3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Кейбір дауыссыз дыбыстардың айтылуы



бет15/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
Кейбір дауыссыз дыбыстардың айтылуы

  1. Қазақ тіліндегі б дыбысы екі дауысты дыбыстың арасында, үнді дыбыс пен дауысты дыбыстың арасында, ұяң з дыбысы мен дауысты дыбыстың арасында в дыбысы сияқтанып айтылады. Мысалы: асқабақ, әрбір, Бурабай, жазба сөздері: (асқавақ, әрвір, Буравай) болып айтылады: Көресіз бе? – (Көресіз ве?) Оқисыз ба? – (оқисыз ва?) т. б.

  2. Х дыбысы термин сөздер мен тарих, мәслихат, рухани, мұхит, насихат, саяхат сияқты сөздерде және кейбір кісі аттарында қолданылады. Х артикуляциясы жағынан қ дыбысына жақындау, бірақ бір дыбыс емес. Екеуі де тіл арты дыбысы.

  3. Н (тіл ұшы) дыбысының айтылуы. Н дыбысы сөздің барлық шенінде келе береді. Сөз ішінде не сөз аралығында кейінгі ықпалдың әсерінен екі түрлі өзгеріске ұшрайды:

а) сөз н дыбысына бітіп, жалғанатын қосымша ғ не г дыбысына басталса, н дыбысы ң болып айтылады. Мысалы: ( нан –ға –нанға); (кейін –гі –кейіңгі), (сан-ға – саңға) т.б.;
ә) сөз н дыбысына бітіп, жалғанатын қосымша не келесі көршілес сөз - м не б дыбыстарының біреуінен басталса, н дыбысы м болып айтылады. Мысалы: нан мен тер нам мен тер болып айтылады. Мұны айтқан сен бе? Мұны айтқан сем бе? болып айтылады.
б) есімшенің өткен шағы ( -ған/ген, -қан/кен ) жіктелгенде , ауызекі сөйлеу тілінде н түсіріліп айтылады ; айтқанмын айтқамын, бергенмінбергемін т.б.
в) В, Ф, Х, Ц, Ч, Ш дыбыстары қазақ тіліне енген термин сөздерде келеді.
4. Ассимиляция (дауыссыздардың үндесіп үйлесуі). Сөз ішіндегі не сөз аралығындағы көршілес дыбыстар бір-біріне әсер етіп, өзгертеді. Дыбыс арасындағы үйлесім мен өзгеріс:
а) толық үйлесу түрінде келеді: ашса (ашша), сөзшең (сөшшең), сөз сөйледі (сөс сөйледі), айтып бер (айтып пер) түрінде алдыңғы дыбыстарын өзіне үйлестіреді, не кейінгі дыбыстарын өзіне үйлестіреді;
ә) жартылай үйлесу – мұнда дәл ұқсату емес, тек ұяңдық не қысаңдық жағынан қатар келген дыбыстардың бір-біріне ұқсап айтылатыны: Ақбала (Ақпала), Қамысбай (Қамыспай), қаз+ға.
б) екі жақты үйлесу: Аманкелді (Амангелді), Оңкүндік (онкүндік) сияқты сөздердің айтылуында екі жақтан да үйлесу бар. Бұлар ілгерінді, оған керісінше кейінді ықпал бір-біріне әсер етіп, сөз ішіндегі дыбыстар айтылуда екі жақты өзгеріске ұшырайды.
5. Қатаң дыбыстардың ұяңдап айтылуы. Дауысты і, ы, а, у, сонар й, н, л,р ұяң з дыбыстарынан соң келеді. Мысалы: а) і, -к-г: екі күн (екігүн), кісі келді (кісігелді), көргісі келді (көргісі гелді);
ә) ы-к-г: тағы келдік (тағы гелді) азды-көпті (азды гөпті);
б) а-к-г: айтса керек (айтса герек). Майра келді (Майра гелді);
в) у-к-г: беру керек (беру герек), оқу керек (оқу герек), біреу келді (біреу гелді);
г) м-к-г: кім керек (кім герек), қалам көп (қалам гөп), Мейрам келе жатыр (Мейрам геле жатыр);
д) й-к-г: шай керек (шәй герек), сай келді (сай гелді); жай көрінді (жәй гөрінді);
е) н-к-г: күн көзі (күн гөзі), күн көріс (күң гөрүс);
ж) л-к-г: бал керек (бал герек), сол күні (сол гүні);
з) р-к-г: келер күн (келер гүн), гүл керек (гүл герек), қасқыр көрдім (қасқыр гөрдім);
и) з-к-г: қыз келді (қыз гелді), саз кешті (саз гешті);
к) қос сөздерде де осындай құбылыс болады: ерсілі-қарсылы (ерсілі-ғарсылы), қолма-қол (қолма-ғол);
л) к,қ дыбыстарының ұяңдауы сөз ішіндегі алдыңғы және соңғы дыбысқа да байланысты болады: ертек айт (ертег айт), керек еді (керег еді).
Сонымен, к, қ дыбыстарының сөз ішінде, сөз аралығында ұяң айтылуы орфоэпиялық нормаға байланысты екен.
6. Орыс тілінен енген ұяң б, в, г, д дыбыстарына аяқталған сөздер қатаң п, ф, к, т болып айталады, бірақ бұл жазуда ескерілмейді, орфоэпияға ғана тән (Ленинград – Ленинграт, педагог-педагок).
7. Сөздің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш лыбысының алдынан келсе, ол екеуі айтылуда ш болып естіледі. (жұмысшы-жұмышшы, сөзшең-сөшшең).
8. Сөздің соңғы з дыбысы с дыбысының алдынан келсе, з дыбысы с болып айтылады (көз салкөс сал, тұзсызтұссыз; жазса-жасса).
9. Сөздің соңғы дыбысы з болып, тетелес сөз ж дыбысынан басталса, з өзгеріп, ж болып айтылады (Оразжан - Оражжан; қыз жігіт – қыж жігіт) т.б.
Дұрыс сөйлеу стильмен де байланысып жатады. Өйткені қарым-қатынастың түріне қарай әр нақты жағдайға байланысты қажетті сөз сұрыпталып алынып, орынды жеріне жұмсалады. Сөйлеу қарқынын бірде тездетіп, бірде баяулатып сөйленген сөз мақсатты ойға дөп келуі көзделеді, екінші сөзбен айтқанда, тіл құралдары стильге сай жұмсалады.
Стиль ұғымы тек лексиканы, фразеологияны, грамматиканы ғана қамтып қоймай, сонымен бірге тілдің дыбысталу жағы – фонетикасын да қамтиды.
Р.И. Аванесов орыс тілін айтылудағы қарқынына байланысты үшке бөледі: «Негізгі стиль, бейтарап стиль, бұлардан бұтарланып шығатын жоғары стиль және ауызекі сөйлеу стилі. Бірақ бұл стильдердің әрқайсысы өз алдына томаға тұйықтықта, жеке-дара қарастырылмайды, қайта бірімен-бірі тығыз байланыста қарастырылады, олар бір-бірімен астасып жатады. Жоғары стиль мен ауызекі сөйлеу стилі бейтарап стильден ерекше болады». «Сөйлеу стилін үш түрге бөлу орынды, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі барлығы дәлелді.
Ауызекі сөйлеу стилінде сөз жылдам қарқынмен айтылады. Сөйлеуде сөйлем мүшелері толық болмайтыны, жіктік жалғауы қысқартылып айтылуы, мысалы, келем, айтам, білем. Кейбір сөздер кірігіп: сүйт, бүйт, сосын, о йақ, бұ йақ болып айтылуы кездесе береді.
Қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормасын сақтайтындар – артистер, дикторлар, мұғалімдер, үгітшілер, саяси шолушылар және басқалар.
Орфоэпиялық норманы игеруге үлгі болатындар – көркем сөз шеберлері. Олардың күйтабаққа жазылған сөздерін тыңдау пайдалы. Сондай-ақ әркім өз даусын пленкаға, не күйтабаққа жазып, тыңдап, қатесін түзетуге, даусын жақсартуға болады. Сондай-ақ, арнайы жаттығу да қажет.
Орфоэпиялық норманы құрайтын дауысты, дауыссыз дыбыстардың дұрыс айтылуы мен сөз екпіні. Қазақ тілінде сөз екпіні мағына өзгертпегенмен, сөздің дұрыс айтылуы мен мағынаның дұрыс берілуіне әсерін тигізеді. Сөзде негізгі, көмекші екпін болады. Көп буынды сөздерде көмекші екпін екі рет кездесуі де ықтимал (Балаларымызға). т.т.


Жаттығулар

1. Мәтінді іштей оқып шығыңдар. Қарамен жазылған сөздердің орфоэпиясына көңіл аударыңдар да, орфоэпия ережесін дұрыс қолданып, дауыстап оқып беріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет