2019 жыл «саналы ұрпақ― жарқын болашақ»



Дата12.09.2020
өлшемі21,17 Kb.
#77872
түріСабақ
Байланысты:
5 тарбие сагаты
5 тарбие сагаты

«Алтыншоқы орта мектеп – бақша» КММ

Тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Саналы ұрпақ жарқын болашақ»

Сынып жетекшісі: Аққалақова Гульжамиля Жакуляновна

5 сынып

2019 жыл

«САНАЛЫ ҰРПАҚ― ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»

Білім күніне арналған азаматтық және патриоттық сабақ өткізу жоспары: 
Тақырыбы: Саналы ұрпақ―жарқын болашақ
Мақсаты: 
Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру
Күтілетін нәтижелер:
•  оқушылар еліміздің ертеңі―білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді
•  оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді, идеяларымен жұмыс жасауға дағдыланады
•  барлық оқушылардың пікірін тыңдау, бір-біріне қолдау көрсетуді үйренеді
•  оқушыларға еліміздің даму бағытын ұқтыру, болашақ білімде екенін түсінеді
Қолданылатын ресурстар
Интернет ресурстары, бейнежазбалар, топ ережесі
Көрнекі құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап-ақ әлемдік стандарттарға сәйкес институттар мен механизмдер құра отырып, мақсатты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асырып келе жатқанын атап өтуіміз қажет.

Бүгінгі таңдағы, қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында, біздің азаматтарымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары саналылығын қалыптастыру қоғамда бірінші орынға қойылып отыр. Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында ұлттың дамуына кедергі жасайтын өткеннің элементтерінен бас тарту қажеттігін атап көрсеткен болатын. Сыбайлас жемқорлық – бұл адамның бәсекеге қабілетті болуына және сананың ашықтығын дамыту мен прагматизмге кедергі жасайтын қоғамның әлеуметтік дерті. Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену мақсатына қол жеткізу үшін,  біз барлық күш-жігерімізді аямай,  мемлекет пен ұлттың дамуына кедергі келтірер әлеуметтік кесел ретіндегі жемқорлықты жоюымыз қажет», - деді .

«Қазіргі кезде елімізде жемқорлыққа қарсы іс- қимылдың барлық құқықтық құралдары жасалған. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілген, «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қоғамдық кеңес туралы», «Ақпараттың қолжетімділігі туралы» маңызды заңдар қабылданған. Біздің ортақ міндетіміз – жемқорлықты мүлдем қабылдамайтын ашық ойлауды, құқықтық және қаржылық мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық жемқорлықты жою. Мемлекеттік органдарға келген әрбір жан кейде келеңсіздікке тап болады. Мұндай жайсыз жағдай білім, денсаулық сақтау мекемелері немесе құқық қорғау органдарында кездесуі мүмкін.

«Бүгінгі күні еліміздің түбегейлі жаңаруы жағдайында адами капиталды дамыту міндеті алдыңғы орынға шығуда, өйткені ол Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына енуінде маңызды шарт болып табылды.

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.

Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ.

Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар өз елінің рәміздерін, Ата заңын білуге, әрі құрметтеуге әрбір азамат міндетті. «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт жанды азамат болуы керек», – деп атап өтті ел Президенті Н.Ә.Назарбаев.



Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта-оның ұлттық мектебі. Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған. Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деп, ұлт болашағын ұлттық мектепте, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен.

Сөз соңында айтарым, қазіргі кезде «Жастар – еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелейік дегім келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет