3-4 Зертханалық жұмыс Тақырыбы



бет5/7
Дата06.02.2022
өлшемі22,62 Kb.
#80858
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Зертханалық сабақ 3-4

Фоль реакциясы
https://www.youtube.com/results?search_query=%D1%84%D0%BE%D0%BB%D1%8C+%D1%80%D0%B5%D0%B0%D0%BA%D1%86%D0%B8%D1%8F&ab_channel=%D0%A8%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D0%AD%D0%BA%D1%81%D0%BF%D1%80%D0%B5%D1%81%D1%81
Бұл арқылы құрамында күкірті бар амин қышқылдары ашылады.
Цистеин мен цистин молекулаларындағы күкірт онша күшті байланыспағандықтан, оны негіз бен күкірт сутек түрінде оңай гидролиздеуге болса, ал ол әрі қарай сілтімен әрекеттесіп, натрий немесе калий сульфидтерін береді.


Нәруыздарды тұнбаға түсіру әр түрлі реактивтер арқылы іске асады. Нәруыздар коллоидты ерітіңді береді. Себебі нәруыз молекуласының бөлшектерінің зарядтары болады. Нәруыздардың -тұнбаға түсуі, олардың бөлшектерінің дегидратациялануына су қабаттарының бұзылуына байланысты. Осыған байланысты нәруыз молекулаларының тұрақтылық факторларының бірі жойылады, яғни олардың бөлшектері іріленіп коагуляцияланады.  Сондықтан тұнбаға түседі.
Нәруызды заттардың физико-химиялық қасиетгеріне көптеген факторлар әсер етуіне байланысты, олардың макро,- молекулаларының структурасы өзгеріске ұшырайды. Бұл процесс бізге денатурация түрінде белгілі. Денатурация кезінде нәруыздың макромолекулаларының активті конформациясы бұзылады. Әсіресе мұның олардың коваленттік /пептидтік/ байланыстарын бұзбай-ақ екіншілей және үшіншілей структураларын өзгеріске түеіруге әсері болады.
Денатурациялануды болдыратын факторларды физикалық және химиялық деп екі топқа бөледі: физикалық факторларға – температура, механикалық әсерлер, ультра-дыбыспен өңдеу, ионизациялық сәулелендіру әсері жатса, ал химиялыққа – ауыр металдардың иондары, минерал және органикалық қышқылдар, аммоний тұздары, сілтілік және сілтілік жер металдары тұздарының ерітінділері; органикалық еріткіштер /спирт, эфир, ацетон, хлороформ және т.б./, алкалоидты реактивтермен тұнбаға түседі. Әсер етуі жағынан бұларға ұқсас детергенттер, несеп нәрі, кейбір бояғыштар жатады.
Кейбір физикалық факторлардың әсер ету механизмін жан-жақты қарастыру керек. Мысалы, ультрадыбыс толқындары мен ионизациялық сәулелендіру әсерлері салдарынан нәруыздың макромолекулалары химиялық өзгерістерге ұшырайды.
Нәруыздарды тұнбаға түсіру реакциялары қайтымды да қайтымсыз да болып келеді. Қайтымды болса, тұнбаға түскен нәруыздын макромолекулалары негізінен терең өзгеріске ұшырамайды, сондықтан тұнбаны алғашқы еріткіште /мысалы, суда/ қайтадан ерітуге бйлады. Қайтымды тұнбаға түсіру аммоний тұздары, сілтілік және сілтілік жер металдары тұздарының /тұздау/, спирт пен басқа да органикалық еріткіштердің әсерлерінен болады.
Қайтымсыз тұнбаға түсіруде нәруыз терең өзгеріске ұшырайды да, ол гидрофильды қасиетінен айырылып, гидро-фобтыға ауысады. Денатурацияланған нәруыз, өзінің бастапқы физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін қалпына келтіре алмайды. Қайтымсыз тұнбаға түсіру жоғары температураның қышқылдардың ауыр металдар иондарының алколоидты реактивтердің детергенттер, бояғыштар әсерлерінен де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет