22 «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиеші. Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық»



Дата20.06.2018
өлшемі1.93 Mb.
түріСабақ

Турсынова Куралай Кажмуханбетовна,

22 «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиеші.

Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы

Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық» (Ересектер тобы)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту, сөзбен айта білуге үйрету. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін(таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу.Балалардың ой-өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, танып, атай білуге, қанша? қандай? нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету. Апта күндерін атап білу.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Зейінін ақыл-ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға, жылдам есептеуге қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік: Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, дидактикалық, логикалық ойындар, тосын сый.

Көрнекілік: Бес ханшасы, «Бес хандығына» шақыру билеті, жұлдызшалар, фланелеграф, сурет, карточкалар.
Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Балалар шеңбер жасап тұрады.



Тәрбиеші:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Себебі бізге қонаққа көптеген апайлар келіпті. Олай болса қонақтармен амандасайық.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Тәрбиеші:

-Балалар бізді математика әлеміндегі «Бес санының ханшасы», «Бес хандығына» шақырып, мынандай шақыру билетін жіберіпті.

-Бес ханшасы бізді қонаққа аптаның үшінші күніне шақырған , кәне кім айтады, аптаның үшінші күні қалай аталады.

-Енді балалар сиқырлы кілемге отырып, бес ханшасының хандығына жолға шығайық. Балалар, кәне бәріміз кілем үстіне отырайық. Балалар бұл жай кілем емес, сиқырлы кілем, ұшатын ұшқыр кілем. Осы кілеммен ұшқыларың келе ме? Олай  болса  көзімізді  жұмып,  біріміздің  қолымыздан,  біріміз  ұстап  отырайық. (Көңілді  музыка  ойналады,  музыка  тоқтаған  кезде  көздерін  ашады)

Міне, балалар бес хандығына да келіп қалдық. Тәрбиеші балалардың назарын бес ханшасының танымдық белгілеріне назар аударады.

Сәлеметсіз бе, бес ханшасы! Біз сіздің шақыруыңызбен келдік.



Бес ханшасы: Сәлеметсіздер бе, балалар!

-Бұл  әлемге  тек  ақылды,  білімді  балалар  ғана  келеді. Мен  сендерді  көргеніме  қуаныштымын.  Балалар сендер беске дейін тура және кері санай аласыңдар ма?  Қазақ және орыс тілінде.(Балалар санап береді)

Мен сендерге түрлі тапсырмалар дайындап қойдым. Сендер орындайсындар ма? Бірақ менің бір шартым бар, тапсырмаларды екі топқа бөлініп, жарысып орындауларың керек. Келісесіңдер ме?

Тәрбиеші: Бәрекелді, олай болса тең екі топқа «Алғырлар» мен «Тапқырлар» болып бөлінейік.

Ханша: Менің тапсырмаларымды тез, әрі дұрыс орындасаңдар мен сендерге жұлдызша беремін.

1. Тапсырма: «Кім шапшаң?» екі топтың балаларына сұрақ қояды.

1. Қазір жылдың қай мезгілі?

2. Бір аптада неше күн бар?

3. Өтіп кеткен күн қалай аталады?

4. Қазір болып жатқан күн қалай аталады?

5. Келе жатқан күн қалай аталады?

6. Кемпірқосақта неше түс бар?

7. Бағдаршамда неше көз бар?

8. Аспанда қанша жұлдыз бар?

9. Қолғаптың неше саусағы бар?

10. Қазір таң ба әлде кеш пе?

Қай топ сұраққа көп жауап берсе, сол топқа жұлдызша беріледі.



2. Тапсырма: Ойын: «Сандарды ретімен орналастыр» 

1-5 дейін сандарды ретімен қою. Қай топ тез, дұрыс құрастырса соған жұлдызша беріледі.



Қостілділік компонент: 1-5 ке дейін тура және кері қазақша, орысша санау, тура санау-прямой счет, кері-обратный счет, кеңістік-пространство, уақыт – время.

3. Тапсырма: «Суретшілер ойыны» (кеңістікті бағдарлауға байланысты)

Ортасында – үй, жоғарыда мұржадан – түтін шығып тұр, күннің көзі жымиып тұр, бұлттар, төменде үйдің алдында– мысық жүр, оң жағында - ағаш өсіп тұр, сол жағында – балалар ойнап жүр.



4. тапсырма: Жоқ сандарды тауып, жаз. Әр топ кезекпен айтып жазады.

Сергіту сәті:

Сырға-сырға сырғалар,

Құлағымда ырғалар

Оң қолымда білезік,

Сол қолымда білезік.

Саусақтарда сақина,

Санап көрші қанеки?

Бір-екі-үш, бір-екі-үш,

Демалайық жинап күш.

5. Тапсырма: Жасырын сандарды тауып жаз (сурет бойынша).

-Балалар, бес ханшаймының келесі тапсырмасы оның үйінде сандар жасырынп жатыр. Сол сандарды қай жерде тұрғанын тауып айтып беру. (Ватманда сурет)



6.Тапсырма:«Уақытты бағдарлау» Жұмбақтар шешу.

1. Ұйқымыздан тұрамыз, беті қолды жуамыз.

Әжемізге ереміз, бақшамызға келеміз.

Бұл қай кезде болады?  (Таңертең)

2. Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз.

Серуенге шығамыз,қыдырамыз.

Бұл қай кезде болады?       ( Күндіз)

3. Күн батады қызарып,мамамызды күтеміз.

Бұл қай кезде болады?  (Кеш)

4. Үйлерде шам жанады, Дем алады бар әлем, деп әлдилеп ақ әжем.

Бұл қай кезде болады?    (Түн)

7. Тапсырма: Көршісін атап, жаз.

Қолға арналған саусақ жаттығу.

Өрмелеген өрмекші,

Өнеріңді көрсетші.

Қалай, қайтіп тоқыдың?

Мынау ғажап өрнекті!

8. «Өз үйіне орналастыр» санның құрамына байланысты.

Үйшікте санның құрамын жазу.



Ханша: Жарайсындар балалар! Енді қай топ жеңіске жеткенін жұлдызшаларды санап білеміз.Ал, қанеки санайық. Бәрекелді балалар,сендер бәрің ақылды, білімді екенсіндер. Балалар мен сендерге сыйлық беремін,оны балабақшаға барған соң көресіңдер. Сау болыңдар,балалар!

Балалар ханшамен қоштасып,сиқырлы кілемге отырып балабақшаға ұшып келеді.



Сабақты қорытындылап, мадақтау.
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет