3 і-тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық негізі


Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту



бет5/16
Дата08.02.2022
өлшемі298 Kb.
#130956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дип.-01-Оқушылардың шығармашылық тапсырмалар арқылы ой - өрісін дамыту
Дип.-02
1.2. Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту
ІІІығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Ал, бүгінгі күрделі жаңарулар тұсында балалардың шығармашылық бастамасы басты нысанасы болып отыр. Мұндай күрделі мәселені шешуде бастауыш мектептің алар орны ерекше. Баланың шығармашылық бастамасын дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық ұғымы мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болған. Ежелден-ақ ойшылдарымыз Жүсіп Баласұғын, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренконың шығармаларында шығармашылықты дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. Психологтар мен ғалымдар Л.С.Выгодский., В.В.Давыдов, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т.Тәжібаев, М.Мұханов, Ж.М.Әбдилдин, Қ.Б.Жарықбаев, Т.С.Сабыровтың еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практиканың алтын қоры деп білеміз.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе төмендегідей қорытындыға келуге болады. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән «Шығармашылық» сөзінің төркіні - шығару, ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «Шығармашылық - қайталанбас тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп түсіндіріледі. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері кез-келген баланы шығармашылық деңгейге көтеруге болатындығын айтуда. Ал, бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы - тек өзіне жаңалық болып табылатын, субъективтік жаңалық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет