2017 жылдың І жартыжылдық жұмыс есебі Қысқаша түйіндеме



бет6/29
Дата30.04.2018
өлшемі5,39 Mb.
#40330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
. «Кітапқа өмір сыйла» атты акция аясында «Будь здорова, Книга!» атты кітап жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Шаг навстречу» клубының мүшелері кітапханашымен бірге 53 кітапты жөндеуден өткізді, олар кітаптарды желімдеді, түптеді. Балалардың еңбекқорлықтарының арқасында балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармаларға екінші өмір берілді. Кітапханашылар жас оқырмандарға алғыстарын айтып, келешекте кітаптарды ұқыпты қарау керектігін айтты.

(ф№5)«Атамекен» клубы ашылуы 2006 ж.Клубтың мақсаты балалардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, туған өлке туралы білімдерін жетілдіру, өлкемізден шыққан тұлғалармен таныстыру. Ұраны „Туған жер тұғырың, туған тіл қыдырың“. Әні „ Туған өлкем“



(ф№5) «Күншуақ» клубы «Әрбір бала жұлдыз, оның жарқырауына көмектес» деп дана халқымыз айтқандай, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу мақсатымен 2011 ж (ф№5)Қоңырат мөлтек ауданында орналасқан №5 балалар кітапхана-филиалында «Күншуақ» клубы ашылды. Алғашқыда 10 балаға арнап ашылған жоба 15 балаға жетті. Жоба

Мүгедек балаларды кітапханаға деген қызығушылығын оята отырып, оларды әлеуметтік- мәдени сауығу үшін жағдай жасауға негізделген. Олардың өзін толыққанды азамат ретінде сезінуі үшін, өмірге деген сенімін арттыра отырып, оларды сау балалардан оқшауламай, солармен бірге жұмыс істеп қоғам өміріне белсене араластыру. «Шебер қолдар» атты ермексазбен жұмыс өткізілді. Бұл кітапхананың  басты жобаларының  бірі мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс болғандықтан,  мұндай балалардың ақыл-ойын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін көптеген іс-шаралар өтіп тұрады. Осы ұйымдастырылған іс-шарада балалар өздерінің қолынан не келетіндігін көрсетті. Сәкітай А. биылғы тауық жылына байланысты тауықтың және балапанның формасын жасаса, Жакупова Т., Манатханова І., Нұрланқызы К., Тұрлыбекова Н. табиғаттың тамаша бейнесін, онда тіршілік ететін жәндіктердің, гүлдің формаларын жасап шығарды. Бұл жұмыстың қатты ұнағандықтарын  балалар қуанышпен жеткізді.

«Күншуақ» клубының мүшелеріне арналған «Гүлдер бағы» атты салфетка қағаздан  гүл жасау арқылы мастер класс өткізілді. Балалар іс-шараға қуана қатысып, әлеуметтік қызметкердің және кітапханашының көмегімен  әдемі гүлдер жасады.





Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет