3 I мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер төлемақылардың экономикалық мәні


Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы



бет2/3
Дата17.06.2018
өлшемі272 Kb.
#42803
1   2   3

Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы: Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн алынады. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану құқығы көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн рұқсат құжатымен әрбiр күнтiзбелiк жылға берiледi. Тиiстi рұқсат құжаты болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын нақты пайдалану төлемақы сомасын өндiрiп алу және бюджетке енгiзу үшiн негiз болып табылады. Көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган келесi айдың 15-нен кешiктiрмей ай сайын салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысан бойынша Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалануға рұқсат құжатын алған тұлғалар бойынша мәлiметтер берiп отырады. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табыладыда, ал мемлекеттiк мекемелер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.
Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендерде плакаттар, стендiлер, жарық түсiретiн табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрiнде сыртқы (көрнекi) жарнамалар объектілерiн орналастыруға және басқа да тұрақты жарнамалар орналастыру объектiлерiне құқық үшiн алынады. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыру:  жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен белгiлi бiр мерзiмге автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн құжат негiзiнде; елдi мекендерде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде - жергiлiктi атқарушы органдардың елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыру тәртiбi мен шарттары жөнiнде белгiлеген талаптарына сәйкес берiлетiн рұқсат негiзiнде жүргiзiледi.  Тиiстi құжаттарсыз жарнама объектiлерiн орналастыруға тыйым салынады. Тиiстi рұқсат құжаттары болмаған кезде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жарнама объектiлерiне бөлiнген белдеуiндегi жер учаскелерiн нақты пайдалану және (немесе) оларды елдi мекендерде орналастыру төлемақы сомаларын бюджетке өндiрiп алу және енгізу үшiн негiз болып табылады. Жол органдары және жергiлiктi атқарушы органдар ай сайын, айдың 15-iнен кешiктiрмей салық органдарына мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша рұқсат беру құжатын алған тұлғалар жөнiнде мәлiмет бередi. Жарнама объектiлерiн орналастырушы жеке және заңды тұлғалар (соның iшiнде жеке кәсiпкерлер) төлемақы төлеушiлер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары олардың өз функцияларын iске асыруына байланысты орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi бойынша төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

II Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер төлемақыларды есептеу және рәсімдеу әдістері
2.1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы есептеу мен төлеу тәртiбi
Төлемақы сомасы жергiлiктi атқарушы органмен жасаған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының негiзiнде есептеледi. Төлемақының жыл сайынғы сомалары жергiлiктi атқарушы органдар жасаған есеп-қисаптарда белгiленедi.  

      Шарт талаптары, жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда жергiлiктi атқарушы орган төлемақы сомаларының есеп-қисаптарын қайта қарайды.  

     Салық кезеңiнде төленуге тиiс төлемақы мөлшерi есеп-қисаптарда көрсетiлген төлемақы ставкаларына және жер учаскесiн салық кезеңiнде пайдалану кезеңiне қарай белгiленедi. Төлемақы мөлшерi жер учаскесi бойынша есептелген жер салығының сомасынан кем болмайтындай мөлшерде белгiленедi. 

      Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес белгiленедi.

      Төлемақы төлеушiлер төлемақының ағымдағы сомаларын ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тең үлестермен бюджетке төлейдi.

     Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлем сомаларын белгiленген тәртiппен төлейдi. Дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлем сомаларын салықтың есептiлiк кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төлейдi. Белгiленген мерзiмдерiнен кейiн өтемi төленетiн уақытша жер пайдалануға мемлекет жер учаскелерiн берген жағдайларда, төлеудің келесi (кезектi) мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады. Уақытша өтеулi жер учаскесiн пайдалануға алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төлейдi.Мемлекет өтемiн төлеп уақытша ақы төлеп жер пайдалануға жер учаскелерiн төлемнің соңғы мерзiмiнен кейiн берген жағдайларда, жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдың 20-күнi бюджетке төлем төлеу мерзiмi деп есептеледi. Өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзiмi бiткен немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн ол бұзылған жағдайда, қалған мерзiм үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiс төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған күннен бастап он бес күннен кешiктiрілмей төленедi. Төлемақы сомасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке енгiзiлуге тиiс. 

Салық есептiлiгi: арнайы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушілердi қоспағанда, ақы төлеушiлер, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есебiн табыс етедi. Төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей табыс етедi. Салық кезеңi басталғаннан кейiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар шарт жасалғаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi. Бiрiншi салық кезеңiнде ағымдағы төлемдер сомасының есебiмен бiрге жергiлiктi атқарушы органмен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат арқылы куәландырылған көшiрмесi табыс етiледi.

      Одан кейiнгi кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi төлем сомалары немесе шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етiледi. Төлеушiлерге - дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларға қолданылмайды.

     Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған немесе салық кезеңi басталғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы органмен оны бұзған кезде шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей ағымдағы төлемдер сомаларының eceбi табыс етiледi [20].
2.2 Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы есептеу мен төлеу тәртiбi
      Құрылыстарды, техникалық құралдарды немесе құрылғыларды қолдана отырып, жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар төлемақыны төлеушілер болып табылады.

Салық салу объектiлерi:

1. Төлемақы салынатын объектiлер:

1) мыналарды:

      ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын каналдарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететiн, су шаруашылығы жүйелерiнiң жобалық деректерi негiзiнде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган растаған су шығындарын;

      су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен бекiткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн;


      су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган растаған суару жүйелерiне мәжбүрлi су жинау көлемiн қоспағанда, жер үстi су көзiнен алынған судың көлемi;

2) өндiрiлген электр энергиясының көлемi;

3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi;

4) балық аулау көлемi және су пайдаланудың басқа да көлемдерi болып табылады. 


Су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекiтiп бермей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолданбай жүзеге асырылатын кеме тiркемесiнсiз ағашты ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға, жалпы су пайдалануға төлемақы қолданылмайды.

Төлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi. 

      Су жинаудың нақты көлемi cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген лимиттен асып кеткен жағдайда асып кеткен бөлiгiнде үш есе ұлғайтылады. 

Есептеу мен төлеу тәртiбi

Төлем сомасын су пайдаланудың нақты көлемi мен белгiленген ставкаларды негiзге ала отырып төлеушi дербес айқындайды. 

Төлеушiлер (шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушiлерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемi үшiн ағымдағы төлем сомаларын есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын бюджетке енгiзуге мiндеттi. 

Төлем рұқсат құжаттарында аталған арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленедi.   Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарының төлемақыны есептеу мен төлеу ерекшелiктерi:

      1. Шаруа (фермер) қожалықтары және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушiлер төлем сомаларын төлеудi мына тәртiппен жүргiзедi: 

      1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезеңге есептелген ағымдағы төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңiнің 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi; 

      2) 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге есептелген сома есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi. 


      2. Өнеркәсiп орындары өндiрiстiк қажеттер үшiн су шаруашылығы жүйелерiнен алатын суға, ол тiкелей су шаруашылығы жүйелерiнен, басқа өнеркәсiп орындарынан немесе тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдарынан келетiнiне қарамастан, төлемақы төлейдi. 

      3. Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары өнеркәсiп орындарына берiлетiн судың көлемiн шегере отырып, жер үстi көздерiнен алынатын су үшiн бюджетке төлемақы төлейдi. 

      4. Жеке және заңды тұлғалар суды қысыммен ағызатын және суды реттейтiн құрылыстары бар су көздерiнде жүк тасымалы үшiн төлемақы төлейдi. 
      5. Жылу энергетикасы кәсiпорындары тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қажеттер үшiн жылу энергиясын өндiруге жұмсалатын су үшiн төлемақы мөлшерiн тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшiн көзделген ставкалар бойынша белгілейдi. 

      6. Агрегаттарды суыту (суды қайталап тұтыну) үшiн технологиялық қажеттерге суды жинау лимитi шегiнде су алатын жылу энергетикасы кәсiпорындары төлемақы мөлшерiн тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшiн көзделген ставкалар бойынша белгiлейдi. Суды қайтарусыз тұтыну төлемақысының мөлшерi өнеркәсiп орындары үшiн белгiленген ставкалар бойынша айқындалады.

Салық есептiлiгi:

      1. Төлемақы төлеушiлер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi. 


      2. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын, осы баптың 4-тармағында аталған төлемдердi қоспағанда, тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi. 

3.Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi. 

4. Ағымдағы төлемдер сомасының есебi салық органына табыс етiлгенге дейiн cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы аумақтық уәкiлеттi органда куәландырылады.
2.3 Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртiбi
        Арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

      Салық салу объектiсi қоршаған ортаға эмиссиялардың белгiленген нормативтерi шегiндегi және (немесе) қоршаған ортаға одан артық эмиссиялардың нақты көлемi болып табылады.

      Төлемақы ставкаларын базалық ставкалардан кем болмайтындай және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен шектi ставкадан жоғары болмайтындай етiп облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары жыл сайын белгiлеп отырады. 

      Қоршаған ортаға белгiленген лимиттерден тыс эмиссия үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiткен төлемақы ставкалары он есе ұлғайтылады. 


Есептеу мен төлеу тәртiбi

     Төлемақы сомасын салық төлеушілер қоршаған ортаға эмиссияның және белгiленген ставкалардың нақты көлемiн негiзге ала отырып дербес есептейдi. 


     Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкiлеттi органдарға шағын көлемдi төлемдер төлейтiн ұйымдар үшiн (жылдық жиынтық көлемде 100 есептiк көрсеткiшке дейiнгi) төлемақыларды қоршаған ортаға эмиссиялауға лимиттi сатып алу нысанында жеткiзуiне рұқсат етiледi. Лимиттi сатып алу рұқсат ету құжаты салықтың есептiлiк кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде ресiмделген жағдайда есептi жыл үшiн алдын ала толық төлеу арқылы жүргiзiледi.

Рұқсат ету құжатын белгiленген мерзiмнен кейiн алған кезде лимиттi сатып алу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсат ету құжатын алған айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiледi. 

Уәкiлеттi орган оларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзген жер бойынша бюджетке төлемақы енгiзiлетiн ластанудың жылжымалы көздерiн қоспағанда, бюджетке төлемақы енгiзу қоршаған ортаға эмиссия көзiнiң (объектiсiнің) рұқсат құжатта аталған орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi. 

Төлеушiлер қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемi үшiн төленетiн төлемақының ағымдағы сомаларын, осы баптың 2 және 6-тармақтарында аталған салық төлеушiлердi қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей төлейдi. 

Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлердiң төлемақы сомаларын төлеуi мынадай тәртiппен жүргiзiледi: 

      1) ағымдағы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезең үшiн есептелген ағымдағы төлем сомасы ағымдағы салық кезеңiнің 25 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi; 

      2) 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiнгi кезең үшiн есептелген сомалар есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 25 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi. 

Салық есептiлiгi

Төлемақы төлеушiлер, ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын уәкiлеттi орган мемлекеттiк тiркеуден өткiзген жерi бойынша есеп-қисабы табыс етiлетiн жылжымалы ластау көздерiн қоспағанда, ластау объектiсi орналасқан жердегi салық органдарына табыс етедi.

Ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабы төлем төлеушiлер тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.


      Төлемақы көлемi аз (жылдық жиынтық көлемде алғанда 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi) ұйымдар ағымдағы төлем сомаларының есебiн салықтың есептiлiк кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде табыс етедi.

Рұқсат ету құжаты белгiленген мерзiмнен кейiн рәсiмделген жағдайда, аталған төлеушiлер ағымдағы төлем сомаларының есебiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсат ету құжатын алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi. 

Шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi. 

Ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы салық органына табыс етiлгенге дейiн қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi органда куәландырылады.


2.4 Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртiбi

     


Жануарлар дүниесiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Төлемақы сомасы ставкалар мен жануарлардың саны (су жануарларының жеке түрлерi үшiн салмағы) негiзге алына отырып белгiленедi [10]. 

Бюджетке төлемақы сомаларын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдар арқылы аудару не жануарлар дүниесiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргiзiледi. 

Жануарлар дүниесiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi төлемақы сомасын қабылдауды қатаң есеп бланкiлерi негiзiнде қолма-қол ақшамен жүзеге асырады. 

Қатаң есеп бланкiлерiнің нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген төлемақы сомаларын бюджетке енгiзу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгілейдi.

Төлеушiлер төлемақы сомасын белгiленген ставкалар бойынша дербес есептейдi және жануарлар дүниесiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнен рұқсат алғанға дейiн төлейдi. 

Бюджетке төлемақы енгізу жануарлар дүниесiн пайдалану орны бойынша жүргiзiледi. Төлемақының төленген сомалары қайтарылмауға тиiс.
2.5 Орманды пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртiбi
Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын алған жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрi - орман пайдаланушылар) төлемақы төлеушiлер болып табылады. 

      Пайдалануға берiлетiн орман пайдаланудың көлемi және (немесе) орман қоры учаскелерiнiң аумағы төлемақы салу объектiсi болып табылады.  


Төлемақы ставкалары:

      1. төлемақы ставкаларын орман шаруашылығын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жасаған есеп-қисаптар негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.

      2. Тамырымен жiберiлетiн ағаш төлемақысы жөнiндегi базалық ставкаларды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi. Бұл орайда облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының ставкалар мөлшерiн екi есеге дейiн арттыруға құқығы болады. 

Есептеу мен төлеу тәртiбi:

     Төлемақыны есептеу тәртiбiн және бюджетке енгiзу мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретi шегiнде ормандардың қурауы немесе құрып кетуi қатерi төнген кезде орман ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешiм қабылдауын қоспағанда, төленген соманы қайтару жүргiзiлмейдi. Бұл ретте төлеушi орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi орган берген ағаш кесуге рұқсат билетiн, орман пайдалануға орман билетiн пайдаланбағанын растайтын құжатты бергеннен кейiн қайтару жүргiзiледi. 
2.6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы есептеу мен төлеу тәртiбi

    


  Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлеушiлер болып табылады.

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. Жергілiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.  

Төлемақы төлеу тәртiбi және мерзiмдерi:

     Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орналасқан жерi бойынша бюджетке төлемақы сомаларын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын мекемелер арқылы аудару не ерекше қорғалатын табиғи аумақтар әкiмшiлiктерi белгiлеген бақылау-өткiзу пункттерiнде не өзге де арнайы жабдықталған орындарда қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде ақшаны қолма-қол төлеу арқылы жүргiзiледi. Қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген төлемақы сомаларының бюджетке енгiзiлу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi. Қолдарында төлем төлегенiн растайтын құжаттар болған кезде ғана ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды төлемақы төлеушiлердiң пайдалануына жол берiледi. Төленген төлемақы сомалары қайтарылмайды.


2.7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртiбi
Заң актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Төлемақыны есептеудi байланыс саласындағы уәкiлеттi орган рұқсат құжаттарында көрсетілген техникалық параметрлерге сәйкес, радио байланысының түрi мен радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына қарай, жылдық ставкалар негiзiнде жүргiзедi. Есептi салық кезеңiндегi радиожиiлiк спектрiн пайдалану кезеңi бiр жылдан кем болған жағдайда төлемақы сомасы жыл бойына есептелген төлем сомасын он екiге бөлiп, оны радиожиiлiк спектрi пайдаланылған айлардың санына көбейту арқылы анықталады. Байланыс саласындағы уәкілетті органдар төлемақының жылдық сомасын көрсетiп хабарлама жазады және оны төлеушiлерге ағымдағы есептi кезеңнің 20 ақпанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жiбередi. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкiлеттi орган салық төлеушiге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеушi радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей хабарлама жiбередi. Жылдық төлемақы сомасы салық төлеушінің тiркеу есебiнде тұрған жерi бойынша бюджетке ағымдағы жылдың 20 наурызынан, 20 маусымынан, 20 қыркүйегiнен және 20 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмдерде тең үлеспен төленедi. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, рұқсат құжатын алған күннен кейiнгi кезектi мерзiм алғашқы төлеу мерзiмi болып табылады. 

Салық есептiлiгi: Төлемақы төлеушiлер жыл сайын өзi тiркеу есебiнде тұрған жердегi салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi.

Ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде табыс етiледi. 

      Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, салық төлеушi ағымдағы төлемдер сомасының есебiн байланыс саласындағы уәкiлеттi органның жазып беретiн хабарламасын алған айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртiбi

      Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

      Төлемақының жылдық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Төлемақыны есептеуді байланыс саласындағы уәкілетті орган жылдық ставкалар негізінде, рұқсат құжаттарында көрсетілген абоненттердің санына сәйкес жүргізеді. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын беру кезеңі есепті салық кезеңінде бір жылдан кем болған жағдайда, төлемақы сомасы жыл бойынша есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, оны жыл бойы қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы берілген тиісті ай санына көбейту арқылы айқындалады. Байланыс саласындағы уәкілетті орган жылдық төлемақы сомасы көрсетілген хабарлама жазады және ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде төлеушіге жібереді. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті орган салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, төлемақы сомасы көрсетілген хабарламаны салық төлеушіге жібереді. Жылдық төлемақы сомасы салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 20 наурызынан, 20 маусымынан, 20 қыркүйегінен және 20 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде бюджетке төленеді. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын белгіленген мерзімнен кейін алған кезде рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.

Салық есептілігі: төлемақы төлеушiлер жыл сайын өзi тiркеу есебiнде тұрған жердегi салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етедi. Ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің  20 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде табыс етіледі.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет