2017 жылдың І жартыжылдық жұмыс есебі Қысқаша түйіндеме



бет9/21
Дата06.02.2022
өлшемі5,39 Mb.
#34215
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

ОҚБК мектеп жанындағы лагерь балаларына кітапхана есігі айқара ашылып, жаздың бірінші күні қонақжайлылық танытты. Ұйымдастырылған бүлдіршіндер бұрышы әсем безендірілген суретті, жиналмалы, ойыншық кітаптарымен жас оқырмандарды сиқырлы әлемге жетелеп, қызығушылықтарын тудырды. Мультфильмдер патшалығының әлеміне саяхаттаған бүлдіршіндер сүйікті кейіпкерлерін естеріне түсіріп, белсенді түрде ойындарға, викториналарға қатысты. Жаздың алғашқы күні Халықаралық балаларды қорғау мерекесімен басталады. Осы мерекеге орай А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында балғын бүлдіршіндеріміздің мерекесіне арналған «Көтеріңкі көңіл-күй» күні өткізілді. Бүлдіршіндер театрландырылған қойылымдар мен мультфильмдер тамашалап, сиқырлы етікті Мысық өзімен бірге ала келген қиын жұмбақтарға толы байқаулары мен көтеріңкі ойындарына қатысты. Сонымен қатар осы мерекелік күнде өткізілген «Брось пустышку — возьми книжку» акциясына қатысушы кішкене бөбектерге түрлі-түсті кітаптар сыйға тартылды. Жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналған «Ашық аспан аясында» атты жаздық оқулардың ашылу салтанаты Қараменде би көшесінде жалғасын тауып, көше қызықты, қиял-ғажайып «Кітаптар алаңына» айналды.(№1)«Библиотека под открытым небом»


(ф№5)«Бүкіл әлем біз үшін жаралғандай» атты асфальтқа сурет салу байқауы өтті. Аталмыш шараға №3 жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері қатысты. Барлық байқауға қатысушы балаларға түрлі-түсті бор үлестіріліп берілді. Белгі берілген кезде барлық балалар бірден үлкен шабытпен асфальтқа сурет сала бастады.Балалардың әр түрлі идеялары таңқалдырды. Бұл іс-шарадан мүмкіншілігі шектеулі балаларамызда сырт қалмады. Оларда өздерінің шығармашылықтарын көрсете білді. Олардың салған суреттерінен бейбітшілікті, мейірімділікті өмірге деген құштарлықтарын байқауға болады. Асфальтқа салынған суреттерге қазылар алқасы баға беріп, балалар мақтау қағаздармен ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.«ЭКСПО-2017»,«Моя школа»,«Лето»,«Наша земля», «Моя Родина –Казахстан» атты суреттер марапатқа лайық деп танылды.(ф№1) Мектеп жанындағы «Болашақ» лагерімен бірлесе отырып «Чтобы было интересно и тебе, и мне, и всем» атты күн алаңқайындағы ойындар іс-шарасын ұйымдастырды. Үлкен қызығушылықпен балалар ертегі викториналарға, жылжымалы ойындарға қатыспып, түрлі-түсті кітаптарды тамашалады. Қатысушы балалардың күлкісі де қуаныштары да шынайы болды. Іс-шара шуақты, жайлы атмосферада өтті. №3 кітапхана-филиалында «Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты танымдық-бенефис өтті.



Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет