3-КҮн оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық Әдіс-тәсілдер



бет1/5
Дата07.06.2023
өлшемі41,87 Kb.
#178409
  1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-106539
test Математика-Высшая математика 300 новый 2022, орыс тілі, Document (5), Эксперимент, Тест 3, anatomy the human body – Google Поиск, dokumen.pub 9786010417960 (1)

3-КҮН
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

3.1-дәріс. Саралап оқыту. Саралап оқыту стратегиялары



Слайд

Мәтін

1

Дәріс тақырыбы – Саралап оқыту. Саралап оқыту стратегиялары



2

Саралап оқыту дегеніміз не ?
Саралап оқыту әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану процесі, оқушыларды оқуға ынталандыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Сонымен бірге, саралап оқыту – бұл тұлғаның жеке ерекшеліктерін (жалпы және арнайы қабілеттері, даму деңгейі, қызығушылықтары, жүйке жүйесінің психофизиологиялық қасиеттері және т.б.) ескере отырып ұйымдастырылатын оқу процесі.

3

Саралап оқытудың екі түрі бар: сыртқы және ішкі (сыныпішілік) саралау.
Сыртқы саралау дегеніміз - оқушылардың белгілі бір сипаттамаларына (қабілеттеріне, қызығушылықтарына және т.б.) сәйкес білім беру мазмұны, оқыту әдістері және ұйымдастырушылық формалары әртүрлі болатын тұрақты топтарға немесе бейіндік сыныптарға бөлінуі.
Сыртқы саралаудың мысалдары - белгілі бір пәндерді тереңдетіп оқытатын гимназияларды, лицейлерді құру немесе жалпы білім беретін мектептерде жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптарын құру болып табылады.
Ішкі саралау кездейсоқ белгілермен құрылған тұрақты топта (сыныпта) оқыту барысында балалардың жеке ерекшеліктерін ескереді. Топтарға бөлу айқын немесе жасырын болуы мүмкін, топтардың құрамы тәрбиелік міндетке байланысты өзгеріп отырады.
Ішкі саралаудың сыныпішілік типі келесі түрлерге бөлінеді: қабілетіне қарай саралау (формалар: әртүрлі қиындық деңгейлерін тағайындау, мұғалімнің көмегін мөлшерлеу), деңгей бойынша саралау; қызығушылығы бойынша саралау.
Саралау түрлері оқушыларды топтарға бөлу негізінде анықталады. Саралаудың дәстүрлі түрлеріне жалпы және арнайы қабілеттерімен, қызығушылықтары және болашақтағы таңдау мамандығының бағыты бойынша саралау жатады.

4



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет