Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Шал мен бала»



Дата08.09.2017
өлшемі181,87 Kb.
түріСабақ
Ә.Майкөтов атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебі


Тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Шал мен бала»

3-сынып



Өткізген: Какенова Ф.Қ

Күні: 21.01.2014ж



Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Шал мен бала»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Оқушыларды Бердібек Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Мәтіннің негізгі идеясын түсіндіру.

ә) Дамытушылығы: Оқушыларды мәнерлеп, жылдам оқуға үйрету. Қызығушылығын ояту, ой-өрісін, тіл байлығын кенейту, сөздік қорын молайту.

б) Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Қолданылатын әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, салыстыру, талдау.

Көрнекілігі: автор портреті, суреттер, тірек –сызба.

Түрі: жаңа сабақ

Оқыту нәтижесі: Тақырыптың мағынасын ашып, өздері талдау жасап дұрыс, бұрыстығына көздері жетеді.

Негізгі идеялар: Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне  сүйену. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңаша ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Қонақ күту салтымыз,

Оқып біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге,

Сәлем бердік жалпымыз.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап әдісі.

Үлестірмелі қима қағаздарды пайдалану арқылы сұрақтарға жауап алу.

«Ақ шаш» (В.Сухомлинский)



1. «Ақ шаш» мәтінінде кімдер туралы айтылған?

2. «Ақ шаш» мәтініндегі баланың есімі кім?

3. Мишаның байқампаздығын неден аңғардың?

4. Миша анасына қандай сұрақ қойды?

5. Мишаның сұрағына анасы не деп жауап берді?

6. «Ананың көңілі балада,



Баланың көңілі далада» мақалының мағынасы неде?

7. Мишаның келесі сұрағына анасы қалай жауап берер еді деп ойлайсың?
(Сұрақтарға жауап беру арқылы кезіккен смайлктерге байланысты топқа бөліну)

1. Топқа бөлу.

2. Топ басшыларын сайлау.

3. Әр топ өзінің таңдаған атына қысқаша түсініктеме беріп өту, таңдау себептерін айту.

І-топ «Шыншылдық»

ІІ-топ «Әдептілік»


- Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсың? Осы өздерің таңдаған топ аттарының негізінде, яғни адам бойынан табылатын қасиеттер туралы болмақ.

- Күн аясы мен тақырыпты жазу.

- Мәтінмен, автормен таныстыру.

- Оқушылар өздері жаңа тақырыпқа мақсат қояды.

І. Б.Соқпақбаевтың өмірін және мәтінді түсіну.

Топта белсенді болу. Тәртіпті сақтау. Жақсы қылықтарды үйрену.

ІІ. Б.Соқпақбаевтың өмірімен танысу. Мәтінді түсіну.

Бір-бірімізге көмектесу. Жақсы мен жаманды ажырата білу.


ІІІ. Мағынаны ашу.

  1. Автор туралы әңгімелеу.

Бердібек Соқпақбаев — қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы.

Бердібек Соқпақбаев – шынайы адам, шыншыл жазушы еді. Өтірікке өлердей қас болатын. Өнерді өтірікпен әсемдеуден қорқатын. Қатарлас замандастарының өтірік жазғанын жазып жүргенін білсе, сыйламай қоятын. Ол қоғам шындығын бар ауыртпалық, қиындығымен көрсетем деп өзі де көп қиындық көрген қаламгер. Шыншыл шығарма-өміршең. Бердібек Соқпақбаев шығармалары кеше шындық болып шырылдап сөйлесе, бүгін өмірдің өзі болып баурайды оқырманды.

Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы обылысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын бітірген. «Жұлдыз», «Балдырған», журналдарында қызмет еткен. «Менің атым Қожа» повесі оқырмандардың сүйікті шығармасына айналса, осы повесі бойынша түсірілген фильм 1967 жылы Канн фестивалінің жүлдегері атанды. Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтіп келмейді», «Жекпе – жек повестері, көптеген әңгіме, өлеңдері балаларға арналған.

«Жұлдыз», « Балдырған» Алматы обл. Нарынқол


Бердібек Соқпақбаев 1924-1992ж

журналдарында қызмет ауданында дүниеге келген.

еткен.

«Менің атым Қожа» Абай атындағы ҚМ пед.

фильмі түсірілген. институтын бітірген.

1967ж. Канн фестивалінде жүлдегері атанды.


«Шал мен бала» мәтінімен қысқаша шолу жасау.
ІV. Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға оқулықтан оқи отырып, өздеріне таныс емес сөздерге белгі қоя оқу.(іштен дыбыссыз оқу), (үш минут).

Бұл оқу түрін INSPT - инсепт деп аталатын стратегиясын пайдалану.

Қиын сөздерге тоқталып түсіндіру. (топпен жұмыс)

1.Бүкірлеу – еңкейген адам.

2. Қоба сақал – қалың сақалды.

3. Имек бас – қариялар ұстайтын аса таяқ.

4. Ілгері лықсып – алдына қарай жүру.

5. Қауқарсыз – әлсіз, күш-қуатсыз.

6. Біреулерді сүзе барып – біреулерді соға құлайтын еді.
V. Операциялық-орындаушылық кезең.

Мұғалім басшылығымен.

1-тапсырма. Мәтін мазмұнын талдау.

1.Трамвайда кімдер келе жатты?

2.Қарт балаға не үшін рахмет айтты?

3.Бала мен қарт кісі арасында не туралы әңгіме өрбіді?

4.Оқиғаға тағы кім қосылды?

5.Бала неге қысылды?

6. «Инабаттылық» дегенді қалай түсінесіндер?


Өзіндік жұмыс.

1-тапсырма. Венн диаграммасын құру. Дәптермен жұмыс.


Қарт сақалы бар

Таяқпен жүре-

ді, еңкейген

адам.



Адам сөйлейді. Жас,ойнайды,

Тыныс алады мектепте оқи

Тамақ жейді ды.Жұмыс

Киім киеді істейді.

Көмек

береді.





2-тапсырма. Әңгімеде мақалдарды тауып көшіріп жазып, мағынасын түсіндіру.

-Ұрлық жасау – жаман әдет.

-Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі.

Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.


3-тапсырма.

1.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, әдептілік туралы мақал-мәтелдерді толықтыру.

Сыйласан, .... (сыйымды) боларсың.
«Сіз» деген - ... (сыпайылық)

«Сен» деген - ... (анайылық)


Сергіту сәті. Мәтінді сахналау.
4-тапсырма.

Мәтіндегі басты кейіпкерлерге мінездеме беру.




Шал

Тақырбас бала








VІ. Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

Тест сұрақтары. Топпен жұмыс.

1.Бердібек Соқпақбаевтың қай жылы туып, қай жылы дүниеден озды?

а)1924-1992

ә)1921-1991

б)1923-1990

2.Шал құлай жаздағанда, оны кім ұстап үлгірді?

а)кекілді үлкен бала

ә)тақырбас кішкене бала

б)бойшаң бала

3.Қарт кісі балаға не жайында әңгімеледі?

а)жердегі шалшық су жайлы

ә)өзінің немересінің тәртібі

б)бауынан шиенің ұрланғаны

4.Бала қартты үйіне әкеле жатқанда алдарынан кім шықты?

а)шалдың баласы

ә)шалдың көршісі

б)шалдың немересі

5.Тақырбас баланың аты кім?

а)Марлен


ә)Мәулен

б)Марат


6.Ұрлық түбі - ...

а)қорлық


ә)рақат

б)бейнет


7. «Шал мен бала» әңгімесінің авторы кім?

а)Ы.Алтынсарин

ә)Б.Соқпақбаев

б)Сухомлинский



1

2

3

4

5

6

7

а

ә

б

б

ә

а

ә

Формативті бағалау. (топпен, жұппен бағалау)




Кезеңдері

«1» төмен

«2» орташа

«3» жақсы

«4» өте жақсы

Үй тапсырмасы (7сұрақ)













Топ аты













INSERN стратегисы

(6 қиын сөз)













Мәтінді талдау (6 сұрақ)













ВЕНН диограммасы «Шал мен» бала салыстыру













Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру













«Шал мен бала» әңгімесін сахналау шеберлігі













Кейіпкерлерге мінездеме беру













Тест нәтижесі













Жалпы ұпай саны



« Екі жұлдыз, бір тілек»



Үйге тапсырма: 158-бет.Мәтінді түсініп оқу.

Әдептілікке байланысты мақал-мәтел жинастыру.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет