3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет5/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
Әжесі мен Бағлан



  • Жүрегім кім менің?

  • Мен.

  • Тірегім кім менің?

  • Мен

  • Жаным кім менің?

  • Мен

  • Сәнім кім менің?

  • Мен.

  • Ботақаным, Бағлан қозым,

Не деген тәтті баласың өзің.
Қабдікәрім Ыдырысов


«Рахмет»

Балақайды жұбатып ек,


Апай айтты «Рахмет».
Малды өріске ұзатып ек
Айтпады ешкім «Рахмет»
Бейсебай Кірісбаев
1.2. Сөйлеу техникасы

Оқушыларды мәнерлеп оқуға даярлау үшін алдымен сөйлеу техникасына жаттықтыру, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс түсіндіру керек.


Көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талап етеді. Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған, дағдыланбаған адам көркем шығарма мәтінін тыңдаушыларына ауызша мәнеріне, мақымына келтіріп жеткізе алмақ емес. Сөйлеу техникасын игеру тәсілі музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты. Егер аспап күйіне келмесе, орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді, тыңдаушылардың құлағына жағымсыз тиеді. Демек, мәтінді оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп, дайындық жұмысын жүргізу қажет.
Сөйлеу техникасына: тыныс алу (ауаны ішке жұтып, сыртқа шығару), дауыс, дикция (үн реңкі) жатады.
Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін, тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру, сөйлеу техникасын жақсы біліп, игеру міндеті қойылады. Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде, дыбыстардың шығу, жасалу орнына айрықша көңіл бөлінеді. Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.
Мәтінді мәнерлеп оқушы, әңгімелеуші сөйлеу техникасына ұдайы, үздіксіз жаттығып, дағдылануы тиіс. Сонда ғана дикциясын жетілдіреді, сөйлегенде дұрыс тыныс алуға әбден машықтанады, әдеби тілдің дұрыс дыбысталуына төселеді.
Сөйлеу аппаратының мүкіссіз болуы мәнерлеп оқу мен оның техникалық жағының дұрыс ұйымдастырылуының негізгі шарты болмақшы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет