3 і-тарау. ОҚушылардың мінез бітістерін тәрбиелеудің теориялық негіздері



бет11/20
Дата14.12.2021
өлшемі0,57 Mb.
#126475
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Мінез бітістерін тәрбиелеу
алеуметтану срсп, алеуметтану срсп, Срс әлеуметтану Тәңірберген С, 19 ғасырлардағы би
2.

Іс - әрекеттік компонент

Әрекетінде жауапкершіліксіздік, жалқаулық және т.б. қасиеттер орын алатын, жүріс –тұрысында үнемі ұнамсыз қылықтар бой көрсететін оқушы

Жүріс – тұрысында ұнамды қасиеттер (еңбекқорлық, белсенділік және т.б.) белгілі бір жағдайға байланысты кезектесіп байқалатын оқушы

Әрекетінде үнемі жоғары жауапкершілік, еңбекқорлық, белсенділік және т.б. қасиеттер орын алған, жүріс – тұрысында ұнамды қасиеттері тұрақты байқалатын оқушы.

Ата-аналар жиналысы – бұл мұғалімнің қолындағы маңызды педагогикалық құрал болып табылады. Онда ата-аналарға балалары туралы айтуға, белгілі бір кедергілерді шешуді бірге жоспарлауға болады. Өзара түсіністік пен өзара көмек болған кезде ғана ата-аналар жиналысы нәтиже береді.

Қазіргі нарықтық қатынас жағдайындағы сынып жетекшісінің білімі мен әрекеттері туралы ғалым-педагогтар өз еңбектерінде ұсыныстар беріп жүр. Т.Ахметов өз зерттеуінде бүгінгі күн мұғалімі арнаулы, технологиялық, методологиялық, психологиялық, педагогикалық білімдермен қаруланған болуы керек дейді.

Т.Ахметов, Қ.Атемова зерттеу еңбектерін басшылыққа ала отырып, бүгінгі сынып жетекшілерінің ата-аналармен жұмыс жүргізуде қажет болатын білімдері мен қабілеттерін төмендегіше етіп көрсетуге болады.

Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде сынып жетекшілерінің ата-аналарымен жұмыс жүргізуде методологиялық, психологиялық, физиологиялық, гуманитарлық, технологиялық, жаңа көпшілік хабар, пәнаралық байланыс, гигиеналық білімдермен қаруланып, байқағыштық қабілет, қарым-қатынастық, ұйымдастырушылық, практикалық, педагогтық такт және техника, гностикалық, шығармашылық, конструкциялық, өз білімін жетілдіріп отыру қабілеттеріне ие болуы тиіс. Сонымен бірге баланың ізгілік қасиеттерінің қалыптасуында білімділік, қарапайымдылық, мейірімділік, жоғары талап қоюшылық пен кешірімділік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, кішіпейімділік, сабырлылық секілді қасиеттердің болуы қажет.

Бүгінгі күннің талабына сай отбасы өмірін ұйымдастырып, балалардың ізгілік қасиеттерін дамытуда ата-аналар білімдерін жетілдіру қажеттілік болып отыр. Бұл білімдер мектептің ата-аналарға арналған іс-шараларының мазмұнына ендірілумен жүзеге асырылмақ.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы негізінде ата-аналардың педагогикалық білімін көтеру мәселелері көптеген ғалымдар-педагогтар Г.К.Байгельдинова, И.В.Гребенников, Б.Мұқанов, М.С.Сангинова, Р.М. Капралова, Ж.Қоянбаев, Қ.Атемова т.б. тарапынан зерттеліп, қарастырылып жүр. Жанұя тәрбиесі мәселелері бойынша ата-аналардың білім қоры мен қабілеттіліктері әртүрлі болып кезеседі. Жоғарыдағы ғалым-педагогтар олардың сауатын көтеруде мектеп басшылығын негізге алса, ал А.Е.Мосин: «Бүгінде ата-аналар өте сауатты. Сондықтан олардың жанұя тәрбиесіндегі білім мен тәжірибесін сабақтан, сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларды басқаруға тарту арқылы пайдалану керек» - деген идеяны ұсынады.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы тұрақтылығын ұйымдастырып, бағыт беруші сынып жетекшісі болғандықтан, ең алдымен оның өзі жанұя тәрбиесі мәселелері саласына жан-жақты білімді болуы тиіс.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы тұрақтылығын ұйымдастырып, бағыт беруші сынып жетекшісі болғандықтан, ең алдымен оның өзі отбасы жүйесінің тәрбиесі мәселелері саласынан жан-жақты білімді болуы тиіс.

Отбасы жүйесінде оқушылардың мінез бітістерінің тәрбиеленуі әлеуметтік-педагогикалық және материалдық сипаттағы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бірі – оқушының мінез бітістерінің тәрбиеленуі отбасы мен мектептің ынтымақтастық қарым-қатынасы. Бұл ара-қатынас отбасы жүйесінің педагогикалық күйі туралы ақпарат болған жағдайда ғана жемісті бола алады. Отбасының педагогикалық процесі күйіне диагностикалау жұмыстарын жүргіздік және оны мына №4 кесте арқылы көрсетуге болады.

Педагогикалық процестің сипаттамалары отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерінде жатыр. Оларға байланысты отбасы жүйесіндегі педагогикалық процестің тәрбиелік мүмкіндіктерінің деңгейін айқындауға болады (жоғары, орташа, төмен). Жоғары деңгей – барлық негізгі көрсеткіштер толығымен көрініс тапқан отбасылар. Ата-ананың әлеуметтік жауапкершілігі мен педагогикалық мәдениеті дамыған олардың педагогикалық ынта-ықыластары бар. Балалар белсенді дамыған, ұйымдасқан, алдында белгілі бір мақсаттары бар. Отбасында оқушының күн тәртібі сақталады, оның өмірі әртүрлі іс-әрекетке толы. Отбасындағы арақатынас демократиялық тұрғыда негізделген. Мұндай отбасыларда өзара түсіністік және қамқорлық рухы басым оқушылардың әкесі мен анасының қызметі жайлы хабары бар, олардың қиыншылықтары бұл жетістіктерін де біледі. Оқушының мектептегі жағдайы да отбасында еркін талқыланады; Ата-ана оқушыны жүйелі оқу іс-әрекетіне үйретеді, күн тәртібін дұрыс құруға көмектеседі, оқуда қиыншылықтар туған кезде көмек көрсетеді; баланың бос уақытын ұйымдастыруына қатысып, оған мақсаттылық пен тиімділік элементтерін енгізеді. Ата-ана баланы дұрыс педагогикалық мәдениетке бағыттап оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне әлеуметтік жауапкершілігін түсінеді.

Кесте №4




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет