3 і-тарау. ОҚушылардың мінез бітістерін тәрбиелеудің теориялық негіздері


Оқушылардың мінез бітістерінің құрылымы



бет6/20
Дата14.12.2021
өлшемі0,57 Mb.
#126475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Мінез бітістерін тәрбиелеу
алеуметтану срсп, алеуметтану срсп, Срс әлеуметтану Тәңірберген С, 19 ғасырлардағы би
Оқушылардың мінез бітістерінің құрылымы





Мотивациялық

Компоненттері

Когнитивтік

Ө

л

ш



е

м

д



е

р


1. Оқушыда өзін-өзі ұйымдастыру және өз ізгілік мәдениеті деңгейін, арттыруға қажеттіліктің болуы

2. Мінез бітістерінің мәні және құрылымы туралы білімдерінің болуы.

К

ө

р



с

е

т



к

і

ш



т

е

р



1. Моральдық нормаларға және құндылықтарға қатынас.

2. Өзін-өзі ұйымдастыруға (жетілдіруге) және шығармашылық өзіндік іске асыруға ұмтылыс



1.Тұлғалық мінез бітістерінің мәнін білу.

2. Мінез бітістерінің құрылымы және құрамды бөліктерін білу.

3. Халық салт-дәстүрлерін, әдет – ғұрыптарын, этноэтикетті білу.

Алайда, ол мектепте ғана орындалуы үнемі де мақсатқа бағытталып отыратын моральдық талаптардың айқын да, кең жүйесіне кездеседі. Бастауыш сынып оқушыларына мінез-құлық нормалары мен ережелерінің аса кең жиынтығы үйретілді, оларды оқушылар мұғаліммен және үлкендермен өзара қарым-қатынас жасаудың әртүрлі жағдайларында, сабақтарда, үзілісте, жолдастарымен араласқанда, қоғамдық орындарда және көшеде болғанда басшылыққа алуы тиіс. Балаларда мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтау көбінесе үлкендердің көңіл-күйіне, қалыптасқан жағдайға және өз қалауларына байланысты деген сезім пайда болады. Баланың моральдық өрісінің дұрыс қалыптасуының ең қауіпті жауы – мінез- құлық нормалары мен ережелер жалған сипатта және ішкі қажеттіліктер үшін емес, қандай да бір сыртқы жағдайлардың әсерімен, соның ішінде жазаланамын деп қорыққандықтан орындалуы керек деген ұғым пайда болады.

Балалардың мінез-құлық нормалары мен ережелерін шын мәнінде және негізінен игеруі алдымен мұғалімнің олардың орындалуын тексерудің жақсы жетілген әдістер мен тәсілдер жүйесінің бар екендігін білдіреді. Осы нормалар мен ережелерді айқын тұжырымдау, орындаушылықты міндетті түрде мадақтау және ұқыпсыздық пен тәртіпсіздікке бұдан кем емес міндетті және тиісті шаралар қолдану – бастауыш сынып оқушыларының тәртіптілігі мен ұйымшылдығын тәрбиелеудің маңызды шарттары. Балада осы жаста қалыптасқан осындай моральдық қасиеттер – жеке адамның ішкі және табиғи жетістігі болады.

Бастауыш сынып оқушыларының өзара және мұғаліммен қарым-қатынасты бағдарлауының алғашқы кезеңдерінде балалардың бір бөлігінде оларға тән емес белгілер көріне бастайды (тұйықтық, әдепсіздік). Бірақ, балалармен өзара қарым-қатынасты орнату барысында әрбір оқушы өзінің шын мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді.

Бастауыш сынып оқушылары кезеңі мінез бітістерінің оң сапаларын тәрбиелеу үшін үлкен мүмкіндік болып табылады (бейімделгіштік және иланғыштық, сенгіштік, еліктеуге бейімділік, олардың алдында мұғалімнің зор беделі). Үшінші сыныпта оқыту басталарда өскелең талаптардың ықпалымен, дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысының ықпалымен кіші жастағы оқушыда еңбек сүйгіштік, үлгілік, тәртіптілік, ұқыптылық қалыптасады. Өз мінез-құлқын еркімен реттеу қабілеті біртіндеп дамиды; өзін ұстау және қылықтарын бақылау, тікелей импульстарға берілмеу іскерлігі білінеді; қайсарлығы, қиындықтарды жеңу іскерлігі артады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет