3 оқу залы Қарымбай (Кәрімбай) Қошмамбетов – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері



бет42/47
Дата26.06.2018
өлшемі1,61 Mb.
#44309
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

Асылын ардақтамас ел болмайды

Закира Тоқбергенова/Ақ жол.-1997ж.-7 маусым(№46).-4 б.



Қазіргі кезең – ақ пен қараны ажыратып, кешегі Кеңестік билептөстеушілік кезінде «күресерге дәрмен болмай іштері қазандай қайнаған» асыл азаматтарымызды алтынның сынығын іздегендей тарих көмбесінен аршып алып жатқан кезең. Қызылдың шекпенін жамылса да, ішкі жан дүниесі халқымен бірге қайнасқан, жүрегі халқымен бірге болған азаматтардың бірі Қарымбай Қошмамбетов. Ол Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сармолдаев, Мақсұт Жылысбаев, Даут Абдуллаев, Ақшабай Намазбаев, Сыдық Абыланов, Бекбосын Құлжабаев сынды елі үшін еңіреп туған ерлермен үзеңгілес дос, мақсат – мүддесі бір азамат болған. Тек оның «жазығы» - сол есіл ерлермен бірге 1937-38 жылдары «халық жауы» атанып атылып кетпегені. Бәлкім атылып та кетер ме еді, егер 1930жылы небәрі 33 жасында төтеннен жабысқан кеселден ауруы асқынып ажал құрығына ілінбегенде.

Сондықтан осы мақалда биыл туғанына 100 жыл толған асыл азамат Қарымбай Қошмамбетов өмірінің кейбір ел білмейтін тұстарын арқау еттік.



  1. Қарымбайға ескерткіш қалай қойылған?

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталып, бірінен соң бірі елге оралған ағаларымыз – тарихшы –ғалым, Жамбыл гидромелиорация –құрылыс институтының құрметті профессоры Әбдіқадыр Жүргенов, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Рахым Емқұлов, тарих ғылымының докторы Көкіш Рысбаев өздерінің білімге деген ерекше құштарлығын танытып, алдымен орта мектепті жеделдете, содан кейін қызмет атқара жүріп Қазақ мемлекеттік университетін тамамдаған.

Міне, осы ағаларымыз Қарымбай Қошмамбетовтың іздеушісі болған. Өйткені 1937-38 жылдардағы құғын-сүргінде оның Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сарымолдаев, Мақсұт Жылысбаев, Даут Абдуллаев, Ақшабай Намазбаев, Сыдық Абыланов, Бекбосын Құлжабаев сынды үзеңгілес, жорықтас жолдастары атылып кетті де, 1930 жылы 33 жасында денсаулығына байланысты дүние салған Қарымбай халық жауы атағын «ала алмай» кетті. Тірі болғанда оның да сол қара тізімге ілінетіні сөзсіз еді. Сондықтан Қарымбай ағаны халық жауы атанбады деп жазғырудың жөні жоқ. Олай десек, әлгі ағаларымыздың көбі-ақ замананың зейілімен қызылдың шекпенін киген. Бас жағына барып қайтеміз.

Жоғарыда аты аталған үш ағамыз - Әбдіқадыр Жүргенов, Рахым Емқұлов, Көкіш Рысбаев облыстық партия комитеті аппаратында қызмет істейтіндіктерін пайдаланып, облыстық партия комитеті куәландырған құжат негізінде Қошмамбетовке байланысты архив құжаттарын талап етті. Әбдіқадыр Жүргенов ағамыз облыстық архивте бір ай отырып, көптеген мағлұматтар тауып, облыстық партия комитетінің бюросына «Әулие Ата уезінде Кеңес өкіметін орнату және нығайту үшін белсенді күрескер, 1918 жылдан СОКП мүшесі Қарымбай Қошмамбетовке Жамбыл қаласында ескерткіш орнату туралы» ұсыныс жасалды. Әрине бұл мәселені тиянақтау үшін Атыраудан Қ. Қошмамбетовпен бірге Орал губерниясында қызмет еткен, 1917 жылдан СОКП мүшесі Хамид Чурин, Жамбылдан 1921 жылдан СОКП мүшесі Шомбал Достамбаев, Оралдан Қайдар Ипмағамбетов ақсақалдардан, тағы басқа қарт коммунистерден қуаттау-естеліктер жинауға тура келген.

Бұл да жетімсіз болар ма еді, республика ғылым Академиясы көтерілген мәселені дұрыс деп тауып, қуаттағаннан кейін ғана облыстық партия комитетінің бюросы Ә. Жүргеновтің ғылыми зерттеуін Жамбыл қалалық партия және атқару комитеттеріне талқылауға жолдады.



1957 жылдың басында қала партия, Кеңес ұйымдарының қаулылары облыстық партия комитетінің бюросында талқыланып, мақұлданды. Сөйтіп сол кезде құрылысы аяқталуға жақын қалған «Қазақстан» кинотеатры алдына ағаш отырғызылып, сол жерге Қарымбай Қошмамбетовке ескерткіш орнату ұйғарылды. Қаулы Қазақстан компартиясы Орталық Комитеті мен Министрлер Кеңесінде мақұлданып, гипстен ескерткіш жасау қолға алынды.

Ұлы Қазан төңкерісінің 40 жылдығы қарсаңында 1957 жылы 4-қарашада Қарымбай Қошмамбетовтің ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Оған қала халқы ғана емес, Қарымбайдың туыстары, жерлестері де шақырылып, салтанатты жиын артынан қонағасы берілген. Осы ескерткіш 1962 жылы тағы сол Әбдіқадыр Жүргеновтің мәселе көтеруімен Қордай гранитінен қайта жасалды. Оған сол кездегі Жамбыл қалалық атқару комитетінің төрағасы Әлихан Комратов 40 мың сом қаржы бөлген.

Міне, әңгіме шындығы – осы. Бұл шындық осы күнде «Қарымбайға ескерткішті мен қойдым» деп кеуде қағатындар мен әке парызын өтемек ниетте хат жазатын ұрпақтарына берілер жауап.


  1. Каталог: kaz -> images
    images -> Ғылыми кітапхана Көркем әдебиет секторы «Бір ел – бір кітап» акциясы
    images -> М. Х. Дулати атындағЫ
    images -> Құқықтық құжаттар Құрметті оқытушылар және білімгерлер!
    images -> Сабақты жоспарлау Сабақ жоспарының мазмұны Сабақ жоспарына қойылатын талаптар Ағылшын тілі сабағының құрылымы
    images -> «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 2/11. 41 тобының «Педагогика»
    images -> №і-б (жоо) жылдық статистикалық есеп кімге жіберіледі: Алушының мекен- жайы: Жіберушінің мекен-жайы
    images -> Бюллетень 2016 ж. (шілде-желтоқсан) Ақпараттық бюллетень
    images -> 1. Кітапхана туралы жалпы мәлімет
    images -> Анықтамалық- библиографиялық ЖҰмыс


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет