2050 жыл жай бейнелі дата емес



Дата07.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#95867
Байланысты:
КуандыковаСымбат20ЕА3


Қазақстан 2050
Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;
Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;
Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;
Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;
Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.
Бағдарламаның қарастыратын істері
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
2050 жыл - жай бейнелі дата емес.
Бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім.
БҰҰ-да 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының жаһандық болжамы әзірленді.
2050 жылға дейінгі болжамдық баяндаманы Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы жариялады.
Қазір елдердің дені осындай ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеп, қабылдауда. Қытай өзі үшін дәл осындай стратегиялық жоспарлау көкжиегін айқындап алды.
Ірі трансұлттық компаниялардың өзі алдағы жарты ғасырға даму стратегияларын әзірлеуде.
Он бес жыл бұрын, 2030 Стратегиясы қабылдағанда біздің жаңа мемлекетімізде дүниеге келген қазақстандықтардың жаңа буыны енді ғана мектепке баруға даярланып жатты. Бүгінде олар еңбек етуде немесе жоғары оқу орындарын аяқтауда.
Енді екі-үш жылдан соң Тәуелсіздіктің екінші буыны дүниеге келе бастайды.
Сондықтан қазірдің өзінде оларға дұрыс бағдар нұсқау туралы ойланғанның маңызы зор.
Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру.
Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс.
Дамушы елдер арасында осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс. Біз бірінші дәрежедегі мынадай мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:
– Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.
– Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.
– Ұлттық экономиканың жетекші күші - кәсіпкерлікке жан - жақты қолдау көрсету.
– Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.
– Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.
– Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру.
– Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.
Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет