жусипбекова даметкен философия



Дата22.03.2024
өлшемі235 Kb.
#200274
Байланысты:
жусипбекова даметкен философия
1-тоқсан Тәрбие қмжлары толық (1), Күй өнері

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


Факультет:«Физикалық-техника факультеті»
Кафедра:«Теориялық және ядролық физика»
РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы трактат»

Орындаған:Жусипбекова.Д
Қабылдаған:Нығметова.Ә.Т
ЖОСПАР:
1.әл-Фарабидің шығу тегі…………………………………...
2.әл-Фарабидің шығармалары……………………………..
3. Ізгі қала тұрғындары……………………………………...
4. Бақытқа жету………………………………………………
5. Бақытқа жету – философиясы…………………………...
6.Қорытынды…………………………………………………
7.Қолданылған әдебиеттер………………………………….

1.Әлем оны "Әбу-Насыр әл-Фараби" деп таниды. Бірақ азан шақырып қойған аты – Мұхаммед. Әкесінің есімі де сондай болған. Атасының аты – Тархан, бабасы – Ұзлақ. Сол кезде "тархан" деген әскери атақ та болды. Ал ғұламаның толық аты-жөні - Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлақ ибн Тархан Әл-Фараби. Ұлы ойшылдың балалық және жастық шағына қатысты деректер жоқ. Дегенмен, 870 жылы Арыс өзенінің Сырдарияға құятын сағасындағы Фараб қаласында (қазіргі Түркістан облысындағы Отырар қаласының маңайында болған ортағасырлық қала) дүниеге келгені белгілі. Отырарды арабтар "Барба-Фараб" (мағынасы - "қазыналы қала", "бай қала", "көркем қала" ) деп атаған. Сол себепті ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни, "Фарабтан шыққан Әбу Насыр" атанып кеткен. Ал "Әбу Насыр" деген атауға қатысты бірнеше жорамал бар. Ғалымдардың пайымдауынша, Әбу Насыр "Насырдың әкесі" дегенді білдіреді, яғни әл-Фарабидің Насыр деген ұлы болған. Тағы бір жорамалға сәйкес, бұл – арабтардың ерекше құрмет белгісі. Шығыста ұстазды немесе қадірлі адамды өз атымен атамайтын дәстүр болды. Сол себепті халық ойшылды "Әбу Насыр", қазақшаға аударғанда "жәрдемші" деп қадірлеген.
2. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор, айналысқан ғылыми салалары да кең. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге жуық трактат жазып қалдырды.
Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты "Музыка туралы үлкен трактат" деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Біздің дәуірімізге жеткен теңдесіз жаңалықтарының бірі – кәдімгі нота. Ол музыкалық дыбыстарды бірінші болып қағаз бетіне түсірді. Музыкалық аспап та жасаған. Домбыраның баламасын жасады деген жорамал бар. Ал астрономияда әл-Фарабидің күн сағатын жасау әдісі әлі күнге дейін қолданылады.
3.Ұлы ойшыл "Ара’у әл-Мәдинат әл-Фадила" ("Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат") атты кітабында бақытты қаланың үлгісін сипаттап берген. Әл-Фараби басқаруды қайырымды және қайырымсыз деп екіге бөлді. Қайырымды, білімді, мәдениетті басқару – халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-жігерін осы жолға бағыттайды, әділеттілікке бет бұрады. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Қоғамның қайырымды болуы адамды жан тыныштығы мен шын бақытқа жетелейді. Ал қайырымды қоғам ұғымын ғұлама: "Адамдар бірлестігі шынайы бақытқа жеткізетін істерде өзара көмектесу мақсатын қойған қала – қайырымды қала, ал адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам – қайырымды қоғам",- деп нақты көрсетеді.
Ғұлама ғалым қала тұрғындарының осы дүниеде де, ақыретте де бақытты болуларының жолдарын іздейді. Әрбір халықтың осы бақытқа жетуіне қажетті жайттардың ғылыми негіздерін жасап шыққан. Қалалардың ізгілері мен бұзықтарын да сипаттап береді.
Бүгінде әлем бойынша бақытты мемлекеттер рейтингісі жиі жарияланып тұрады. Ал кейбір елдерде бақыт министрлігі де бар. Осылайша, барлығы қайырымды әрі бақытты қоғамды құруға күш салып жатыр. Әл-Фараби болса, оның үлгісін жазып кеткен.
4. Әл-Фараби "Бақытқа жету туралы кітап" еңбегінде былай жазды:
"Ғақлия көзбен қарасаң,
Дүние – ғажап, сен – есік.
Жаһлы көзбен қарасаң,
Дүние – қоқыс, сен – меншік".
Ғұлама өмірге келген әрбір адам бақытты болу үшін өмір сүреді дейді. Ал бақытқа жету жолында үш түрлі деңгейден өтеді. Олар: әрекет, жан эффектісі және ақыл парасат. Осы үш күйдің ішіндегі адамға бақытқа жетер жолда ең қажеттісі – ақыл-парасат. Адам ақылы жоғары, дүниетанымы кең болған сайын кейбір дүниелерді пайымдауға, ғылым мен өнерді ұғынуға, жақсы қылық пен жаман қылықты ажыратуға мүмкіндігі жоғары болады.
"Біз қандай іс-әрекет жасасақ та содан рахат табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болады", - дейді әл-Фараби. Демек, әрбір жасаған ісімізді махаббатпен жасасақ, ертең сол ісіміздің берекесін көреріміз де анық. Ал махаббатпен жасалған әрбір іс қашанда жанға рахат сыйлайды.
Әл-Фараби адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты екенін ерекше атап өтті. Мінез бен ақыл жарасса адамгершілік ұтады. Ұлы ойшылдың айтуынша, жылт еткен жалтыраққа қызыққан тұрақсыз көңіл емес, көркем мінезбен ұштасқан ақыл-парасат иесі ғана бақыт сырын аңғара алады. Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғары бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы керек. Содан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп, соған әрекет жасауы керек. Бақытқа жету жолында бақытқа жетелейтін ұстаз да қажет. Бұл ұстаз, әлбетте, өзі толық жетілген, бақытқа, мақсатқа жету жолында жеңіске жеткен адам болуы керек.
"Бақыт - оқығанда, сабақ алғанда, білімді игеру, әртүрлі өнерлерді үйренгенде, оларды игеру, жұмыстарды орындау сияқты игілікті істер арқылы қол жететін мақсат", - дейді әл-Фараби.
5. Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» атты еңбектерінің негізгі түпкі ойы – бақытқа жету туралы, сыйластық, адамгершілік, мейірімділік, ізеттік, құрмет жайында. Әл-Фараби бақытқа жету ұғымынның мәселелерін, негізінен филосфиялық мәнмен ұштастырып қарастырған.
Бақытқа жету – философияның алдыңғы шарттарының бірі болып есептеледі. Адам баласы, дүние есігін ашқаннан кейін, өмірін бақытқа толы сәттермен өткізуге тырысады. Негізімен адамдар бақытты болуды әркім әрқилы түсінеді. Мысалы: біреулері, артта ұрпақ қалдырып, мұрасын жалғастырғанды, біреулері, оқу оқып, білімді, ғалым болсам, біреуі, жоғары лауазымды адам болсам, бәріне сыйлы, атақты болсам,- деп сонда ғана бақытты боламын деп жатады. Алайда, менің ойымша бұның бәрі жақсы, алайда ең бірінші-денсаулық демекші, 12 мүшеміз сау, ата-анамыз қасымызда, бауырларымыз аман- есен болса, міне осының өзі бақыт деп ойлаймын. Осының бәрі болса, қалған армандарымыз бен мақсаттарымыз орындалады. Әл-Фарабидің осы бір еңбегінде, бақытты болудын 3 түрін жазыпты. Онда: бірінші- адамның іс-әрекеті, яғни адам өзінің бақытқа жету жолында әрекет жасап ұмтылса, онда ол адам өзінің мақсатына жетеді. Екінші-жандүние сенімдері, мысалы: құштарлығы, ашуы, рахаты, қанышы, жабырқауы осының бәрі адамның жандүниесіне жатады. Үшіншісі- адамның ақыл-парасаты. Адам ақылды болса,яғни көп оқым іздемпаз болуы әрбір жетістікке жетеді. Осының бірін бір жүйеге келтірсек, адамның әрекетшіл, ақыл- парасатты болуы, кемелдіктің жоғарғы сатысына көтерілуге септігін тигізсе, адам осы сатыға жете білсе, онда адам бақыттың жоғарғы сатысынна қол жеткізеді.
Қазақ мәдениеті идеясының негізі тұлғаны, оның өмір сүру мәні болып табылады. Исламдағы адам- бұл рухы бойынша жоғарғы сатылы адам. Менімше, рухы биік адамдар ғана бақытты ете алады. Рухани әлем бізді бақытқа жетелейді, біздің мәңгі өмірімізге, яғни Алла Тағаланың алдында мәңгі жақсы өмір сүруге жетелейді.
Философиялық анықтамасы бойынша бақытты- адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Ал, Әл-Фараби бақытқа жетуді, адамның алға қойған мақсаттарын отындағанда ғана адам бақытты болады деген қортынды жасаған. Әл-Фараби осы еңбектерінде бақытыт ұғымын төрт түрге бөліп қарастырған. 1. Жақсылыққа жету, даналық, 2. Қуаныш, рахат, 3. Өмірден өз орнын табу, 4. Бақ- дәулет. Міне, осы төрт шарт орындалса адам өзін бақытты санайды.
Әл-Фарабидің философиялық еңбектерә мен Аристотельдің еңбектерін салыстырсақ. Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық трактаттары мен Аристотельдің «Жан туралы» еңбегінде бақыт түсінігінің қарама- қайшы келетін тұстары кездеседі. Бірінде бақыт таза теориялық түрде берсе, екіншісінде, бақыт теориялық және практикалық түрде берілген.
Бір сөзбен қорытынды жасасақ, Әл-Фараби бақытты болуды, өзінің алдына қойған мақсаттарына жетсе, адам өзінің бақытты санайды деп есептеген.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет