3-КҮн оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық Әдіс-тәсілдер



бет5/5
Дата07.06.2023
өлшемі41,87 Kb.
#178409
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-106539
test Математика-Высшая математика 300 новый 2022, орыс тілі, Document (5), Эксперимент, Тест 3, anatomy the human body – Google Поиск, dokumen.pub 9786010417960 (1)
Нәтиже бойынша саралау
Барлық оқушыларға бірдей тапсырма берілгенімен, күтілетін нәтижелер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалға, мұғалім барлығына жалғыз «дұрыс» жауабы бар бір тапсырманы ұсынғанымен, оқушылар қабілетіне қарай ол жауапты өзіндік тұрғысынан түрлендіруі мүмкін, оқушылар оқу нәтижесіне түрліше қол жеткізеді. Кейбір мұғалімдер бұл әдісті қолдану арқылы қабілеті төмен оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейінің төмендеп кету қаупі барын айтады, алайда мұндай тәуекелге бару мұғалімнен тапсырманы орындауда барлық оқушыларға күтілетін нәтижеге қатысты нұсқаулықтың анық берілуін талап етеді.

17

Оқу ортасы бойынша саралау
Оптималды оқу жағдайы физикалық және психологиялық элементтерден тұрады. Оқу ортасын ұйымдастырудың икемді жолдарының бірі жеке және топтық жұмыстарды жүргізуге ыңғайлы мектеп жабдықтарымен қамтамасыз ету. Психологиялық тұрғыдан айтқанда мұғалімдер сыныпта қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ететіндей оқу процесін ұйымдастыруы қажет.

18

Саралай барысында мұғалімдерге мына сұрақтың төңірегінде ойлану пайдалы: оқушылардың эмоциясы мен сезімдері олардың білім алуына қалай әсер етеді?
Эмоциялар өткен тәжірибе негізінде пайда болады. Егер оқушыларда оқу процесіне және өзін оқушы ретінде сезінуге қатысты жақсы тәжірибесі болса, бұл оның академиялық өсуіне жол ашады.
Мұғалімдерге оқушылардың мінез-құлқының астарында жатқан аффективті факторларды және оқушыларды дұрыс бағытқа қалай жұмылдыру керектігін білуге және ұмтылуға тырысуы керек.
Қорытындылай келе, саралап оқыту - оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру арқылы мұғалімнің өз пәні бойынша тиімді оқу мен оқытуды ұйымдастыруы деп айтуға болады. Бұл жұмыстың нәтижелі болуы мұғалімнің ұмтылысына, табандылығы мен кәсібилігіне байланысты.
Оқу материалын бекіту үшін 3.1-3.2 ресурстарымен танысып, 3.1-3.2 тапсырмаларды орындауды ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет