4. Мыс-Тас дәуірі (Энеолит)



бет2/7
Дата27.12.2022
өлшемі0,49 Mb.
#164568
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ауғаныстан
Алғашқы діни түсініктер

  1. Анемизм- жан мен рухтың барлығына сену

  2. Тотемизм- шығу тегін жануарлармен байланыстыру

  3. Магия -табиғаттың тылсым әрекетіне сиынып құлшылық ету.

  4. Зоопатрия -аң –құстарға табыну

  5. Фетишизм -жансыз затқа сену

5.Қола дәуірі (б.з.б. ІІ-І.мың жылдық)
Қола табиғатта дайын күйінде кездеспейді,мыс пен қалайының қосындысы.Еңбек құралдары тас немесе сазбалшық қалыптарға құйылып,өңделген.Одан балта,пышақ,қанжар,қайла,орақ, жәбе және найзаның ұштары әртүрлі әшекейлер жасалған.Металл құралдарды пайдалану дөңгелекті ойлап табуға және дөңгелекті көлікті кеңінен пайдалануға әкелді. .Орталық және Шығыс Қазақстан ежелгі қарапайым кен ісінің орталықтары болды.Мыс кенін Жезқазған,Риддер,Қаршыға ,Жылтыр, Күшікбай жеріндегі кеніштерден өндірілген.
Қоланы Атасу таулы қыратынан Нарын,Қалба жоталарынан өндірінген. Метал кеніштер қазіргі Зырянов,Жезқазған маңайында Қарқаралы,Ақшатау тауларында болған.Жезқазған өңірінен 1 миллион тоннадай кен өндіріліп,одан 100 мың тоннадай мыс қорытылған деп Қаныш Сатпаев айтты. Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба кен орнынан 1100 тонна қалайы шығарылды.Көне замандағы кен өндірушілердің қоныстары кенішке жақын орналасты.Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды.
Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірі үш кезеңге бөлінді.
1.Алдыңғы ерте қола кезеңі Нұра б.з.б. XVІІІ-XVІ ғасырлар
2.Ортағы қола кезеңі Атасу б.з.б. XVІ-ХІІ ғасырлар
3.Кейінгі қола кезеңі ХІІ- VІІІ ғасырлар Беғазы Дәндібай
Өлген адамды жерлеу әдет-ғұрыптарында ерте қола Нұра кезеңінің ерекшелігі :мәйітті өртеп,күлін қабір басына қойған.Ортаңғы қола Атасу кезеңінің ерекшелігі- өлген адамның денесін сол күйінде жерлеу ғұрпы болған. Атасу кезеңінде теселі егіншілік пен мал шаруашылығы дамыды.Мыс пен қола металлургиясының,бақташылық,мал шаруашылығының дамуына және бірқатар әлеуметтік өзгерістерге жеткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет