұжық  һәм  солдаттар  мен  жұмыскерлер  сиезінде  қаулы 
жасалды. 
Большевиктер  хәкімшілігін  қорғап  нығайтуға,  тыныштық  сақтап,  бұзақылықты  тиюға 
болыс  сайын,  поселке  сайын  көңілді  азаматтардан  қызыл  әскер  (красная  гвардия) 
жасалып, оларға мылтық, оқ берілетін болсын. Солдаттықтан қайтқан адамдардан қызыл 
әскерге  жазылмаса,  қолдарында  қазына  мылтығы  болса,  сельский  болысной  советтер 
алып, жазылғандарға берсін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет