Семинар бойынша 5- семинар бақылау сұрақтары: Дүниені танып-білу мүмкіндігі мәселесі. Танымның түрлері



бет1/7
Дата05.06.2023
өлшемі26,1 Kb.
#178313
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5-6семинар


Философия пәні бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру
5-6 семинар бойынша


5- СЕМИНАР Бақылау сұрақтары:
1.Дүниені танып-білу мүмкіндігі мәселесі. Танымның түрлері. 
Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуде таным теориясы деп атайды. Философия негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік) қалыптасты. Сонымен бірге адамның дүниені танып - білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағытты - агностицизм деп атайды.
Танымның субъектісі - деп тарихи нақтылы қоғамды, сонымен бірге топтар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдарды айтуға болады. Субъект өз табиғатын қызметінде таным объектісі ретінде қарай алады. Танымның объектісі ретінде табиғатты, қоғамды және қоғамдық қатынастарды атау қажет. Олар таным объектісіне субъектінің өндірістің, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы айналады. Осыдан келіп, объект - субъект, субъект - объект қатынастарының таным процесіне алатын орны, жалпы практикалық табиғатын, даму процесін қарастыруда ролі ерекше екенін көреміз.
Таным процесінің диалектикасы белгілі бір тарихи дәуірде өндірістің, ғылымның даму дәрежесінен білімдеріміздің шағындығы мен мәңгі дами беретін объективтік шындықтың шексіз күрделілігінің, ұшан-теңіз көптігінің арасындағы қайшылықтан көрінеді. Бұл қайшылық біздің білімдерімізді кеңейтетін, тереңдететін және анықтап отыратын ғылымның үсті - үстіне жаңа табыстарға жетуі формасында үнемі шешіліп, жеңіп алынып отырады, бірақ ешқашан да толық жоғалып кетпейді. Мұны танымның субъектісі мен объектісі арасындағы шешуші қайшылық дейді. Ол үнемі практика негізінде шешіліп, онан басқа формада қайта пайда болып отырады.
Сондай - ақ таным процесінің диалектикасы адамның танып білуінің субъективтік формасы мен объективтік мазмұны арасындағы бірлік пен қайшылықтан да айқын көрінеді. Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, түсініктеріміз және ұғымдарымыз бен теорияларымыз - бұлар объективтік дүниенің субъективтік образдары, практикалық қызметтің формалары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет