4-дәріс Тарих қалай жазылады? Тарих ғылымының тарихы


XIX - XX ғасыр тарихшыларының пайымдауларында «оқиға» түсінігі көбінесе «факт» ұғымымен



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата15.11.2022
өлшемі1,12 Mb.
#158243
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
tarih-ylymyny-tarihy 4 lecture
Оспан атамыз
XIX - XX ғасыр тарихшыларының пайымдауларында «оқиға» түсінігі көбінесе «факт» ұғымымен 
үйлеседі. 
Жалпы алғанда, егер оқиға орын алған затты есте сақтау болса, онда фактті оқиға туралы 
мәлімдеме ретінде қарастыруға болады. «Факт» (лат. factum — орындалған ) ұғымының екі мағынасын 
ажыратуға болады:: біріншісі орындалған затты көрсетеді; ал екіншісі – шындықты ,болған оқиғажайлы 
дәлелдің шынайылығын көрсетеді.
XIX - XX ғасырларда Батыстың интеллектуалды мәдениетінде кәсіби тарих өткенге қатысты басқа да 
баяндаулардан фактілерге негізделгендігімен ерекшеленеді деген көзқарас қалыптасты. 
XIX ғасырда позитивисттік тарихнамада фактілерге ерекше табынушылық қалыптасты. Зерттеуші 
дереккөздердегі фактілерді табу, сенімсіз заттардың бәрін фактілерден сын арқылы ажырату керек 
болды. Фактісіз тарих өзінің негізін жоғалтады. Фактілер тарихқа объективті, дәлелді, ғылыми тәртіптің 
ХХ ғ маңызды оқиғаларының бірі – ғарышұа алғашқы әйел адамының 
ұшуы. Валентина Терешкова жерге қонғаннан кейін, 1963 жыл


5
Кітап:
Дәріс:
Тарих ғылымының тарихы
Тарих қалай жазылады?
мәртебесін береді. Өз кезегінде, тарихшының іс-әрекетінсіз факт өз мағынасын жоғалтады.
Дәлелді факт түсінігі XIX ғасырдағы кәсіби тарихи ғылымның міндетіне айналды. Неміс тарихшысы 
Леопольд фон Ранке үшін фактілерді қатаң ұстану «жоғары заң» болды. Кішігірім тарихи факт тіпті ең 
керемет көркем оқиғадан да тартымды болды.
Көптеген зерттеушілер үшін тарихи факт бейне білімнің кірпіші, физикадағы атом сияқты болды. 
Дайын фактілер тарихшының оларды жинағанын «күтті». Олар «өз өздерін куәландырады», тарихшы 
сөзімен тарихтың өзі сөйлеген болатын .
ХХ ғасырда тарихи факт тұжырымдамасы соншалықты айқын және түсінікті болуды тоқтатты. 
Итальяндық философ Бенедетто Крестің пікірі бойынша, фактілер тарихшылардың мақсаттарына сәйкес 
қалыптастырылып, тұжырымдалады. Факт өздігінен болмайды. Факт тарихшылардың ақыл-ойы мен 
қиялынан туындайды. Осылайша, факт бастапқы нүкте емес, тарихшы жұмысының нәтижесі. Бұл жағдай 
фактінің түсіндіруден бөлек болуы мүмкін деген кең таралған ойды күмәнға қалдырды.
Факт тарихшының әрдайым «маңыздыны» сараптау нәтижесінде пайда болған жалпылама зат. Факт 
құрылуына тарихшы ақпаратты іріктеуге, оларды топтауға, дәлелдерді бір-біріне сәйкестендіруге 
қолданатын тарихи әдістер әсер етеді. Сонымен қатар, мәтінде фактінің келбетіне тарихшыны қоятын 
сұрақтар, оның мәдениетінің құндылықтары, оның этикалық және эстетикалық талғамы әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет