2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 10. 2А «Термодинамикаға кіріспе» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет5/5
Дата27.12.2022
өлшемі32,97 Kb.
#164560
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5
Байланысты:
2.1 БЖБ Термодинамикаға кіріспе. 2.2 БЖБ Кинетика

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар (температура, қысым, концентрация) өзгерісінің әсерін болжайды;

1

берілген реакция теңдеуінен тепетеңдіктің ығысуын көрсетеді;

1





2

Вант-Гофф ережесін есептеуде қолданады

1

реакцияның жылдамдығы мен уақыты арасындағы сәйкестікті көрсетеді

1

Әрекеттесуші массалар заңы бойынша есептеулер жүргізеді;

3

әрекеттесуші массалар заңының мәнін реакциялар үшін жазады;

1

әрекеттесуші массалар заңына байланысты реакция жылдамдығын өрнектеп жазып есептейді;

1

Гомогенді және гетерогенді катализді ажыратады

4

гомогенді және гетерогенді катализ, автокатализ, тежегіштер, өршіткі, катализдік улар ұғымын түсіндіреді;
Әр 3 дұрыс жауапқа 1балл

2

берілген реакциялардан гомогенді катализді ажыратады.

1

Барлығы







8



10.2А «Термодинамикаға кіріспе» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тапсырма

  1. (а) Заңның атауы мен заңның тұжырымдамасы арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз:

А) Термодинамиканың екінші заңы

1.Заттың түзілу жылуы мен оның айырылу жылуының абсолюттік мәндері тең, ал таңбалары қарама қарсы болады

В) Гесс заңы

2.Процестің бағытын, оның осы жағдайда қандай шекке дейін жүретінін және тепе-теңдіктің жағдайын анықтайды

С) Энергия сақталу заңы (Лавуазье-Лаплас заңы

3.Реакцияның жылу эффектісі оның жүру жолына тәуелсіз, тек заттардың бастапқы және соңғы күйіне тәуелді

А)________ B) ________ C)_______
2. (a) Энтальпия мен энтропия өзгерісі мен реакцияның жүру жағдайына байланысты тұжырымдарды сәйкестендіріңіз

Энтальпия мен энтропия өзгерісі

Реакция энтропиясына байланысты тұжырым



А

ΔH° < 0, ΔS°<0

1

Реакция энергиялық жағынан тиімді және өздігінен жүзеге асады.

В

ΔH° < 0, ΔS°>0

2

Реакция энергиялық жағынан тиімсіз спонтанды бола бермейді.

С

ΔH°> 0, ΔS°>0

3

ΔH мәнінің төмендеуі өздігінен жүретін реакция үшін қолайлы, ал ΔS-тің төмендеуі бұған кедергі келтіреді

D

ΔH°>0, ΔS°<0

4

ΔH мәнінің артуы реакциянің өздігінен жүруіне ықпал етпейді, ал ΔS-тің артуы оның ықтималдығын арттырады

A_______ B_______ C_______ D_______
3. (а) FeCO3 →FeO+CO2 осы реакцияның теңдеуі бойынша оған қатысатын заттардың түзілу энтальпиялары арқылы реакцияның жылу эффектісін есептеңіздер
∆Н FeCO3 = - 750 кДж; ∆НFeO = - 272 кДж; ∆Н CO2 = - 394 кДж
4. (a) Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, төменде берілген сөйлемді толықтырыңыз.
Гибстің еркін энергиясының өзгерісін________таңбасымен белгілейді және ___________мен өлшенеді.
P= const болғандағы шамасы мен таңбасы тұрғысынан жүйенің термодинамикалық тұрақтылығы анықталады:

  • егер ΔG < 0 болса, онда___________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________

  • егер ΔG > 0 болса, онда____________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

  • егер ΔG ═ 0 болса, онда _____________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________
5. Термодинамикалық мәліметтерді пайдаланып, реакцияның бос энергия өзгерісін есептеңіз. Содан кейін магний гидроксидінің дегидратациясы жүретін ең төмен температураны анықтаңыз. Нәтижені ең жақын бүтін санмен беріңіз.
Mg(OH)2(қ)⟶MgO(қ)+H2O(г)

Қосылыс

ΔH°түз(кДж/моль)

S° (Дж/Кмоль)

ΔG° КДж/моль)



Mg(OH)2(қ)

-925

63

-445

MgO(қ)

-602

27

-325,5

H2O(г)

-242

189

-228,6

a) Реакцияның стандартты энтальпия өзгерісін есептеңіз.
ΔH°реакц=
b) Реакцияның стандартты энтропия өзгерісін есептеңіз.
ΔS°реакц=
c) 25°C-тағы стандартты бос энергия өзгерісін есептеңіз.
ΔG°=

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет