3-КҮн оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық Әдіс-тәсілдер


Саралап оқытуда мұғалімнің рөлі қандай?



бет3/5
Дата07.06.2023
өлшемі41,87 Kb.
#178409
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-106539
test Математика-Высшая математика 300 новый 2022, орыс тілі, Document (5), Эксперимент, Тест 3, anatomy the human body – Google Поиск, dokumen.pub 9786010417960 (1)
Саралап оқытуда мұғалімнің рөлі қандай?
Оқушыларға өзінің деңгейіне байланысты жауапкершілікті жүктеңіз және біртіндеп одан да көп жауапкершілікті алуға үйретіңіз.
Ол үшін:

  • оқушының бастапқы білімін/деңгейін бағалаңыз;

  • оқушылардың қызығушылығы мен оқу стилін бақылаңыз және түсінуге тырысыңыз;

  • оқушыларға ақпарат жинаудың, білім алудың көптеген жолдары бар екенін түсіндіріп, оған жағдай жасаңыз;

  • оқушыларға «идеяларды зерттеп, оқып үйренуге» көмектесетін стратегияларды әзірлеңіз;

  • сіздің оқытуыңызды жоспарлауда жетекші болатын бағалауды ойластырыңыз;

  • сабақтар барлық оқушылардың сыни және креативті ойлауын дамытуы тиіс, оқу үдерісіне БАРЛЫҚ оқушылар қатысуы (қамтылуы) керек;

  • саралау қолданылатын сыныптарда оқушылар таңдаған тапсырмалар мен мұғалім тағайындайтын тапсырмалардың арасында тепе-теңдік болуы тиіс.

8

Сараланған оқыту барысында мұғалім оқушылардың қызығушылықтары мен мотивациясын ескеріп қана қоймай, сонымен қатар оқушылардың оқу стилін қалай анықтауға болатынын және т.б. білуі керек.

9

Сабаққа дайындалғанда мұғалім саралаудың қандай түрлерін жоспарлау керегін білуі тиіс, мысалы:

  • оқушылардың дайындығына негізделген саралау;

  • оқушылардың қызығушылықтарына негізделген саралау;

  • оқушылардың «білім беру профилі» негізінде саралау

10

Оқушылардың дайындық деңгейіне негізделген саралау оқушыларды оқу процесіне қалай ынталандыра алады?
Оқушылардың дайындық деңгейіне негізделген саралауда мұғалімдер бастапқы бағалаудың маңыздылығын түсінуі керек. Дайындық деңгейінің мазмұны оқушыларда «үлкен идея» аясында қалыптасатын базалық білім мен түсінік, дағды тұрғысынан түсіндіріледі. Оқушылардың бастапқы деңгейін өзін-өзі бағалау немес қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы анықтап алып, тақырып бойынша бастапқы және ағымдық бақылау нәтижелерін салыстыруға болады. Мұғалімдер оқушының бастапқы білімін бағалап алмайынша, саралау жүргізу мүмкін еместігін біледі. Бұл үшін түрлі кесте немесе графика формасындағы «Дайындық органайзерлерін» қолдануға болады.

11

Саралап оқыту жүзеге асатын сабақты жоспарлау процесіндегі келесі маңызды қадам – оқушылардың қызығушылығын анықтап алу. Ол үшін әрбір мұғалімнің өз сабағын жоспарламас бұрын бірқатар сұраққа жауап іздейді:
Оқушыларды не қызықтырады? Оны қалай анықтаймын?
Оларды қызығушылықтары бойынша қалай саралаймын?

12

«Оқу профилі» негізінде қалай саралауға болады
Оқушының «оқу профиліне» негізделген саралауда баланың отбасылық жағдайы, мәдениеті, оның көпқырлы зияты (multiple intelligence), оқу стилі (learning styles), жынысы қарастырылады.
Сыныптағы тиімді саралаудың тетігі оқушылардың тұлғалық ерекшелігіне сәкес оған таңдау ұсынумен байланысты.

13

Оқыту мен оқуда саралаудың келесі бағыттары қолданылуы мүмкін:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет