3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Торпақ Айналайын торпақ, Бола берме қорқақ



бет17/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
Торпақ

Айналайын торпақ,


Бола берме қорқақ.
Тар болып тұр аула.
Тысқа шық та заула,
Әукешім-ау, күнде
Ойнайықшы бірге


Қозы

Айналайын, қозым,


Малда жуас бозым.
Өрісте жүр енең,
Дей бермеші емем.
Ұзап шық та үйден,
Оттығуды үйрен.
Көтерілсең бетке
Тойынарсың көкке.


Лақ

Жалт-жұлт етіп, лақ,


Жағалайсың бұлақ.
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап.
Құлақ деген шұнақ,
Көзің жанған шырақ,
Түгің бейне құрақ,
Тұрсың маған ұнап.

(А.Асылбеков)




Байқоңыр

Көк пен Жерді жалғаған,


Космодром – Байқоңыр,
Корабльдер самғаған,
Космодром – Байқоңыр.
Космонавтар мекені –
Қазақ жері Байқоңыр.
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім, Байқоңыр!


(Е.Ерботин)

5. Берілген мәтіндегі қарамен жазылған сөз, сөз тізбегіндегі дауыссыз дыбыстардың үндесіп-үйлесуін, ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдарын дұрыс пайдаланып, жаттығыңдар да орфоэпиясын сақтап, дауыстап оқып беріңдер, айтылудағы өзгеріс заңдылығын түсіндіріңдер.




Бота

Айналайын, Ботам,


Қандай күлте жотаң
Табандарың жалпақ.
Теріп жейсің жантақ.
Иіліп тұр мойның
Қанбайды екен ойның.
Тостағандай көзің,
Әдемісің өзің!


(А.Асылбеков)


Жұлдыз

Күндіз мені Күн – ана


Ұйықтатады жарқылдап
Түнде туам қуана
Тұрсын деп көк жарқырап.
Кейде мені Күн – ана
Көк теңізге шашады.
Теңізшінің қуана
Сапар жолын ашамын!


(А.Ханымана)


Бесік жыры

Ұйықта, бөпем, ақылдым,


Әлди-әлди, әлди-ай,
Бесігіңде ақырын
Нұр себеді алтын ай
Ертек айтып берейін,
Ән де шырқап көрейін,
Көзің жұмшы, қалғып-ай,
Әлди-әлди, әлди-ай


(М.Лермонтов)

6. Берілген сөздерді б дыбысының айтылу ерекшелігіне көңіл аударып жаттығыңдар, қандай заңдылық барын түсіндіріңдер:


а) Абай, бабай, Сасызбай, бөбек, Ақылбай, сабақ, арба, төбе, дорба, қарбыз, қызба, жүресіз бе? Қарайсыз ба? Келесіз бе? Табалдырық, абайла, абырой, айбат.
Мәтіндегі қарамен жазылған сөздің дұрыс айтылуына көңіл бөліп оқып беріңдер.


Бейбіт өмір символы
Таба алады кім бұны?
Ерекше құс басқадан,
Қай әріптен басталған?


(А.Меңжанова)

7. Берілген сөздерді дұрыс дыбыстап жаттығыңдар. Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырып, дұрыстап айтып беріңдер.


а) хас, хан, халық, хат, халықаралық, рух, тарихи, саясатшы, хатшы, қауіп, сахна, Хамит, Ахмет, Хасен, Хакім.


ә) Ел еркесі – бал ұлан,


Он жасқа толды «Балдырған».
Жасай бер, жақсы жігіт бол,
Халық мейірін қандырған.
(С. Мұқанов)

8. Сөз ішінде ықпал әсерінен и дыбысының өзгерісін тауып, түсіндіріп дұрыстап оқып жаттығыңдар.


Жауға жалынба, досқа тарылма (мақал).
Басқа қонған бақыттың ең үлкені – ақыл (мақал)
Жақсы бала – басқа қонған бағың да,
Жаман бала – тасқа сынған сағың да (мақал)
Еңбегі аздың - өнбегі аз (мақал).

9. Сөз ішінде не сөз аралығында нң, нғ, нг, нб дыбыс тіркестері көршілес келгенде, қайсысының өзгеріске ұшырайтынын ереже бойынша еске түсіріңдер, орфоэпиясын дұрыстап оқыңдар:


а) Сәнқой, жанға, түнгі, сөнбеді.


Біздер өткен жастық шақ

Біздер өткен жастық шақ,


Жайнап тұрған күнге тең.
Жайылғанда жас құшақ,
Шешек атқан бұл мекен.
Біздер өткен жастық шақ,
Жаз айындай әсем де,
Дауылдарда асыр сап,
Кеуде тостық нөсерге.
Біздің жастық лебіміз,
Толқынға тең топтасқан.
Күрестерге теліміз,
Өрендерміз от басқан...

(Қ.Бекхожин)


10. зш, сш, зс, шс дыбыс тіркестері көршілес келген сөздердің дұрыс айтылуына жаттығыңдар.


а) құсша ұшады; сөзсіз көнеді; тұзсыз ас; мен теңізшімін.


Бақбақ

Үрлеп едім бақбақты,


Үлпектерін қаптатты
Ұшты үлпектер жарасып,
Бейне сансыз парашют.
Олар желмен қалықтап,
Алысқа ұшты шарықтап.
Самолетке мініп ап,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет