3 і-тарау. ОҚушылардың мінез бітістерін тәрбиелеудің теориялық негіздері



бет2/20
Дата14.12.2021
өлшемі0,57 Mb.
#126475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Мінез бітістерін тәрбиелеу
алеуметтану срсп, алеуметтану срсп, Срс әлеуметтану Тәңірберген С, 19 ғасырлардағы би
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .............................................................. 66
ҚОСЫМША ......................................................................................................... 68

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. XXI ғасырда адамзат қоғамының бәсекелестік, ақпараттандыру заманына лайықты биік белестерден көрінуі – Мемлекет Президентінің жолдауында атап көрсетілгендей, тәрбиенің сапалы болуына, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты.

Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген.

Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні – отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Отбасы – бастауыш сынып оқушысы үшін өніп-өсетін, мінез бітістерін тәрбиелей алатын, ал оқу орны – екінші алтын ұясы, отбасы мен мектепте әрбір оқушының бойындағы жеке қасиеттерді, тәрбие мен білімінің негіздері қаланады.

Ынтымағы жарасқан отбасында әрбір бала өзара қамқорлық пен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, кішіпейілділікке, ізгілікке және т.б. жағымды қасиеттерді бойына сіңіреді.

Ата-ананың отбасы тәрбиесін дұрыс ұйымдастыруы – балалардың тәртіптілігі, ұқыптылығы, ұйымшылдығы әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, үлкендерді құрметтеу сияқты мінез бітістерінің дамуына және қалыптасуына зор мүмкіндік туғызады.

Бастауыш сынып оқушыларының өзара және мұғаліммен қарым-қатынас жасауы, мектепке енуі – отбасынан басталады. Сондай-ақ отбасының баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуы процесіндегі ролі ерекше. Баланың отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени ортасы қалыптасады, сезімдік күйлері орнығады.

Баланың бойындағы мінез бітістерін тәрбиелеу үшін, ол күн сайын жанұя мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы қажет. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы екенін көрумен қатар олар бір-біріне де сондай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек. Анасы баласына әкесінің өз әрекеттері арқылы қуантып, силап, құрметтеуді, оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады. Отбасы шын мәнінде тату-тәтті, өзара түсіністікте болса, одан ізгілік пен әділеттің көрінісі айқын сезіліп тұрады. Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір-біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірегей саяси көзқарасты ұстануынан, соған орай ерлі-зайыптылық және ата-аналық сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.

Отбасының негізгі міндеті – баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі – негізінен тәрбиелеу жанұяда, яғни «жан иелерін тәрбиелеп шығаратын ортада және ұяда» дамып, қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе, отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында осындай сезімдері қалыптасады. Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі. Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген баланың тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде дамыту.

Баланы тәрбиелеудегі отбасының рөлі Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский еңбектері жетекші орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы «Аналар мектебі» - деп көрсетіледі. Өйткені, бала кішіпейілділіктің, достықтың, ізгіліктің негізгі түсініктерін отбасында алып, алғашқы адамдық қасиеттерін және мінез бітістерін қалыптастырады.

Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп жазады. Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінез бітістерін тәрбиелеу үшін де мінезбен әсер ету керек.

Қазақ ағартушыларынан С.Көбеев отбасы тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден-бір формасы болып келеді. Адамзат тарихындағы отбасы тәрбиесінің тәжірибесі көптеген педагогикалық теориялардың пайда болуына алып келді.

Педагогикадағы жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін фактор ретінде отбасы тәрбиесінің ролі туралы ежелгі Рим философы Квинтилиан, педагогика ғылымының негізін салушы Я.А.Коменский, ағылшын философы Дж.Локк, француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, Швейцар педагогы И.Г.Песталоций, орыс педагогы К.Д.Ушинский, ұлы жазушы Л.Н.Толстой, қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаев, кеңес педагогтары Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және көптеген басқа педагогтар өз үлестерін қосты.

Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауда отбасы тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелгенін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата-анаға және туған туыстарға деген сүйіспеншілік пен сыйластық, Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке деген құрмет тағы да сол сияқты мінез бітістері баланың кішкентай кезінен отбасында және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан отбасындағы, мектептегі және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды. Соңғы жылдары Ю.П.Азаров, И.В.Гребенников, А.И.Лихачев, Ю.П.Петров, А.О.Пинт т.б. отбасындағы тәрбие мәселелерін зерттеген ғалымдар. Ал Қазақстанда Б.Р.Айтманбетова, Ж.Б.Қоянбаев отбасының мектеппен ынтымақтастығы мәселелерін зерттеген.

Бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерінің бірі – оның ізгілігі. Баланың ізгілігі – мектеп, ұстаз, отбасы т.б. педагогикалық ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету бүгінгі сынып жетекшінің міндетіне жүктелген үлкен жауапкершілік болып отыр.

«Баланың құқы жөніндегі конвенцияда» (1989) отбасында баланың құқығын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасында бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуге ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Тек осындай мінез бітістері отбасында орын алғанда ғана Отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасыдан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді», - деп текке айтпаған.

Көптеген психологтар М.Мұханов, Қ.Жарықбаев, А.Петровский және т.б. ғалымдардың айтуы бойынша, бастауыш сынып кезеңі орта мектеп оқушыларының I-IV сыныптарын және 6-11 аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің негізгі психологиялық ерекшелігін оның өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ол кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез-келген өтпелі күй сияқты бұл кезең «көзі ашылмаған балалықтай» даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері бастауыш сынып кезеңінде қалыптасады және әдетке айналады.

Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау барысында бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығы мәселелерінің әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс таппағандығын көрсетеді. Бұл кезең оқушылардың жеке тұлға болып дамуының және қалыптасуының бастапқы кезеңі болып табылатындықтан отбасы тарапынан берілетін тәрбиенің мәні аса маңызды. Алайда отбасы тәрбиесінің маңыздылығы мектеппен бірлесе отырып жұмыс атқарса, онда жемісті болар еді. Сөйтіп, бастауыш сынып оқушыларының мінез бітістерін тәрбиелеуде отбасы тәрбиесінің ғылыми теориялық негізінің аз дәрежеде зерттелгендігі мен практикалық мұқтаждығының арасындағы қайшылық айқын байқалады. Осы қайшылықтың шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын «Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының рөлі» - деп алуға мүмкіндік берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет