2-параграф. Ұлттық деңгейдегі жекелеген көрсеткіштерді есептеу алгоритмі



Дата12.10.2022
өлшемі18,43 Kb.
#152799
Байланысты:
1 теплофикация


Отын-энергетикалық теңгерімнің жаңа форматы Халықаралық энергетикалық агенттігінің (бұдан әрі-ХЭА) стандарттарына сәйкес, сапалы және толық көлемде ХЭА сұрақтамаларын энергетика статистикасы бойынша толтыруға мүмкіндік береді.
6. Есептік республикалық отын-энергетикалық теңгерім сызбасы: «Ресурстар» және «Бөлу» атты екі бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысы отынның және энергияның жекелеген түрлерінің ресурстарын қалыптастыру үдерісін және негізгі нысаналы бағыттары бойынша олардың қолданылуын көрсетеді.
7. Ұлттық деңгейдегі отын-энергетикалық теңгерім көрсеткіштерін есептеу сызбасы осы Әдістемеге1-қосымшада баяндалған.
8. Отын-энергетикалық теңгерімді қалыптастыру үшін ақпараттық негіз жалпымемлекеттік статистикалық бақылаулардың деректері болып табылады.

2-параграф. Ұлттық деңгейдегі жекелеген көрсеткіштерді есептеу алгоритмі

9. Қазақстан Республикасындағы отын-энергетикалық ресурстарды жалпы тұтынуды есептеу және жалпы ішкі өнімнің энергетикалық сыйымдылығы көрсеткіштерін анықтау үшін негізгі ақпараттық қор отын-энергетикалық теңгерім болып табылады. Отын-энергетикалық теңгерім көрсеткіштерінің жүйесі отын және энергетикалық ресурстарды нақты тұтынуды талдауды және бағалауды жүзеге асырады.


10. Бірінші кезеңде, экономиканың әрбір секторы бойынша жеке отын-энергетикалық ресурстардың барлық түрлері бойынша отын-энергетикалық теңгерімнің сызбасына сәйкес отын-энергетикалық ресурстарды пайдалану бағыттары бойынша отын мен энергияның түрлері бойынша заттай көріністе әзірлемелік кестелер құрастырылады.
11. Екінші кезеңде табиғи отыннан көрсеткіштер мұнай баламаның тоннасына аударылады. Отын мен энергиятүрлерін және олардың калориялық баламаларын өлшеу кодтары мен бірліктері, отынның қазбалы түріне үлесті энергия құрамын есепке алатын бір есептік бірліктен басқаға ауысу үшін деректерді қайта есептеу коэффиеценттері осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес пайдаланылады.
12. Келесі кезеңде отын-энергетикалық ресурстардың жекелеген түрлерін отын-энергетикалық теңгерімді есептеу үшін қабылданған номенклатураға сәйкес отынның бірнеше түрін қамтитын топтарға агрегаттау жүргізіледі.
13. Отынның әрбір жеке түрі үшін теңгерім «Ресурстар» және «Бөлу» жиынтық бөлімдері бойынша ғана емес, төмендегілерді сипаттайтын қорытынды жолдар бойынша:

  1. бастапқы энергияны және оның баламаларын жалпы тұтыну;

  2. түрлендіру секторындағы тұтыну;

  3. бастапқы энергияны түрлендірілгеннен кейін қайталама энергияны шығару;

  4. энергетикалық емес сектордағы тұтыну;

  5. шығын;

  6. түпкілікті тұтыну.

14. Бастапқы энергияның өндірісі Қазақстан Республикасының табиғи көздерінен алынған немесе өндірілген энергияның санын, көрсетілген ресурстарды өндіру үдерісінде өндіруші тұтынған энергияны қоса алғанда есепке алады. Отын-энергетикалық ресурстарды алу (өндіру) туралы мемлекеттік статистикасы қолданылады.
15. Су энергиясы және жел энергиясы олардың базасында Қазақстан Республикасының барлық су станциялары мен жел энергетикасы құрылғылары өндірген электр энергиясының саны бойынша есепке алынады.
Импорт және экспорт елге импортталатын немесе елден экспортталатын энергия тасымалдаушылардың санын көрсетеді.
Қорлардың өзгеруі тұтынушылар мен жеткізушілердегі жыл басындағы және соңындағы қорлардың көлемінің арасындағы айырмашылықты көрсетеді. «+» белгісі бар мән жыл соңына қорлардың жыл басына қарағанда мәні аз болғанда қорларды тартуды білдіреді. «-» белгісі бар мән жыл соңындағы қорлар жыл басындағы мәннен артқанын көрсетеді және бұл олардың қорлануын растайды. Осы жол бойынша мемлекеттік және жұмылдыру резервтеріне салынған отынның қоры, сондай-ақ мұнай және газ құбырларындағы мұнай мен жанатын табиғи газдың қорлары есепке алынбайды.
Бастапқы энергия және оның баламаларын жалпы тұтыну қорытынды деректерді көрсетеді. Бастапқы энергияны жалпы тұтыну туралы деректер көрсеткіштердің алгебралық жиынтығы ретінде есептеледі, яғни бастапқы энергияны өндіру, плюс (+), минус (-) экспорт, плюс немесе минус (+, -) қорлардың өзгеруі (қорлардың өсімі жағдайында теріс мәнді қабылдайды).
Қайта құру секторындағы тұтыну электр энергиясын жылу энергиясына түрлендірумен байланысты, сондай-ақ отынның басқа түрлеріне қайта өңдеуге шикізат ретінде қолданатын (брикеттер өндірісіне арналған шымтезек, мұнай өнімдерін өндіруге арналған мұнай және тағы басқа) энергия тасымалдаушылардың көлемін көрсетеді.
Бастапқы энергияны қайта түрлендіргеннен кейін қосалқы энергияның шығуы отын брикеттері, мұнайды, электр энергиясын, жылу энергиясын қайта өңдеу өнімдері және т.б. қосалқы энергияны өндіру көлемін көрсетеді.
Энергетикалық емес секторда тұтыну химиялық, мұнай химиялық, және басқа да отындық емес өнімдерді (жағармай, жақпа, гудрон, құрылыс және шатыр мұнай битумы, парафин, еріткіш бензин, химия өнеркәсібіне арналған бензин, уайт-спирит және тағы сол сияқты ) өндіруге шикізат ретінде, сондай-ақ отындық емес қажеттіліктерге (мысалы, жақпа ретінде қолданылатын мазут, бөлшектерді және басқаларды жууға арналған керосин және автомобиль бензині) қолданылған энергия тасымалдаушылардың санын көрсетеді.
Шығындар өндіру, сақтау, тасымалдау, басқа да отын түріне түрлендіру кезінде химия, мұнай-химия басқа да отындық емес өнімдерді өндіру кезінде тасымалдағыштардың шығындары туралы деректерді көрсетеді.
Оларға жалпыға ортақ пайдаланылатын электр және жылу желілеріндегі электр энергиясы мен жылу энергиясының шығындары; тұзсыздандыру және сусыздандыру, магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау, мұнай өнімдерінен өндіру кезіндегі мұнайдың шығындары; магистральдық газ құбырларындағы тазарту және кептіру, тасымалдау кезіндегі газдың шығындары, отын брикеттерін сақтау, тасымалдау және өндіру кезіндегі шымтезектің шығындары жатады.
Жалпы зауыттық желілердегі электр энергиясы және жылу энергиясы шығындары, сондай-ақ өндірістің технологиялық үдерісімен байланысты энергияның шығындары «Түпкілікті тұтынуда» көрсетіледі.
Түпкілікті тұтынуда түпкілікті тұтынудың тікелей энергетикалық мақсаттары үшін қолданылатын барлық энергия көрсетіледі.
16. Отын-энергетикалық теңгерімде түпкілікті тұтынудың жалпы көлемінен жеке жолдармен экономиканың маңызды салаларындағы түпкілікті тұтыну көлемі көрсетіледі.
Алынған отынды және энергияны жалпы тұтыну көлемі ЖІӨ энергия сыйымдылық көрсеткішін одан әрі есептеу үшін қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет