4 Ауыз әдебиеті үлгілерінің зерттелуі және олардың тәрбиелік мәні



Дата26.11.2016
өлшемі123,43 Kb.
#2562
Бастауыш сыныпта ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың тиімді

жолдары

Мазмұны


Кіріспе..............................................................................................................4


  1. Ауыз әдебиеті үлгілерінің зерттелуі және олардың тәрбиелік мәні

1. 1 Балалар әдебиетінің бастау көздері және олардың зерттелуі .............6

1. 2 Ауыз әдебиетінің түрлері және олардың тәрбиелік мәні ..................12

1. 3 Жұмбақтар, ертегілер мен мысалдардың бала тәрбиесіндегі

маңызы.....................................................................................................33
2. Бастауыш сыныпта ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың тиімді

жолдары

2.1 Бастауыш сынып оқушыларына ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың .

тиімді жолдары.....................................................................................54

2. 2 Тәжірибелік бөлім.................................................................................63


Қорытынды ..........68

Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................69

Кіріспе


Зерттеу жұмысының сипаттамасы. Қазақстанда халықтық педагогикалық ойлардың бүгінгі тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған. Бұлардың ішінде
әсіресе, халқымыздың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің зерттелу, жинақталу, жариялану жолы авторлар еңбектерінде айқын көрініс тапқан. Бастауыш сынып оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесін ғана емес, сонымен бірге баланың ақыл-ой әрекеті тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға қою
болып табылады.

Осындай күрделі міндетті шешуде ерекше орын алатын пән – ана тілі. Осы ана тілі пәнінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді: «Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән – ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі... Ана тілін үйрену -


сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді».

Зерттеу өзектілігі: Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарына арналған «Ана тілі» оқулықтарында берілетін ауыз әдебиеті
үлгілері бөлімін оқыту мен солар арқылы тәрбиелеу жолдарын қарастыратын дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Бастауыш сыныпта ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың тиімді жолдары» деп аталады. Балалар әдебиеті – жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілік қасиеттерге баулитын өмір оқулығы. Оның өзектілігі – мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он жеті жасқа дейінгі мектеп оқушыларына әдеби тілде жазылған қызықты шығармалар ұсына алатындығында.

Кеңестік кезеңдегі балалар поэзиясында А.Тоқмағанбетов, Ө.Тұрманжанов, Ә.Сәрсенбаев, Ғ.Орманов, Д.Әбілев, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, Ж.Саин, Ж.Молдағалиевтердің де өз орны бар. Бұл қаламгерлер бүкіл шығармашылығын балалар поэзиясына толығымен арнамаса да жеткіншектер тақырыбын әрекідік жырлап, тіпті көлемді поэмалар да жазып отырды. Өзіндік сыр-сипатымен, жазу мәнерімен танылған бұл толқынның сәтті ізденістерін сәл кейінірек М.Әлімбаев, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, Ә.Дүйсенбиев, Ғ.Мүсірепов, Ж.Смақов, т.б. жалғастырды. «Балалар әдебиетінің дербес әдеби жанр есебінде есеюі мен оның тұрақты маман кадрларының жиналуы, әрине, Ұлы Отан соғысынан кейінгі мезгілге жатады. Балалар поэзиясының да кәсіби дәрежеге көтерілгені – осы кез. Елуінші жылдардың бер жағында М.Әлімбаевтің, Қ.Мырзалиевтің, Ә.Дүйсенбиевтің оларға кейінірек қосылған Ж.Кәрбозиннің, Т.Нұрмұхамедовтің, Ж.Смақовтың шығармалары кең тарады. Бұл ақындар творчествосы балалар поэзиясының өзіндік ішкі сырларын терең түсінуімен, оны ойдағыдай меңгеруімен ерекшеленеді. Олардың өлеңдері ой-пікірдің нақтылығымен, бала сезіміне әсер етер сөз ойнақылығымен әсерлі келеді. Осы негізде балаларға арналған үгіттік өлеңнің сарыны азайып, шын балалар лирикасының мазмұны баюда. Бала еңбегі, оның ой-пікірі, әрекеті көркем поэзия тілімен өрнектелуде», – деген академик С.Қирабаевтың пікірі сол шақтағы балалар әдебиетінің даму тенденциясын анық аңғартады.



Балалар әдебиетінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы Ы.Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясы” (1879 ж.), М.Дулатов “ Қирағай”, “Балаларға тарту” (1927ж.), І.Жансүгіров  “Ел өтірігі”, Х.Досмұхамедов  “Қазақ халқының әдебиеті»), зерттелуі. (Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаиылов, Х.Бекхожин, М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов, Б.Г.Ерзакович, Б.Уахатов, Қ.Ергөбеков, Б.Ыбраймов, Қ.Ісләмжанұлы  т.б. байланысты.

Зерттеу объектісі - бастауыш сыныпқа арналған жаңа буын «Ана тілі» оқулықтарында берілген ауыз әдебиеті үлгілерін оқушыларға түсіндіру, оның тәрбиелік мағынасын игерту және сол арқылы жан-жақты тәрбиелеу.

Ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың мақсаты мен міндеттері: Бастауыш сыныпта ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың тиімді жолдарын айқындауда төмендегідей мәселелерді міндет етіп алдық:

  • Бастауыш сынып оқушыларының жеке басын
    қалыптастыра отырып, ауыз әдебиеті үлгілеріне деген
    талғамын тәрбиелеу;

  • Балалардың рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға, қызығушылығын оятуға ықпал ету;

  • Ауыз әдебиеті үлгілерінің мазмұн-мағынасын,
    тағылымдық мәнін, көркемдік қуаттылығын неғұрлым
    тереңірек тану, сезіну.

  • Оқушылардың шығарманың түпкі мазмұн–мәнін
    түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, сүйіну, т.б.) қамтамасыз ету;

  • Ауыз әдебиеті үлгілері арқылы оқушылардың
    бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік
    сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Оқу пәнінің мазмұны мен мақсатын айқындау; Ойлау қабілетін қалыптастыратын әдістер, әңгімелесу; Практикалық әдістер (жаттығулар: жазбаша, ауызша, оқу-еңбектік, түсіндірме).

Диплом жұмысының кұрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.



  1. Ауыз әдебиеті үлгілері және олардың тәрбиелік мәні


1. 1 Ауыз әдебиетінің түрлері және олардың зерттелуі
Халық педагогикасының негізгі мақсаты-өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбексүйгіштікке, өнерге баулу, жанұя, ауыл-аймақ, Отанның намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу болды. Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап ауыл ақсақалдары, көне көз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, әнші, күйші, термеші сияқты өнер адамдарының бәрі белсене
қатысатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені көпке аян. Әсіресе, ақын, жырау, термешілердің өлең, жыр, дастан, терме, толғауларының мазмұнына ой жүгіртсек, онда дидактикалық ақыл-нақыл, өсиет-өнегенің тұнып тұрғанын байқаймыз. Олар сол арқылы ненің жақсы, ненің жаман екенін сездіріп, келер ұрпақты неден аулақ, неге ынтық болуға баулып өсіруді мақсат етті. Ал ақыл-ойға, терең тәлімге құрылған поэзиялық сөз маржанынан ұлттық ойлау ерекшелігін, мәдени мұраның өзіндік сипатын айқын танып білуге болады.

Педагогикалық, психологиялық тұрғыдан алып қарағанда “бала” деп атап жүрген жас жеткіншектердің өз  араларында үлкен өзгешеліктер бар. Бес жастағы бала мен он жастағы баланың мінезі, ұғымы, дүниеге көзқарасы бірдей еместігі мәлім. Соған орай балалар әдебиеті жас ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаға бөлінеді. Балаларға арналып жазылатын шығармалардың жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамыта отырып, оларға заман талабына сай тәлім-тәрбие беруге бағытталады.

Қазақ балалар әдебиеті көркемдік жағынан болсын, тақырыптық-тәрбиелік жағынан болсын барлық талаптарға сай өсіп-өркендеп, дамып келеді. Әдебиеттің басқа түрлеріне қарағанда балалар әдебиетінің өзіндік алғы шарттары да жоқ емес. Балалардың ойлау, түсіну қабілеті суреттеліп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығы, дәлдігін өз өмірінің айналасынан алуды қажет етеді. Сөз болатын оқиғаның барысында лиризм болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірдей әсер ететін мағыналығы болуы керек. “Сөз-әдебиеттің құрылыс материалы” (Федин) болып табылатындықтан балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл әрі көркем, қысқа да мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әрі әсерлі болуға тиісті. Себебі балалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін  бірден-бір құрал. Балаларға арналған ірі туындылардың идеялық-эстетикалық қырларын халықтың педагогикалық көзқарастарымен, өмір тәжірбиесімен, қоғам талабымен, жазба әдебиетке тигізген әсері, дәстүрлік мәселесі, зерттелу жайы жөнінде оқып білгендерін болашақ мамандар тұжырымды түрде жеткізіп отырулары керек.

Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының өскелең әрі құрамдас бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол Х1Х ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. 1960-жылдардан бастап жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытыла бастады. Балалар әдебиетінің қалыптасу, өсіп-өркендеу жолы бұрынғы-соңғы зерттеулердің аясында, халық өмірі мен қоғам дамуына байланысты қарастырылады.

Балалар әдебиетінің көркемдік және идеялық сапасын көтеру, оны өркендету мәселесі әсіресе типтік образдар арқылы көрсету міндеттерін үнемі алға қоюда балалар әдебиетінің мектеп өмірімен, политехникалық оқумен байланысын тәрбиелік мәнін күшейту еш уақытта назардан тыс қалып көрген жоқ.

Жас нәрестеміз дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдына неше алуан тілек-мақсаттар қою өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған. Өйткені «Адам – дүниені ұйымдастырушы, екінші -жаратылысты, мәдениетті жасаушы күш-қуаттың иесі, адам-жаратылыстың органы, жаратылыс оны өзін тану, өзін көркейту үшін туғызған, міне, балаларға осыны ұғындыру керек. Балалар алты – жеті жасынан ой-пікірдің кереметей күшін түсіне бастауға, әлеуметтік көріністердің мағынасын ұғынып, өз қасиеттерін тануға тиіс. Сондықтан балаларды өмірмен таныстырғанды, бұрынғы өткен заман туралы еңбек процестерінің және ой – пікірдің ұйымдастырған жұмысының бастапқы кезеңі туралы әңімелерден бастау керек», - деген М. Горький. Демек, халық ауыз әдебиетінің пайда болуы, шығуы халықтың балаларға арнап айтқан өлең, жыр, ертгілерден басталады.

Қазақ халқының ерте заманда жасалған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті болып саналады. Сонымен қатар балалар ауыз әдебиетіндегі халық даналығы бар.

Ауыз әдебитін фольклор деп те атайды. Фольклор – ағылшын сөзі. Ол халық творчествасы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды береді. Фольклор дүние жүзіндегі халықтардың бәрінде бар. Ал халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылым саласын фольклористика деп атайды.

Балалар ауыз әдебиетін жинау, бастыру, оны бір жүйеге келтіріп, жас өспірімдерге ұсыну тек ХІХ ғасардың екінші жартысынан былай қарай ғана қолға алынды. Өйткені ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласында ең бірінші рет жаңа типті орыс-қазақ мектептері ашыла бастауына байланысты халық ағарту жұмысы мен шұғылданған педогогтар ең алдымен халық ауыз әдебиетіндегі бала тәрбиелеуге арналған шығармаларды жинауға бет бұрды. Олар балаларды оқытуға, тәрбиелеуге ең қажетті материалдар халық ауыз әдебиетінен табылатынын анықтады.

Әдебиеттің түрлі салалары жандануының жарқын мысалы – балалар поэзиясы. Түп-тамырын халық шығармашылығынан, аса бай фольклорлық мұралардан алатын балалар поэзиясы ХІХ ғасырда Абай шығармашылығындағы ғибраттық өлеңдерден нәр алып, Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы қазақ әдебиетінің жеке саласына айналған-ды. ХХ ғасыр басында да балалар ұғымына лайықтап шығарма жазудың классикалық көркем үлгілерін С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, І.Жансүгіров, Б.Майлин, Б. Өтетілеуов сынды суреткерлер танытты. Өкінішке орай, бұл саладағы ізденістер ауқымы кеңестік идеологияның үстемдік алуымен біршама іркілгені де рас. Дегенмен, балалар әдебиеті біржола тоқырауға ұшырап, мүлде құрдымға кетті деуге де бола қоймас. Бір ғана Б.Майлиннің «Хан күйеуі», «Өтірікке бәйге», «Байшұбар», «Кемпірдің ертегісі» шығармаларының балалар дүниетанымын қалыптастырудағы ролі теңдессіз. Мұндай мысалдарды Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров шығармашылығынан да көптеп кездестіруге болады. 1920 жылдардың орта шенінен бастап «Пионер», «Жас қайрат», «Жаңа мектеп» сияқты басылымдардың жарыққа шыға бастауы балалар әдебиетіне өзіндік игі әсерін тигізбей қалған жоқ. Ал олардың ресми идеологиялық ұстанымдарға иліктірілген мазмұны өз алдына жеке мәселе.

Қазақ халқының балалар тәрбиесіне арнаған ауыз әдебиеті орасан зор байлығымен талай әдебиетші-ғалымдардың, зерттеушілердің назарын аударып, тамсантып жүр. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ауыз әдебиетін кең пайдаланды, сол арқылы баланың тілін ширатып, ойын дамытып отырды.

Ұлттық балалар әдебиетінің мәйегі оның түп-тамыры ертедегі фольклорлық мұраларда екені ғылыми дәлелденген. Ұрпақ тәрбиесіне, оның өсіп-жетілуіне айрықша назар аударған ата-бабаларымыз да келер буынға арнап әр түрлі тақырыпта, түрлі формада фольклорлық үлгілерді шығарған. Балалар фольклорының мәңгілікке ұласар, көңілді иландырар ерекшелігінің бір қасиеті – қабылдауға жеңіл, қиялға ұшқырлығында. Адамзат рухани дүниесінің кәусар бұлағы саналатын ауыз әдебиетінің үлгілері – балалар әдебиетінің де алтын діңгегі.

Кеңестік кезеңдегі балалар поэзиясында А.Тоқмағанбетов, Ө.Тұрманжанов, Ә.Сәрсенбаев, Ғ.Орманов, Д.Әбілев, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, Ж.Саин, Ж.Молдағалиевтердің де өз орны бар. Бұл қаламгерлер бүкіл шығармашылығын балалар поэзиясына толығымен арнамаса да жеткіншектер тақырыбын әрекідік жырлап, тіпті көлемді поэмалар да жазып отырды. Өзіндік сыр-сипатымен, жазу мәнерімен танылған бұл толқынның сәтті ізденістерін сәл кейінірек М.Әлімбаев, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, Ә.Дүйсенбиев, Ғ.Мүсірепов, Ж.Смақов, т.б. жалғастырды. «Балалар әдебиетінің дербес әдеби жанр есебінде есеюі мен оның тұрақты маман кадрларының жиналуы әрине, Ұлы Отан соғысынан кейінгі мезгілге жатады. Балалар поэзиясының да кәсіби дәрежеге көтерілгені – осы кез. Елуінші жылдардың бер жағында М.Әлімбаевтің, Қ.Мырзалиевтің, Ә.Дүйсенбиевтің, оларға кейінірек қосылған Ж.Кәрбозиннің, Т.Нұрмұхамедовтің, Ж.Смақовтың шығармалары кең тарады. Бұл ақындар творчествосы балалар поэзиясының өзіндік ішкі сырларын терең түсінуімен, оны ойдағыдай меңгеруімен ерекшеленеді. Олардың өлеңдері ой-пікірдің нақтылығымен, бала сезіміне әсер етер сөз ойнақылығымен әсерлі келеді. Осы негізде балаларға арналған үгіттік өлеңнің сарыны азайып, шын балалар лирикасының мазмұны баюда. Бала еңбегі, оның ой-пікірі, әрекеті көркем поэзия тілімен өрнектелуде», – деген академик С.Қирабаевтың пікірі сол шақтағы балалар әдебиетінің даму тенденциясын анық аңғартады.

Балалар үшін әдебиет тек қана рухани азық — базарлық болып қана қоймай, рухани тәрбиеші де болса, қадірі арта түспек. Осы ыңғайда орыс әдебиетінің, шетелдердің прогресшіл бағыттағы озық, ойлы әдебиетінің де игі ықпалы болғанын атап айту жөн. Мәселен, Аркадий Гайдардың «Мектеп», «Тимур және оның командасы», Николай Носовтың «Көңілді семья», «Витя Малеев мектепте және үйде» секілді шығармаларының әсері төл әдебиетіміздегі мектеп өмірін өзек еткен әңгіме, повестерден аңғарылса, Жюль Верннің «Капитан Гранттың балалары», «Он бес жасар капитан»,  Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо», Марк Твеннің «Том Сойердің таңғажайып істері», «Гекльбери Финнің басынан кешкендері», Чарльз Диккенстің «Оливер Твистің басынан кешкендері» тәрізді кітаптары әдебиетімізде қызықты хикаялар (приключение), фантастика жанрларының тууына өзіндік себін тигізбеді деу қиын. Бұл арқылы әрине, аталған шығармалардың айна қатесіз екінші бір нұсқасы, солардың сыңарындай туындылар дүниеге келді деуден аулақпыз. Мәселе түйіні — көркемдік дәстүрлердің әр ұлт әдебиетінде тармақтала жалғасын табуында.


Соңғы жылдардағы қазақ балалар әдебиетіндегі жанрлық-көркемдік жаңалықтар дегенде де ең алдымен сол қызықты хикаялар (приключение), балалар фантастикасы жанрларының дүниеге келуін айтамыз. Мәселен, жас фантаст Рысбек Баймахановтың «Шайтанқұмда жоғалған бала» атты кітабындағы осы аттас фантастикалық әңгімесінде туған жердегі құмда келе жатқан баланы аяқ астынан құм жұтып қояды. Әрине, құмға ертегідегідей жан бітіп кеткен жоқ. Бірақ сол бала аяқ басқан тұста құмның тұңғиық тартатын қасиеті бар. Мұның бәрін автор балғын оқырманын сескендіру үшін әңгімелемейді, қайта жаратылыстың осындай жұмбақ, құпия сырын ашуға ынталандырып, батылдыққа баулу үшін суреттейді. Мамандығы физик, жас ғалым-фантаст Рысбек Баймаханов ғылым жұмбағын, дәлірек айтсақ, ғылыми гипотезаны өзіндік ой, позиция айту үшін ұтымды пайдалана білген.

Бұл ыңғайда фантастика саласындағы ізденістер Абдулхамид Мархабаевтың «Арал әуендері», Төлеш Сүлейменовтың «Күн сынығы» кітаптарынан да аңғарылады.

Қазақ балалар ауыз әдебиетін бірінші жинаған және оны ең бірінші рет құрастырып, «Қазақ хрестоматиясы», «Мактубат» атты кітаптарына енгізіп, 1879 жылы бастырып шығарған Ы. Алтынсарин еді. Төрт бөлімнен құрастырылғпн осы кітаптың бірінші бөліміне өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелер ертегілер енгізілген. Ы. Алтынсарин тек ауыз әдебиетін жинаушы болып қалған жоқ, сонымен қатар ол қазақ балалар жазба әдебиетінің атасы болды. Осыдан соң-ақ қазақ халқының алдыңғы қатардағы оқыған азаматтары, педагогтары қазақ балалар ауыз әдебиетін жинаумен шұғылдана бастады. Осы тұста Спандияр Көбеев 1910 жылы бастырып шығарған «Үлгілі тәржіме» және 1912 жылы бастырып шығарған «Үлгілі бала» кітаптарына балалар ауыз әдебиетінен өлеңдер, ертегілер және Қожанасыр әңгімелерін енгізген. Тайыр Жомартбаевтың 1912 жылы шыққан «Балаларға жеміс» деген кітабында да балаларға арналған көптеген шығармалар кездеседі.

Диплом жұмысының толық нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына

(ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне

2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа ақша аударылған түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған диплом жұмысының толық нұсқасы салынады.



(Диплом жұмысы барлық талапқа сай, жоғары сапада дайындалған)

Осы сайттан басқа да диплом жұмыстарын, сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!
Каталог: uploads -> doc -> 0271
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0271 -> Сабақтың тақырыбы: Жапырақ Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет