3 бет Негізгі бөлім



бет6/8
Дата09.03.2023
өлшемі2,07 Mb.
#171581
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (6)
1538213394, А2 рк4 с ответами, ОЛИМПИАДА 5-11, Б дыбысы мен әріпі, билет 1-5, дайын иупм Кенжегулова Н.К. (1), жылдык еесеп жансая, эссе---, Документ Microsoft Office Word, Science project
Андыздың тамыры Азияның шығыс бөлігінде өсетін андызды Шыңғыс хан тараты деген аңыз бар. Андыздың дәрілік қасиетіне сенген Шыңғысхан атты армияны сақтап қалу үшінәрбәр әскеріне өздерімен бірге андыздың тамырын алып, басып алған жерлеріндегі шалшық сулы, сазды жерлерге егуді бұйырады. Сонда сол жердегі су тазарады, әскер, ат сол жерден таза су ішіп ауру-сырқаудан аман қалады деген түсінік қалыптасқан.
Андыздың негізгі тамыры жуантық, көлбей өседі. Көлбеудің үстінен сабақ шығарып тік өседі. Жапырақтары сабағына орай жабысып өседі. Жоғары гүл шоғырына барғанда сопақша үшкіл гүлдері көрініп, бөлектене бастайды. Сабағының түсі жасыл үш қырлы болып келеді. Тамырының сырты жасыл, іші ақ болып келеді. Сындырып қарағанда іші қуыс, ауа жүретіні байқалады. Сабақ бастарында ұзындығы 12 см дейін жететін гүл шоғыры болады. Гүл түсі жасыл , көк болады. Гүл шоғы ортасында қызыл жемісі сияқты жемісі өсіп тұрады. Бірақ бұл табиғи отаны Қытай мен Үндістанда ғана көрінеді. Ал бізде басқа да өңірде өскендері тұқым бермейді. Тек тамырынан өседі.
Андыз көне заманнан бері бауыр, буйрек ауруларын емдеуге, жүрек қалыптан тыс соққанда, зәрді жүргізетін дәрі ретінде қолданған. Оның тамыр сығынды шырынын көзге тамызғанда көру мүмкіндігі артып, есте сақтау қабілеті сақталған.

  1. Қан қысымы төмендегенде жарты шай қасық,тамыр үгітіндісін ашылау шыққан бір стакан шайға қосып, ірі жолы 3 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Бір аптаға жалғастырса нәтижесін көруге болады. Шайға қосатын мөлшерін асырып жібергенде жүрек қағып, кері әсері болуы мүмкін. Одан сақтану керек.

  2. Аллергия барысын жеңілдеті үшін андыздың бір үлкендеу тамырын алып, ұнтақтап,1 литр 40 градустық спиртке салып, 20 күн жылы жерге қояды. Осыдан соң сүзіп астан соң бір шай қасықты бір стакан қайнаған салқын сумен ішеді. Астан сон күніне екі рет. Мұны ішіп жүргенде ет жеуге болмайды.

  3. Есте сақтау қабілетін жақсартып, ерлердің қуатын күшейту үшін андыз тамыр ұнтағын тең мөлшерде балмен араластырып, жарты шай қасықтан ас алдында күніне 3 рет жейді. Бір емделу барысы 15 күн.

  4. Буын ауруларына тамыр ұнтағын ысқылап, сүртіп жылы орайды. Қоғамдық транспортта жүрегі айнып, құсқысы келетін адамдар, сапарды көтере алмай қиналатын жүкті әйелдер андыз тамырынан шайға шағындап салып ішетін болса, жайлы сапар болады.

  5. Асқазан жұмысы бұзылып, ыңғайсыздық туындаса, жарты стакан ақ иогуртқа жарты стакан қайнаған су, бір шай қасықтың төрттен біріндей андыз бен мускат жаңғағының үгітіндісін қосып ішсе, ауру тоқтайды.

  6. Бас ауруынан құтылу үшін бір шай қасық андық тамырының ұнтағын жылы суға араластырып, қоймалжың дәрі жасайды. Осыны екі шекеге, мұрының екі жақтауына, жаймалап жазып қояды. Осы кезде жыбырлатып күйдіргендей болса одан қорқудың қажеті жоқ.

  7. Шиқанның ортасындағы өзегін тартып шығару үшін жарты шай қасық андыз тамырының ұнтағын сондай мөлшердегі куркуммен қосып, қоймалжың дәрі жасайды. Соны шиқан үстіне тартады.

  8. Бұлшық еттердің шаршап, сынып ауыруына 2-3 ас қасық андыз тамырының үнтағын 10 минут шағын суға қайнатып, шоылатын астаудағы суға қосып шомылады. Бұл ауырғанды азайтып жеңілдік әкеледі.

«…Халық денсаулығы ол — Қазақстанның өзінің стратегиялық
мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі.
9
Бүгін біз медициналық қызметке нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру мен ақы төлеу жүйесін енгізуді дайындаудамыз. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайлар жасалып жатыр
Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады.
Елбасы Жолдауы жолдарынан
-Елбасының биылғы Жолдауында айтылған мәселе тоқсаныншы жылдардан кейін де көтерілген болатын. Ол уақытта фармакология кафедрасының меңгерушісі академик Райса Көзденбаева болды. Ол ғылыми жұмыстармен айналыса жүріп, қызылмайды препарат ретінде ғылыми түрде дәлелдеп, мемлекеттік тіркеуден өткізуге үлкен еңбек сіңірді. Әлі есімде, Райса Көзденбаева Алматыға барған сапарында қызылмайдың авторы Перепилицамен кездесіп, бір бөшке қызылмай алып келді. Сөйтіп майды түрлі зертханалық тексерулерден өткіздік. Яғни, қызылмайдың дәрілік өнім ретінде қолданысқа енгізілуіне біздің ғалымдар үлкен үлес қосты. Осыдан кейін оқу орнының ғалымдары арасында неге өзіміздің өңірде өсетін өсімдіктерді зерттеп, осындай емдік май шығармасқа деген ұсыныс айтылып, көп ұзамай іске кірісіп кеттік. Әрине, аталған жұмыстың күрделі әрі қиындығына қарамастан, бастаманы аяқсыз қалдырған жоқпыз. Өсімдіктерді жинау, оларды зерттеу, сараптамалық, клиникалық, химиялық, радиациялық тексерулерден өткізу, денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін анықтау, тәжірибе жүргізу, барлығы ұзақ уақытқа созылды. Зерттеу жұмыстарының барлығы өзіміздің шағын ғылыми зертханада жүзеге асты. Бұдан кейін фармакологиялық комитет арқылы тексерулерден өтті. Жалпы, бір өсімдіктен емдік май сығындысын алу үшін 7-8 жыл уақыт керек. Мәселен, соңғы мемлекеттік тіркеу 2008 жылы өткізілді. Осындай ұзақ уақыт еңбектің нәтижесінде бес түрлі май сығындысын, яғни мия, ошаған, андыз, қалақай, шүкір майын дайындадық. Оның ішінде шүкір майы полифитті, яғни бірнеше өсімдіктер майының қоспасынан дайындалса, қалғаны бір ғана өсімдіктен алынды. Мәселен, мия майы гинекологиялық ауруларға, ал қалақай қан аздық ауруларына бірден-бір ем. Бұдан бөлек аталған андыз өсімдігінің тамыры адам ағзасына тигізер пайдасы ұшан теңіз, — дейді М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің фармакология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Надия Мавлюдова.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет