2-тоқсан Тарау: Заттардың тасымалдануы


Тақырып: Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі1,01 Mb.
#95182
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бжб

Тақырып: Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері.

Оқу мақсаты

7.1.3.5 Флоэма мен ксилеманың элементтерін құрылысын салыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Флоэма мен ксилеманың құрылысын анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма 1. Төмендегі суреттерді пайдаланып, ксилема мен флоэма құрылысын салыстырыңыз.
Нәтижесін кестеге толтырыңыз.




Cипаттама

Флоэма (сүзгілі түтік)

Ксилема (түтік)

1

ұлпаны түзуші жасушалар табиғаты







2

құрылысы







3

құрамы (қандай құрылымдардан тұрады)







4

қызметі







5

сабақ пен тамырда орналасуы







6

заттардың тасымалдану бағыты






Дескриптор Білім алушы


− ұлпаны түзуші жасушалар табиғатын анықтайды;
− ксилема және флоэманы құрылыс ерекшелігін анықтайды; − флоэма және ксилема құрамын (қандай құрылымдардан тұрады) анықтайды;
− флоэма және ксилеманың сабақ пен тамырда орналасуын анықтайды;
− флоэма және ксилема арқылы заттардың тасымалдану бағытын анықтайды.
Тақырып: Жануарлардағы қанайналым мүшелері : буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылар.
Оқу мақсаты 7.1.3.6 Жануарларда заттар тасымалына қатысатын мүшелерді танып білу
Бағалау критерийі Білім алушы • Жануарларда заттар тасымалына қатысатын мүшелерді анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі
Тапсырма
(а) Ағзалардың қанайналым жүйесінің ерекшелігін сипаттаңыз.


(b) Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесін салыстырып, ағзалардың қанайналым жүйесіндегі өзгерістің себебін түсіндіріңіз.

Дескриптор Білім алушы


− омыртқасыз жануарлардың қанайналым жүйесінің ерекшелігін сипаттайды;
− омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің ерекшелігін сипаттайды;
− омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесін салыстырып, өзгерістің заңдылықтарын түсіндіреді.
Тарау: Тірі ағзалардың қоректенуі
Тақырып: Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы.
Лептесік. Жапырақ фотосинтездеуші, суды буландырушы және газ алмастырушы арнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы.

Оқу мақсаты

7.1.2.1 Жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау, құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жапырақтың ішкі құрылысын сипаттайды

  • Жапырақтың ішкі құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіреді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма
1. Суретте жапырақтың ішкі құрылысы берілген.

(а) Жапырақтың ішкі құрылысын анықтайтын құрылымдарды атаңыз.
(b) Әр құрылымның атқаратын қызметін сипаттаңыз. Жауабын кестеге толтырыңыз.



Құрылым атауы

Атқаратын қызметі









Дескриптор Білім алушы


− жапырақтың ішкі құрылысын құрайтын құрылымдарды атайды; − жапырақтың ішкі құрылысын құрайтын құрылым қызметін сипаттайды.Тақырып: Фотосинтезге қажетті жағдайлар.

Оқу мақсаты

7.1.2.2 Фотосинтезге қажетті жағдайларды зерттеу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Фотосинтез үдерісін және қажетті жағдайларды зерттейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі
1-тапсырма

Жоғары деңгей дағдылары

1. Оқушыға фотосинтезге қажетті жағдайларды зерттеу тапсырылды.

(а) Суретті пайдаланып, жұмысқа болжам жасаңыз.
(b) Зерттеу нәтижесінде фотосинтез жүргенін қалай анықтауға болатынын түсіндіріңіз.
(с) Фотосинтез жылдамдығына әсер ететін жағдайларды сипаттаңыз.

Дескриптор Білім алушы


− зерттеу жұмысының болжамын ұсынады;
− фотосинтез кезінде жүретін үдерісті түсіндіреді;
− фотосинтез жылдамдығына әсер ететін жағдайларды сипаттайды.
2-тапсырма
Төмендегі суретті пайдаланып, сұрақтарға жауап жазыңыз.


1

Фотосинтез қандай үдеріс?




2

Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған кім?




3

Қант жапырақтың қай бөлігінде түзіледі?




4

Жапырақтың фотосинтез жүретін бөлімі қандай ұлпаға жатады?



Дескриптор Білім алушы


  • фотосинтез ұғымын түсіндіреді;

  • фотосинтездегі хлорофилдің рөлін сипаттаған ғалымды атайды;

  • фотосинтез өнімі түзілетін жапырақ бөлімін атайды; - фотосинтез жүретін ұлпаны анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет