3 бет Негізгі бөлім



бет2/8
Дата09.03.2023
өлшемі2,07 Mb.
#171581
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (6)
1538213394, А2 рк4 с ответами, ОЛИМПИАДА 5-11, Б дыбысы мен әріпі, билет 1-5, дайын иупм Кенжегулова Н.К. (1), жылдык еесеп жансая, эссе---, Документ Microsoft Office Word, Science project
Зерттеу әдістері:

  1. Оқулықтардан және ғаламтордан алған мәліметтерді талдау.

  2. Андыз тамырын пайдаланып тәжірибе жасау.

а) Тамырды күзде жинап кептіру
ә) Кептірілген тамырды қайнаған суға салып тұнбасын тамақ ішер алдында жарты сағат бұрын стақанның 3/1 бөлігін күнде ішу.
б) Спиртке немесе араққа тамырды салып жылы жерге 15-20 күнге тұндырып қойып аяқ-қол сырқырағанда жағу
в) Жылқы малы жөтелгенде ауыздыққа байлап қойып 1аптада салқыннан айықтыру.
Зерттеу нәтижесі:
Андыз өсімдігі Біздің Бесқоспа аулының маңында өсетінін біліп 2020 жылы күз мезгілінде әкеммен барып тамырын қазып алып оны таза, құрғақ жерде кептіріп алдық.
Андыздың тамырын адамға салқын тиіп жөтеліп ауырғанда оны суға әбден жуып тамырдың кішкене бөлігін жарты литр суға қайнатып суын сүзгіден өткізіп тамақ алдында стақанның 3/1 бөлігін 4-5 күн ішкенде жөтелді сап тидырды. Әкем мен анам қол аяғы салқыннан сырқырап ауырғанда спиртке немесе араққа андыздың тамыр бөліктерін салып бірнеше күнге жылы жерге қойып қояды. Қойылған заттың түсі қызыл түс береді. Содан кейін ауырған жерге жағуға болады және оны ас қасықпен бір қасық ішсе салқынды ағзадан қуып шығады.
Андыз тамыры тек адамға емес жылқы малы салқыннан жөтелгенде менің әкем аттың ауыздығына байлап 5 күндей емдеді. Сонда 5 күн ішінде аттың жөтеліп ауырғаны кетті.
Андыз өсімдігінің тамыры салқынмен ауырғанда емдік қасиеті өте күшті екендігін білдім.


Кіріспе

Андыз өсімдігінің бірнеше түрлері бар. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Әсіресе көп таралғаны биік андыз және қара андыз. Осы андыз түрлері зерттеліп олардың адам ағзасына емдік қасиетінің бар екендігін ойлап табылып, дәрі дәрмектер жасауда Қазақстанның бірнеше қалаларында жасалып шығарылады.


Ол дәрі преператтарының атаулары Аллантон, Қайпатпа,Девять сил сусыны. Бұл дәрілер бауыр ауырғанда, буын ауруларына, салқын тигенде қолданылады. Бұл өсімдіктер Қазақстанда ТМД елдерінің Европалық бөлігінің Оңтүстік және Орталық аймақтарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Шымкент маңайларына өседі. Дайыңдау аймақтары – Краснодар, Ставрополь өлкелері мен Қазақстан. Андыз өсімдігінің тамырын күз мезгілінде қазып алып 3-4 күн қақтап кептіріп алады. Оны құрғақ жерде сақтайды. Андызды барлық ауруларға ем десек те болады.
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған. Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы» аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көреміз.
Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктерде жатады, өйткені олардың көпшілігі адамның көңіл күйін көтерумен ғана шектелмейді, бойындағы барлық сергектік заттардың арқасында олар денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау- бақшаларымызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерін де аса бағалы, «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет