3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет7/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
1.3. Тыныс.

Тыныс - демді ішке тарту, дем шығару.


Сөздің айтылуы (естілуі) тыныс мүшелері арқылы іске асады. Дауыстың таза, әсем шығуы және түрлі реңкте құбылуы дұрыс тыныс ала білуге, яғни ауаны ішке жұту, сыртқа шығарумен байланысты. Сөйлер алдында ауаны ішке жұту керек. Демді ішке тартқанда өкпе ауаға толады да, көкірек қуысы кеңейеді, қабырға көтеріледі, ал диафрагма (көк ет) төмен түседі. Ауа өкпеде іркіледі де, сөйлеу кезінде біртіндеп үнеммен сыртқа шығады.
Тыныс алудың үш түрі бар: олар – диафрагма арқылы, көкірек арқылы, қабырға арқылы тыныс алу.
Тыныс алуда диафрагманың рөлі күшті. Ауа өкпеге мол кірсе, диафрагма көтеріліп, дем тереңдейді, ал дем шығарғанда ол қаз қалпына түседі. Мұны диафрагмалық тыныс алу дейді. Көкірек арқылы тыныс алғанда, қабырға мен иық көтеріледі де, дем шыққанда төмен түседі. Қабырға арқылы тыныс алғанда, көкірек клеткасы кеңейеді, қабырғалардың қозғалысы өзгереді.
Тыныс алу еріксіз, ерікті болып бөлінеді.
Еріксіз тыныс алу дегеніміз – демді ішке жұту, дем шығару, шұғыл кідіріс жасау. Бұл кәдімгі сөйлеу процесінде болады.
Ерікті тыныс алу дегеніміз – демді ішке тарту, кідіріс жасау, дем шығару. Тыныс алудың бұл түрі көркем шығарманы мәнерлеп оқуда, айтуда қолданылады. Демек, тыныс алуды адам өзі реттеп, қалауынша жұмсай білуі керек.
Демді сыртқа мүлде сарқа шығармаған дұрыс. Немесе демді ішке алғанда иықты көтермеу керек. Табиғи толас кезінде ауа өкпеге тыныс жолы арқылы елеусіз кіреді де, көкірек пен қабырғаның жоғары жағы көтеріліп, қозғалыссыз қалыпта тұрады, тек диафрагма ғана қозғалады. Тыныс алудың бұл түрі қабырға диафрагма арқылы ерікті тыныс алу делінеді.
Тәрбиеші-педагогтардың есте сақтайтын жайлары:
Сөйлеу аппаратын күте білу керек. Қандай бір жақсы дауыс болмасын оп-оңай бұзылады.
Дауысты бұзып алмау үшін, мынадай ережені мұқият сақтаңыздар:
1) Әркім өзінің табиғи дауысымен сөйлеуге тиіс. Айқайлап, тым қатты сөйлемеген дұрыс. Бұл сөйлеу аппаратын бұзады.
2) Тамақ кеберсіп, жыбырлағанда жөтелмей, аздап су ішіп жіберген жөн.
3) Ұзақ сөйлеп, не ұзақ өлең айтып дауысты шаршатпаған абзал.
4) Тамақты суыққа шалдырмаған дұрыс. Денең қызып, не терлеп тұрғада суық су ішпеу, балмұздақ жемеу, аязда терең дем алмау және аз сөйлеу керек. Тамаққа суық тиген жағдайда мүлдем сөйлемеген дұрыс. Салқын ылғалды ауада өлең айтпау керек.
5) Мұрын жолының ауруынан сақтаныңыздар. Дауыс пен тыныс аппаратының аз да болса ауырғанын байқасаңыз, дәрігерге көрініңіз.
Сөйлеу мен дауыстап оқу кезіндегі ерікті тыныс алуға сәйкес жаттығып төселуге болады. Алғашқыда дағдылану, жаттығу, мұғалімнің басшылығымен өткізіледі. Одан кейін жаттығуды өз беттеріңше жүргізуге болады.


Жаттығулар
1) Өзіңді қыстамай еркіңше тік тұру керек. Әсіресе, иық пен мойынның еркін болуын қадағалау қажет, иықты сәл жазыңқы ұстау керек.
Диафрагманың қозғалысын бақылау үшін, бір қолыңды құрсақ қатпарының жоғары жағына, қабырғаның қозғалысын бақылау үшін, екінші қолыңды бүйірге белден жоғарырақ қою қажет.
Азырақ дем шығарып, демді ішке тартуды ептеп соза түсу үшін (демді ішке алғанша) аузыңды жауып, мұрын арқылы елеусіз ғана ауа жұтып, танауды қозғамай жайлап дем шығару керек (5 сек).
Біртіндеп дем шығаруға даярлану үшін, өкпеде ауаны біраз бөгеу (2-3 сек) а дыбысын айтқандағыдай ауызды ашып, демді бірден шығармай, біртіндеп, баяу, тек диафрагманың қозғалысымен (4-5 сек) шығару дұрыс. Өкпеде ауа қорын жасау үшін, қабырғаның қозғалысын біршама бөгеген жөн.
Қ а б ы р ғ а м е н қ а р ы н қ а т п а р ы н б о с а ң с ы т у.
2) Негізінен бірінші жаттығудағы тапсырмалар, тек дем шығару мерзімі 1 секундтан 10 секунтқа дейін созылады, одан артпауға тиіс (күн сайын жаттығу).
3) (санақ).
Демді ішке тарту (3 сек). Бірінші жаттығудағыдай тыныс алуды бекіту. Дем шығарғанда дауыстап, асықпай 1, 2, 3, 4, 5 деп санау керек (анық айтыңдар).
Төменгі тыныс жолы (кеңірдек тарамы мен бронх) арқылы ауаны мол жұту (қабырға мен иық қозғалмайды).
Тағы 1, 2, 3... 10-ға дейін дауыстап санау, қабырғаны қозғамау, құрсақ қатпарын босаңсытпау (1-жаттығудағы секілді диафрагма мен қабырғаның қозғалысын бақылау).
Қосымша ауа жұту (1 сек).
Дауыстап 11, 12, 13... 15-ке дейін санау (санағанда жеделдетпеңіз). Қабырға мен құрсақ қатпарын босаңсыту. Тыныстау.
4) (санамақ).
Демді ішке тарту (3 сек).
Дауыстап санау (1, 2, 3...5)
Қосымша ауа жұту (1 сек)
Дауыстап санау (1, 2, 3... 6)
Қосымша ауа жұту (1 сек)
Дауыстап санау (1, 2, 3... 7) (жаттығуларды қайталағанда санауды 15-ке жеткізуге болады).
5) Белгілі бір мәтінді оқып, өз тынысыңды тексер. Оқып болған соң, мәтіннің қай жерлерінде ауаны мол жұттың, қай жерінде аз қосымша ауа жұтқаныңды белгіле. Өлеңді оқығанда бунақ, тармақ кідірісін сақтаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет