3-сынып Үста дүкені



Дата27.02.2022
өлшемі12,98 Kb.
#133621
Байланысты:
3-сынып ста д кені
КЛИНИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР сұрақ, БЖБ№3 Қаз тарихы 7 сынып, СРО, ТРП курс.жум каз 2021, ет өндіру кәсіпорны

3-сынып
Үста дүкені
Біздің ауылымыз Қостөбе деп аталады. Ауылда отыз-қырық үй бар. Ауылдың ортасында бір үй бар. Бұл үй - ұста дүкені. Ұста дүкені әңгіме -дүкен құруға, демалуға жақсы. Мұнда әрқашан аздап от жанады.
Дүкенінде Өкембай ұста қыздарға, келіншектерге алқа, сақина, білезік, белдік, шолпы, жүзік, сөлкебай жасап береді. Ал бозбалаларға бәкі жасап береді.
Өкембай - еңбекқор және өте көңілді адам.Оның дүкеніне балалар жиі келетін. (61 сөз)
Б. Соқпақбаев
Жоспар

  1. Біздің ауыл - Қостөбе.

  2. Ұста дүкені.

  3. Өкембай ұста не істейді?



Балапан
Балапан жетім қалды. Қыс келді.Даланы қар басты.Үскірік аяз тұрды. Балапанға қиын болды. Аштық оны ұйыктатпады. Таң біліне тамақ іздеді. Қырманды да қар басып қалыпты. Ол аштықтан әлсіреп құлап қалды. Бір бала оны үйге алып келді. Баланың балапанға жаны ашыды . Бала балапанды пештің қуысына орналастырды.Ол бойы жылынған соң көзін ашты. Қанатын қақты. Бала оның алдына жем қойды. Ашыққан балапан жемді лезде тауысты.
Балапан қысты жылы үйде өткізді. (68сөз)
Жоспар

  1. Жетім балапан.

  2. Балапанның көрген қиыншылығы.

  3. Баланың оған қамқорлық жасауы.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет