2017 жылдың І жартыжылдық жұмыс есебі Қысқаша түйіндеме



бет8/29
Дата30.04.2018
өлшемі5,39 Mb.
#40330
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29

Халықаралық «Көк сандық саяхаты»

«Көк сандық саяхаты» Халықаралық жобасына қатысып, әр формадағы шаралар ұйымдастырылды. (ОҚБК)№2 мектеп-интернат оқушыларына арнап көк сандықшамен кездесу мерекесін өткізді. Балаларға Ресей, Германия елдерінен саяхаттап келе жатқан сандықшаның тарихымен таныстырды, қазіргі кезде біздің елде, біздің қаламызға келіп жеткенін баяндады. Оқырмандарымыз сыйқырлы сандықшадағы түрлі кітаптарды оқыды. Акция аясында кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды, балалар кітап көрмесін өте үлкен қызығушылықпен тамашалады.Көк сандықшаны ең алғашқы болып ашқан және өздеріне керек кітаптарды таңдағандардың  бірегейі «Жұлдыз» бала-бақшасының тәрбиеленушілері болды. Балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, сүйікті кейіпкерлерімен кездесті.

Кітапханашылар Алдар Көсенің баймен кездесуін, ондағы байдың қымбат тонын жыртық тонға айырбастауы жайында сахналық қойылымын көрсетті. Қатысушылар №10 ОМ оқушысы Наргиз Махмадованың ертегісін үлкен қызығушылықпен тыңдады, ал Жалмауыз кемпір болса  «В стране сказочных чудес» атты әдеби викторинасын өткізді. Іс-шара соңында балалар «Бауырсақ» ертегісіне сахналық қойылым қойды. (ОҚБК) «Жұлдыз» бала-бақшасына кезекті саяхатында «Көк жол сандық» кітапханалық фреш ұсынылды. «Білімділер әлемінен» келген жүргізуші «Көк жол сандық» акциясының басты мақсатын, тарихын және қай елдерде өткені жайында қысқаша түрде балаларға түсіндірді. Шара барысында балалардың сүйікті кейіпкерлері Буратино және Мыстан әжей бүлдіршіндермен қызықты ойындар ойнап,  «Топ-топ-топ, топ-топ Басайық», «Үш аю», «Үш күшік», «Кошкин дом» кітаптарды бірге қызықтады. Іс-шара өте  қызықты және көңілдіөтті. «Әдептілік мектебі» атты әдептілік сағатына №15 этикеттің тарихымен, кітапхананы пайдалану ережелерімен, қонақта өздерін қалай ұстауы, келген қонақты қалай күтуге болатыны жайлыэтикеттермен таныстырды.«Дастархан  басында өз-өзін ұстау» атты викторина сұрақтарына жауап берді,  орта мектептің  1-ші сынып оқушылары қатысты.Кітапханашы«Әдепті сөздер» атты тақырыпта жұмбақтар шешті. «Әдепті сөздерді кім көп атайды?» атты ойынын ойнады.

Мейірімділер қаласында мейірімді сөздерді іс-қимылмен көрсету керек болды, бұл ойында балалар өздерінің белсенділіктерін танытты. Ойшыл қаласында қатысушылар "Сәлем- сөздің анасы", "Қонақта өзіңді ұстау" атты байқауда өздерінің әдептіліктерін және тапқырлықтарын көрсете білді. Келесі Кешірім қаласында олар "Әдепті- әдепсіз" ойынына аса бір қызығушылықпен қатысты.Қағаздан құрастырудан шеберлік сағатын ұйымдастыру барысында кітапханашы аппликацияның дүние жүзі халықтарының қолөнерінде алатын орнының  ерекшелігін, қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі-аппликацияның бір түрі екенін айтып балаларға түсіндірді. Шеберлік сабағын өткізген «Жұлдыз» балабақшасының суретші- безендіруші Гүлнар Боранбаева жас ісмерлердің көңілкүйлерін шығармашылыққа бейімдеу үшін сабақ бойы классикалық әуен тыңдатып, бүлдіршіндер әр қағазды дұрыстап, үлкен ұқыптылықпен жапсыруларын қадағалады, көрсетті. Соңында қағаздан жапсырылған «Шұбар тауық» тамаша туындыларын кітапханаға сыйға тартты.

Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет