4 Әлемдегі инновациялар


Intel роботтарын жасауға арналған жинақ жазда пайда болады



бет9/9
Дата11.01.2017
өлшемі1,23 Mb.
#7083
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Intel роботтарын жасауға арналған жинақ жазда пайда болады







RealSense – бұл 1080р ажыратымдылығы бар камера, инфрақызыл проектор және инфрақызыл камера. Барлық үш модуль жинақы корпусқа оралған және бірлесіп жұмыс істей отыра, көз, қол, саусақ қозғалысын бақылап отыра алады. Камералар үш өлшемді сканерлеу функцияларына ие және кеңістіктегі параметрлерді таниды


Кейбір ноутбуктер, планшеттер және моноблоктар осындай камералармен жабдықталған, бірақ қазір Intel компаниясы RealSense технологиясының қолданылу аясын кеңейте отырып, оны ілгері жылжытуды жалғастыруда, сондықтан, жақын уақытта Intel RealSense Robotic Development жинағы анонсталған. Әзірлеушілерге фантазиясын қосып, жаңа камераның мүмкіндіктерін басқа құрылғыларда қолдану ұсынылады.

Intel RealSense Robotic Development жинағы UP Board бір платалы шағын компьютер болып табылады, онымен бірге RealSense R200 камерасы жеткізіледі. Атауынан-ақ көруге болатындай, жинақ роботтар жасауға арналған. Жоқ, бұл бөліктерінен жұмысқа дайын машина құрастырылатын конструктор емес, оның болашақ көздері мен миы.

Компьютер Atom x5-Z8350 төрт ядролы процессормен жабдықталған, оның бортында 4 ГБ жедел есте сақтау қабілеті, екі USB 2.0, бір USB 3.0, Ethernet ұяшығы, HDMI 1.4b, CSIинтерфейсі, әмбебап 40-контактілі ажыратқыш және 32 ГБ флеш-жадысы бар. Бір сөзбен айтқанда, тікелей «қорапшаның ішінен» Ubuntu және Windows 10 сыйымды, кішкентай әрі ширақ ДК.

Жинақтың ішіне кіретін RealSense R200 камерасы 1080p және 30fps ажыратымдылығымен бейнетүсірілімдерді түсіреді, инфрақызыл камера мен проектор қарапайым 640 x 480, бірақ секундына 60 кадр ажыратымдылығымен жұмыс істейді.


Дереккөз:http://hi-news.ru/robots/nabor-dlya-sozdaniya-robotov-ot-intel-poyavitsya-letom.html


ПРОЦЕССТІК ИННОВАЦИЯЛАР



Vivaldi – ілгерінді пайдаланушыларға арналған жаңа браузер







Vivaldi компаниясы жетістікке сену үшін, дәстүрлі нұсқалардан жеткілікті ерекшеленетін жаңа бір атаулы веб-браузер шығарды. Көпшілік нарықты жаулап алудың орнына Vivaldi желіде өмір сүріп, жұмыс істейтін кәсіби пайдаланушыларға көзделеді. Ол көптеген тұғырнамаларды ұстайды және Windows, Mac OS X немесе Linux пайдаланушылары үшін бірдей жарамды.


Vivaldi өзінің стандартты конфигурациясында Google Chrome тікелей ауыстыруды ұсынады. Жаңа дизайнына қарамастан, оның шінде Google браузері жұмыс істейтін Chromium опенсорстық қозғалтқыш жасырынған.

Алайда, браузердің ең қызықты бөлігі, әрине, ол өз пайдаланушыларына беретін жаңа мүмкіндіктер болып табылады. Олардың арасында: белгілерді бірден жасау және оларға экран түсірілімдерін бекіту мүмкіндігі, бір парақта 3-4 бетті қарау, көптеген сайттарды сессиялар түрінде сақтау және сөндіріп-қосу мүмкіндігі, реттелетін пернетақта командалары мен жүгіртпе қимылдары арқылы кез келген әрекеттерді орындау.

Оған қоса, браузерде жұмыстың өнімділігін арттыруға арналған бірнеше функция көзделген. Мысалы, көптеген парақты аша отырып, браузер навигация үшін арнайы топтық парақты қолдана отырып, оларды бірінің үстіне бірін жіңішке етіп орналастырады. Сондай-ақ, ол парақты «қатырып тастауға» немесе оның превьюін жасауға қабілетті, ол барлық топтастырылған сайттарды бір беттен көруге мүмкіндік береді. Осы функцияның көмегімен, мысалы, екі-үш бетті бірінің жанына бірін орналастыра отырып салыстыруға болады.

Сондай-ақ, Vivaldi бүйір жақ панельде жеке веб-парақша көрсетеді, бұл Twitter сияқты сервистер үшін аса қолайлы – пайдаланушы оның көмегімен бір мезгілде қол астында твиттер бағанына ие бола отырып, желіде серфтей алады.

Өкінішке орай, Vivaldi жасаушылар Chrome негізге ала отырып, өзінің туындысын оның алдындағы туындының басты кемшілігі – көптеген процестердің ашылуы мен есте сақтау қабілетінің жылыстауынан сақтай алмады. Бұл проблеманы шешу үшін Vivaldi-дің жалғыз ұсына алатыны – бұл жұмсалған ресурстарды қайтару үшін жекелеген парақтардың автоматты гибернациясы.

Жаңа браузердің нарықта енді ғана пайда болуына қарамастан, ол іздеу мен парақтарда сәтті ақша табуда. Компания әр түрлі елдерде арасында Bing, DuckDuckGo және ресейлік Яндекс бар негізгі іздеу сервистерімен келісімдер жасады. Әзірлеушілердің айтуынша, оларға ағымда қалу үшін браузердің әрбір пайдаланушысынан жылына $1 ақша табу жеткілікті. Оның себебі – компанияға жаңа браузерді әзірлеудің ең қымбат және шығыны көп бөлігін қаржыландыру қажет емес. Vivaldi сол вебсайттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін использует WebKit-тің Google-нұсқасы – Blink қолданады (веб-парақтарды көрсету үшін еркін қозғалтқыш).

Сондай-ақ, Vivaldi кеңейтулердің болмауы проблемасынан да оңай құтылады – ол Chrome кеңейтулерін қолданады. Аддондардың көпшілігі өздігінше жұмыс істейді және әзірлеушілерден қосымша әрекеттерді талап етпейді. Браузерді іске қосу сәтінде: синхрондау және кірістірілген емейл соңына дейін пысықталмаған. Әзірлеушілердің айтуынша, екеуі де басым міндеттер мәртебесіне ие және жақын арада бағдарламаға қосылатын болады.

Жалпы, осы барлық ерекше функциялардың анағұрлым аз талап ететін пайдаланушыларды тартаныны уақыт көрсетеді. Әзірлеушілер Vivaldi-ді «Біздің достарымызға арналған браузер» деген ұранмен таныстырады және олар нарықты жаулап алуға ұмтылмайды.


Дереккөз: http://innogest.ru/m?na=14945

МАРКЕТИНГТІК ИННОВАЦИЯЛАР



Wahoo Fitness-те шын мәнінде ақылды велокомпьютер ойлап тапты







Жоғары технологиялық фитнес-құрылғылар жасауда маманданатын Wahoo Fitness америкалық компаниясы RFLKТ бірегей велокомпьютерін ойлап шығарды. Ол iOS және Android смартфондарымен байланыста жұмыс істейді және шын мәнінде мультифункционалды болып табылады. Құрылғы көптеген ұқсас құрылғыларға қарағанда, иесіне анағұрлым көбірек мүмкіндіктер береді және шұғыл жағдайларда да жұмыс істейді

RFLKT өзінің бәсекелестерінен біршама ерекшеленеді: деректерді оқу үшін ол пайдаланушы смартфонының қабілеттерін пайдаланады, бұл велокомпьютердің өзінің функционалдылығын бірнеше есе ұлғайтады. Телефонмен девайс Bluetooth 4.0 Smart арқылы байланысады. Ағымдағы деректерден басқа (жылдамдық, қашықтық және жолдағы уақыт), RFLKT велосипедші жұмсаған калорий санын, орташа жылдамдықты және басқа да көптеген нәрселерді есептей алады. GPS-қадағаның болуының арқасында велокомпьютер статистика құрастыру үшін бағдарлар мен жолда жиналған барлық көрсеткіштерді сақтайды. Осы ретте RFLKT қабілеттері ресми қосымшамен ғана шектелмейді, құрылғы Cyclemeter GPS, Map My Ride жәнебасқа бағдарламалармен жұмыс істейді. Пайдаланушы өзіне қолдануға ыңғайлысын таңдай алады.

Сондай-ақ, велокомпьютер телефондағы кіріс қоңыраулар немесе хабарламалар туралы хабарландыруларды экранда көрсетеді, сондықтан сіз жолда еш нәрсені жіберіп алмайсыз. Оның көмегімен смартфонда ойнайтын музыкалық тректерді ауыстырып қосуға да және дауысын реттеуге болады.



Шағын көлеміне қарамастан, RFLKT велокомпьютері жоғары кереғарлығы мен жарығы бар ірі LCD-дисплеймен жабдықталған. Мұндай мониторда деректер күннің көзінен жарық көп түсіп тұрғанда да жақсы оқылады. RFLKT (CR2450 типі) бір батареямен жарты жылдан артық жұмыс істейді.

Велокомпьютер соққыға төзімді және су өтпейтін корпусқа (IPX7 қорғаныс класы) бекітілген, сондықтан құрылғыны экстремалды жол жүрген кезде де пайдалануға болады. Велокомпьютер жауын мен қардан қорықпайды, құлауға да және тіпті су астында да (1 м-ге дейін) төзімді. RFLKT велосипедтің жақтауына, руліне немесе құбырына бекітуге болады.
Дереккөз: http://innogest.ru/m?na=15000



Германияда бірінші коммерциялық жолаушылар мультикоптері сыналды







e-volo неміс компаниясы өзінің Volocopter VC200 жолаушылар мультикоптеріне алғашқы пилоттық сынақтарын жүргізді. Әуе кемесі әлемде еркін саудаға түсетін алғашқы жолаушылар коптері болуға үміткер



Тестілік ұшу 2016 жылғы 30 наурызда неміс аэродромдарының бірінде өтті. Коптердің алғашқы жүргізушісі e-volo басшысы Александр Цозел болды.

Volocopter VC200 ұшу үшін 18 роторды қолданады және бортына екі жолаушыны ала алады. Аппараттың ең жоғарғы ұшу массасы 450 кг құрайды, бұл қозғалтқыштардан 45 кВт қуаттылықты талап етеді.

Жүргізілген сынақтар барысында коптер 25 м биіктікке көтеріліп, сағатына 25 шм дейін ұшқан. Ал Volocopter VC200 ең жоғарғы есептік жылдамдығы сағатына 100 шм құрайды — инженерлер оған келесі тесттік-ұшу уақытында қол жеткізуді жоспарлап отыр. Өтінім берілген сипаттамаларына сәйкес, кеме 2 шм дейінгі биіктікке көтеріле алады.

Коптердің қуат алуын 9 электр аккумуляторы жүзеге асырады. Компанияда олар қандай ұшу уақытын қамтамасыз ете алатыны нақтыланбайды, бірақ пилотсыз режимде жүргізілген өткен сынақтар барысында Volocopter VC200 ауада 30 минуттан артық болмады. Осы ретте e-volo инженерлері бұрын ұшу уақытын кем дегенде бір сағатқа дейін ұлғайтуға сөз берген болатын.

Мультикоптердің өте қарапайым басқару жүйесі бар, ол джойстик пен биіктікке көтерілу батырмасынан құралады. Қалғанының барлығына автоматика жауапты, осы ретте коптер теориялық жағынан ұша алады және абсолютті автономды режимде — бұл пилотсыз жүргізілген, аппаратты алғашқы тестілеу кезінде көрсетілген болатын.Көрсетілген роликтен коптердің, тіпті пилот қол бұлғау үшін джойстикті түсірген кезде де, ауада тұрақтылығын жеңіл сақтайтыны байқалады.

e-volo-да тікұшаққа немесе ұшаққа қарағанда, Volocopter анағұрлым қауіпсіз екеніне сенімді, себебі кемені басқару жеңілдігі пилоттың қателік жіберу қаупін барынша азайтады. Әуе кемесі 18-дің екі қозғалтқышы істен шыққан кезде де, сондай-ақ басқару жүйесінің кейбір қадағалары – манометрлер, гироскоптар, акселерометрлер немесе магнитометрлер істен шыққан кезде де жұмыс істей алады. Қадағалар жинағының әрқайсысы басқаларына қарамастан коптерді басқаруға қабілетті.

Коптердің тағы бір артықшылығы экологиялылық болып табылады – ол ешқандай зиянды тасталымдарды жүзеге асырмайды. Бұдан басқа, ол тікұшақтар мен ұшақтарға қарағанда едәуір тыныш. Осының барлығы белгілі көлік құралы ретінде Volocopter-ге сұранысты қамтамасыз етуі мүмкін — NASA-да оны Кремний алқабына әуе такиі ретінде пайдалану идеясы айтылды.

Компанияда VC200 басқа Volocopter сериясының тағы екі жолаушылар кемесін — VC100 және VC400 жасау жоспарлануда. Біріншісі бортқа бір адамды, ал екіншісі төрт адамды көтере алады.Бұдан басқа, жолаушылар коптерлерінің әрқайсысының жүк тасымалдары үшін қажет болуы мүмкін пилотсыз ұқсастықтары болады.



e-volo-да Volocopter VC200 жолаушылар мультикоптері алдағы екі жылдың ішінде сатылымға түседі деп есептейді. Оның болжамды бағасы 340 мың долларды құрайды.


Дереккөз: http://innogest.ru/m?na=14943


ҰЙЫМДЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР



Жасанды интеллектісі бар робот ірі жапондық компанияда басқарушы лауазымға ие болды







McCann Japan жапон маркетигтік компаниясы әзірлеген AI-CD Бета жасанды ақыл-ойы бар робот фирманың жарнама бөлімшесінің жаңа креативті директоры лауазымына кірісті. Жасанды ақыл-ой әр түрлі өнімдерге үздік хабарландыруларды іздеу үшін жарнамалық компаниялардың дерекқорларын зерттеп және талдай отырып, жобалармен жұмыс істейді


AI-CD Бета тірі адамға қарағанда, деректер көлемін анағұрлым көбірек өңдеуге қабілетті, сондықтан өз әріптестеріне жаңа науқандар әзірлеуге көмектесе алады. McCann Japan қызметкерлерінің өздері роботқа команданың бір бөлігі ретінде қарайды, оған креативті директор мәртебесін беріп, тіпті оның лауазымына кірісуінің ресми рәсімін де ұйымдастырған.

AI-CD Бета «миллениум ұрпағы» өкілдерінен (1980 және 2000 жылдар аралығында туған адамдар) тұратын компанияның инновациялық бөлімшесі McCANN MILLENNIALS алғашқы жобаларының бірі - Creative Genome Project шеңберінде әзірленген.

Оны жасау үшін McCANN MILLENNIALS командасы соңғы 10 жыл ішінде жасалған жарнамалық роликтердің үлкен санын қайта құрастырды, талдады және маркерледі. Жаңа жасанды ақыл-ой осы дерекқормен өз бетінше жұмыс істеуге және берілген кез келген өнім немесе хабарлама үшін оңтайлы жарнамалық хабарландыру жасауға қабілетті.

Жарнамалық науқандар жасау процесін басқарумен қатар, AI-CD Бета жинақталған тәжірибесін ескере отырып, өз білімін өз бетінше жетілдіруге де қабілетті.


Дереккөз: http://innogest.ru/m?na=15042






Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет