4-нұсқа Оқу сауаттылығы Нұсқау



бет1/2
Дата24.01.2022
өлшемі56 Kb.
#129700
  1   2
Байланысты:
20464

4-нұсқа

Оқу сауаттылығы

Нұсқау:Оқу сауаттылығы бойынша 4 мәтін және олардың мазмұны бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі.Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

1-мәтін. ЭКСПО. Асқақ әнші – Әміре Қашаубаев

«ЭКСПО» көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ – 1925 жылы Парижді салған әнімен тамсантқан Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығын жарты ғасырға жуық уақыт зерттеп келе жатқан зерделі музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкәрімнің әнші туралы кезекті еңбегі жарық көрді.

Бұған дейін «Әміре», «Ән жұлдызы», «Амре Қашаубаев: жизнь в искусстве», «Ән асқары – Әміре», «Әміре Қашаубайұлы» атты кітаптарды шығарған автордың «Амре в Париже» атты орыс тіліндегі жаңа еңбегінің таныстырылымы Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтті. Аталмыш шара «ЭКСПО-2017» көрмесі мен асқақ әншінің 130 жылдығына арналды.

Әміреге қатысты тағы бір ақжолтай жаңалықты жеткізейік. 2016 жылы Әміре тұлғасы театр сахнасына көшіріліп, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыка драма театрында әнші туралы драма қойылған болатын.

1.Тірек сөз бола алмайтын нұсқа

А) ЭКСПО-2017

В) ЭКСПО-1925

С) Париж


Д) Алматы

Е) Астана

2.«ЭКСПО-2017» көрмесі мен әншінің 130 жылдығына арналған іс-шара

А) Ұлттық академиялық кітапхананың ашылуы

В) Ұлттық академиялық кітапханада өткен таныстырылым

С) «Ән жұлдызы» атты кітаптың шығуы

Д) Қалың көрерменге жететін кинотуынды

Е) Әміре туралы фильмнің түсірілуі



2-мәтін

1.Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі туған ата-анасының қуанышы ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері «шілдехана», «шілде той», «шілдехана күзет» өткізіледі. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдірісіп, ән айтып, ойын ойнап, көңіл көтереді.

2.Шілдехананы Жетісу өңірінде «шілде күзету» деп атайды. Әдетте, шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әр түрлі жын-шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзету – халық сенімі бойынша тек жастардың міндеті болған. Ерте заманда бесіктегі нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген. «Жаңа туған баланы алғашқы күндері шырақ жағып күзетпесе, оны перілер әкетіп, орнына басқа бала тастап кетеді» деген сенім болған. Осы сенімнің сілемі қазақ арасында соңғы уақытқа дейін сақталған. Шырақ жағып күзету – соның бір түрі.

3.Немерелі болған әже сүйінші сұратып, жас балаларын жан-жаққа жібертеді. Сүйінші сұраушылар «Кім туды?» деген сұраққа ұл болса – «тізгін ұстар», «күл шашар», «ноқта жетектер», ал қыз болса – «қырық жеті» деген сияқты тұспал сөздермен жауап қатады. Сүйіншіге ағайын-туыстары мал атап, кейбіреулер ақшалай-заттай, сый-сияпат беріп, әйтеуір қолын бос қайтармайды. Бөпелі болған қуанышты отауға ізгі ниеттерін білдіруге келген ауыл адамдары «Бауы берік болсын!» деп, жылы лебіз, жақсы тілектерін айтады.

4.Жаңа туған нәрестенің той-томалағында жүрген әйелдер бөпені көрсетіп, келушілерден көрімдік алады. Құтты болсын айтып келгендер: «Тіпә, тіпә! Тіл-көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» - деп түкірген болады.

5.«Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ұлы Абай айтқандай, қазақта ән-жырсыз өтетін мереке, қуанышты күндер жоқ. Тойда жастар суырып салып өлең айтып, сөз қағыстырады.

3.Бірінші және бесінші азатжолдардың мазмұндық ұқсастығы

А) Қуаныштың ән мен жыр арқылы тойлануы

В) Ескі наным-сенімдердің сақталуы

С) Тіл-көзден сақтау ырымдары

Д) Немерелі болған әже қуанышы

Е) Шілдехананың әр өңірдегі ерекшеліктері

4.Халықтың ескі наным-сенімі мәтіннің қай бөлігінде сөз болады?

А) Төртінші

В) Екінші.

С) Үшінші

Д) Бесінші

Е) Бірінші

5.Сүйінші сұраушылар қыз бала дүниеге келгенін жұртқа қалай жеткізеді?

А) «Қырық жеті» деген сөз арқылы

В) «Күл шашар» деген сөз арқылы

С) «Ноқта жетектер» деген сөз арқылы

Д) «Тізгін ұстар» деген сөз арқылы

Е) «Ат ұстар» деген сөз арқылы

6.Құтты болсын айтып келгендердің: «Тіпә, тіпә! Тіл-көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» деуінің мәнісі

А) Баланың түр-тұлғасына қарата айтады

В) Нәрестеге көңілі толмағандықтан

С) Ел ішінде сәбиді еркелетудің сондай салты қалыптасқан

Д) Балаға көз тимесін деген ниет көрінісі

Е) Баланың дені сау болып өссін деген ниет





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет