503679.pptx



Дата14.02.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200104
Байланысты:
503679.pptx
№1. ТФП. Қозғыш тіндер. Пр БОӨЖ (1) (1), Лекция №2Жүрек реттелуі, БӨЖ-4(1), 469734, 172850, Фтизиатрия 2020, 3 РК. Физиология жауап), internal deasese 2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ АКАДЕМИК Е.А. БӨКЕТОВ АТЫҢДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЗООЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ХРОМАТОГРАФИЯ ӘДІСІНІҢ НЕГІЗІ
Орындаған: Хазибан Г
Жуат С
Тексерген: Картбаева Г.Т

I. Кіріспе.

  • I. Кіріспе.
  • II. Негізгі бөлім
  • 1) Хроматография әдісінің негізі.
  • 2) Хроматография әдісінің жіктелуі.
  • 3) Ион алмасу хроматографиясы.
  • 4) Тұндыру хроматографиясы.
  • 5) Таралу хроматографиясы. Қағазда өтетін хроматография.
  • 6) Тотығу- тотықсыздану, адсорбциялы- кешен түзуші хроматография.
  • III. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
  • 1) Биотехнология негіздері
  • 2) https://kk.wikipedia.org/

Кіріспе .

Кіріспе .

  • Хроматография зерттелетін заттың бір-бірімен араласпайтын екі түрлі фазада әртүрлі дәрежеде еруіне, таралуына негізделген талдау әдісі. Хроматография әдісі медициналық, биологиялық, фармацевтикалық зерттеулер мен клиникалық тәжірибелерде көп қоданылады. Бірнеше минуттың ішінде-ақ хроматография әдісімен бойынша улы, ұшқыш заттардың, есірткінің, ішімдіктің қандағы мөлшеріне талдау жасауға болады. Хроматография әдісінің көмегімен биологиялық сұйықтардағы микрокомпоненттерді анықтауға және оларды жеке компоненттерге бөліп алуға болады. Диагностика саласында хроматография әдсінің қажеттілігі күннен- күнге өсуде. Фармацевтика саласында дәрілік заттарға талдау жасауда қолданады. Хроматография әдісінің аналитикалық химияда бөлу және құрамы күрделі заттарға талдау жасауда маңызы зор.

  • 1) Хроматография әдісінің негізі. Хроматография әдісін 1903 жылы орыс ботанигі М.С. Цвет ашты, ол өсімдік жапырақтарының пигменттерін бөлуде хроматография әдісін қолданды. Ол «аралас ерітіндіні адсорбент бағанасы арқылы сүзгенде, пигменттер жеке әр түрлі боялған аймақ түріндегі жекелеген қабатқа бөлінетіндегі туралы» бірінші болып көрсетті. Зерттелетін зат сынамасын хроматографиялық жүйеге енгізу жағдайына қарай хроматографияны үш түрге топтайды: Фронтальды- қапталды Эльюентті- шайындылы Ығыстырмалы. Фронтальды тәсіл. Егер зерттелетін қоспаны хроматографиялық жүйе орналасқан бағанаға үздіксіз енгізіп отырса, онда бірінші болып таза күйінде ең әлсіз адсорбцияланатын зат бөлініп шығады. Міне осылай қоспадағы заттардың хроматографиялық жүйемен әсерлесу нәтижесінде әртүрлі мерзімде бөлініп шығуы фронтальды хроматография негізін құрайды. Эльюентті тәсіл. Колонка- бағанаға бірнеше компоненті бар талданатын ерітіндінің сыбағасын бөлігін енгізеді. Төменгі бөлікте нашар сорбцияланатын компонент болады. Ығыстырып шығару тәсілі. Бағанаға бірнеше компоненті бар талданатын ерітіндінің аликвотты бөлігін енгізеді, содан оң сорбциялануы жақсы компоненттің көмегімен нашар сорбцияланатынын ығыстырып шығарады. Бірінен кейін бірі шайылатын екі компонеттің шығуынан, осы екі компонент те болатын аймақ пайда болады

Хроматография түрлері; а- бөлінуге дейін ; б,в – заттардың бірінші және екінші бөліп қоспаларынан кейін .


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет