3 бет Негізгі бөлім



бет5/8
Дата09.03.2023
өлшемі2,07 Mb.
#171581
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (6)
1538213394, А2 рк4 с ответами, ОЛИМПИАДА 5-11, Б дыбысы мен әріпі, билет 1-5, дайын иупм Кенжегулова Н.К. (1), жылдык еесеп жансая, эссе---, Документ Microsoft Office Word, Science project
Дәрілік препараттарыҚайпатпа, «Аллантон», «Девять сил» сусыны



8


Зерттеу бөлімі:
Андыздың адамға пайдасы

Бауыр ағзаның басты сүзгісі. Бауыр шлактанғанда адамдардың жиі басы ауырады,түнгі ұйқысы бұзылады, тәбеті болмайды. Сондай уақытта:


Шайшөп (зверобой продырявленный) шөбі, түй-мешетен (пижма) гүлдері, мыңжапырақ шөбі, дәрі түй-медақ (ромашқа аптечная) гүлдері, шоңайна (лопух большой) тамыры, итмұрын (шиповник) жемістері, шалфей шөбі, андыз (девясил) тамыры, қызылтаспа таран (горец птичий) шөбі, үштармақ итошаған (череда трехраздельная) шөбі. Әрқайсы-сынан 10 г алады. Осы қос-паның 1 ас қасығын 0,5 л қайнаған суда тұндырады. Кү-ніне 3 рет тамақ ішер алдында 30 минут бұрын 1/3-1/2 стақаннан ішеді.
Дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын сақтау ерекшелiктерi
Дәрiлiк өсiмдiк шикізатын құрғақ, ауасы таза үй-жайда жақсы жабылған ыдыста:
дәрiханаларда - шыны, металл ыдыстарда, қақпағы бар жәшiктерде;
қоймаларда - түктерде немесе жабылған жәшiктерде, стеллаждарда сақтау қажет.
Кесілген шикiзат талшықты қаптарда, ұнтақтар - қосақталған қаптарда (ішкiсi - қағаз, көп қабатты, сыртқысы - талшықты қаптарда) сақтайды.
Эфир майларынан тұратын дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын жақсы тығындалған ыдыста оқшау сақтайды. Андыз түбiрлерiн, кориандр мен арша жемiстерiн, арник пен жөке гүлдерiн хлороформмен қабаттастырып, осы топтағы қалған шикізатты хлороформсыз сақтайды, өйткенi ол эфир майларының ұшып кетуiне әсерiн тигізедi.
Гигроскопикалық қасиеттерi бар шөптердi, жапырақтарды, жемiстер мен түбiрлердi герметикалық тығындалған және қажет болған жағдайда парафин құйылған (жалбыз жапырақтары, бүйрек шайы, тiкенек түбiрi) шыны немесе металл ыдыста сақтайды.
Кептiрiлген жемiстердi сақтау кезiнде оларды қойма кемiргiштерiнен сақтау үшiн жемiстерi бар жәшiктi хлороформды сауыттармен араластырады, хлороформ буларының ұшып кетуi үшiн олардың тығындарына түтiкшелер енгізiледi. Хлороформды олардың ұшып кетуiне қарай қосады.
Өсiмдiк қосындыларын дәрiлiк заттарды сақтаудың жалпы ережелерiн қолдана отырып сақтайды.
Дәрілiк өсiмдiк шикізатын нормативтiк құжаттама талаптарына сәйкес дүркiн-дүркiн бақылап отыру қажет. Қалыпты бояуын, иiсiн жоғалтқан және ықпал жасайтын заттарды талап ететiн, сондай-ақ көгерген шөптердi, түбiрлердi, түбiршектердi, ұрықтарды, тұқымдарды жарамсыз деп есептейдi. Қойма кеміргiштерi болған жағдайда көгеру дәрежесiне байланысты шикізатты жарамсыздандырады немесе қайта өңдеу мен бақылаудан кейiн кәдеге жаратады.
Сақтау кезiнде жүрек гликозидтары бар дәрілiк өсiмдiк шикiзатына айрықша назар аударылады. Бұлар үшiн неғұрлым қатаң сақтау мерзiмдерi тағайындалады және биологиялық белсендiлiгiн мiндеттi түрде қайта бақылау мақсаты көзделедi.
Эмдемиктер тобына 29 түрлі өсімдік кіреді. Оның ішінде ҚР «Қызыл кітабына» енген 20 шақты түрі кездеседі, олар Қаршыл шүйгін шөп, Ярмоленко қызыл қайыңы, Альберт құртқа шашы, Пістем жуасы, Заравшан аршасы, Қатпарлы шұбар шөп, Алматы кекіресі, Витрок рауғашы, Алатау бәйшешегі, Шолпаншаш сүмбілі, Адонис, Тянь-Шань адонисі,Кауфман ирекжапырағы, т.б.
Сонымен қатар жеміс беретін жабайы өсімдіктерге бай, олар: шетен, бөріқарақат, құлпынай, қара барбарис, долана, шырғанақ, итмұрын, қой бүлдірген, құлпынай, таңғурай және дәрілік өсімдіктер: шәйқурай, жұпаргүл, киікоты, уғарғасын, чабрец, жалбыз, мыңжапырақ, семізот, андыз, қара-андыз, тамыры тәтті мия, алтынтамыр, қылша, тамырдәрі, усасыр (папоротник), мақсыр маралтамыры т.б. Күрделі гүлдердің 32 түрі
(7%), бозшөптер 25 түрі(9,2%), шытыргүлдер 17 түрі (6,1), шатыргүлдер 15 түрі (5,5%), бұршақтылар 13түрі (4,8), ерінтүстестер 13 түрі (4,8) құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет