4-дәріс Тарих қалай жазылады? Тарих ғылымының тарихы



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата15.11.2022
өлшемі1,12 Mb.
#158243
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
tarih-ylymyny-tarihy 4 lecture
Оспан атамыз
Тарихи дереккөз
Өткеннің бейнесі, негізінен, тарихшылардың дереккөздер шеңберін қалай анықтайтындығына 
байланысты. Тарихи білімнің түрлі кезеңдерінде дереккөзді бағалаудың әртүрлі критерийлері болды. 
Мысалы, XIX ғасырдың позитивистік тарихшылары оқиғаларды неғұрлым дәл көрсететін айғақ ретінде 
заңдарға, дипломатиялық материалдарға, заң құжаттарына көп көңіл бөлген болатын. Сонымен қатар, 
басқа дереккөздер - естеліктер, жеке тұлғалардың хаттары, баспасөздегі мақалалар негізінен субъективті 
және сондықтан да сенімді емес деп саналды.
Ұзақ уақыт бойы тек жазбаша дәлелдер ғана дереккөз бола алады, ал қалғандары сенім тудырмайды деп 
пайымдалып келді. Осыған сүйене отырып, ғалымдар кез-келген ұлттың тарихы тек жазбалардың пайда 
болуымен ғана басталатынын айтқан болатын. Тек жазбаша айғақтар ақпаратқа айқындылық береді, ал 
ауыздан ауызға таралатын айғақтар өзгертулер мен түзетулер енгізе алатын әңгімелесушінің жеке басына 
тәуелді деп саналды.
Сонымен қатар, көптеген зерттеушілер халық аңыздары, әндері басқа ешқандай із қалдырмаған 
құбылыстардың мәніне енуге мүмкіндік беретіндіктен құнды дәлел ретінде қызмет ете алады деп санады.
Тарихи дереккөз ұғымы тарихи ілім үшін ерекше
маңыздылардың бірі болып табылады. Дереккөз - зерттеушінің 
назарына (қолжазба, сурет, құжат, салт, зат және т.б.) түсетін 
өткеннің куәсі. Дереккөз өткен туралы кез келген мәлімдеме үшін 
негіз ретінде пайдаланылатын болады. Зерттеушілердің пікіріне 
сүйенсек, дереккөзсіз тарих жоқ. Дереккөзді жиі өткеннің 
тарихи деректерін зерттейтін білім саласы ретінде сипаттайды. 


3
Кітап:
Дәріс:
Тарих ғылымының тарихы
Тарих қалай жазылады?
ХХ ғасырда бұл көзқарас жазбаша мәдениеті жоқ халықтардың ауызекі мәдениетін зерттеу арқылы 
расталды. Этнологтар ауызша дәстүрдің әлдеқайда тұрақты болуы мүмкін екенін анықтады, себебі ол қатаң 
ережелерге сүйенеді. Әрине, ауызекі халық шығармашылығының туындыларын пайдалану үлкен сақтық
пен терең талдауды талап етеді. Дегенмен, жазбаша дереккөздерді шеттеместен, барлық дереккөздерге 
осындай көзқараспен қарау - ең дұрысы.
Дереккөздер шеңберін кеңейтудің шешуші факторы тарихи ғылымның өзгеруі , яғни, оның тақырыбын 
қайта анықтау және ғылыми зерттеулер әдістерін жетілдіру болды. Тарихшылар тек саяси оқиғалармен 
айналысқан кездетек заңнамалық актілерге, дипломатиялық құжаттарға және т.б көңіл бөлген болатын. 
Кейіннен экономикалық өмірді зерттеу үшін - әр түрлі тұрмыстық құжаттарға, рухани өмір суретін 
қалпына келтіру үшін - әдебиет пен өнер туындыларына, күнделікті өмір тарихын зерделеу үшін - 
тұрмыстық заттарға, киімге және т.б. заттарға жүгінулеріне тура келді. 
Қазіргі заманғы тарихи білімде дереккөздерге деген иерархиялық көзқарас қайта қаралды.
Өз заманының мәдени мағынасы бар бөлігін айшықтайтын кез келген тарихи куәлік дереккөз ретінде 
қарала алады. Әр түрлі дерекөздер - жазбаша да, жазбаша емес те( ауызша таралатын) тарихшымен 
белгілі бір мәтін сияқты «оқыла» алады. Мәтіннің әр элементінің маңызы дереккөз жасалған тарихи-
мәдени контекстке байланысты. Зерттеушінің міндеті –идеялар мен оқиғалар туралы ақпарат алу және 
белгілі бір жағдайдың, заттың, сөздің сол заман адамдары үшін қандай мағынаға ие болғандығы туралы 
сұраққа жауап беру. Өткеннің құндылық жүйесін түсінуге әрекет деп осы аталады. 
Тарихшы дереккөзден қандай ақпарат алатындығы тікелей осы көзді қандай сұрақтар қоя отырып 
зерттеуді бастайтындағына байланысты. Дереккөз «өзі үшін сөйлемейді». Бір нәрсе тарихшы нақты сұрақ 
қойған жағдайда ғана куәлік бола алады. Бір құжатты зерттеу мәселесіне байланысты түрлі жолдармен 
«оқуға» болады. Дереккөздің соңғы оқылуы жоқ. Бұдан басқа, әрбір зерттеуші дәлелдерді өзінше түсінеді, 
түсіндіреді, идеялар мен құндылықтар жүйесіне қосады, өз міндеттеріне бағындырады. Түсіндірудің
шектеушісі - тек тарихи мамандықтың ережелері мен нормалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет