4-нұсқа Оқу сауаттылығы Нұсқау



бет2/2
Дата24.01.2022
өлшемі56 Kb.
#129700
1   2
Байланысты:
20464
Отырар кітапханасы

Ежелгі Отырар қаласы Сырдарияның Арыс өзеніне құяр жерінде, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Айналасы – ат шаптырым терең ор, биік қорған. Төбе басында хан сарайы, жан-жағында тас, болат тамдар және қару-жарақ, теңге соғатын ұстаханалары, шәкірттер дәріс алатын бірнеше медресе (мұсылман университеті) болған. Қалаға тырнаша тізілген, иір мойын түйелер күндіз-түні келіп жатқан. Қаланың батыс жағындағы қақпа арқылы орыс көпестері, шығыс жағынан монғол, қытай кезбелері кіретін. Ал түстіктен Шаш, Бұқара қалаларынан шыққан араб саудагерлері, терістіктен башқұрт, саха ханхадалары жіберген керуен тізбектері келетін. Бұл керуендермен саудагерлер әртүрлі әшекей бұйымдар, маталар, тең-тең кітаптар әкелетін. Әр жақтан әкелген кітаптар Отырар қаласының үлкен кітапханасына жиналған. Бұл кітапхана заманында түкпір-түкпірден жиналған сирек кездесетін кітаптарымен аты шыққан.

Отырарда жұлдыз санаған сәуегейлер, ойшылдар, ғылымдар, дүниенің сырын болжаған көріпкелдер өмір сүрген. Олар Отырар кітапханасынан сол кездегі барлық кітаптарды алып оқыған. Өздері ғажайып дастандар жазған. Әлемге аты шыққан ғалымдардың басым көпшілігі осы кітапханада болған. Білімге ұмтылған қаншама зерек шәкірт осынау кітапхана шырағданы астынан ғұлама атанды. Кейінгілерге ойлы сөздерін қалдырды. Отырар медресесін бітірген шәкірттерден қалған қағазға, сақтиянға (теріден жасалған кітап), қамысқа жазылған қолжазбалар Қазақстанның әр жерінен табылып жатыр. Көне заман кітаптары тек қана қолмен, қауырсын қаламмен жазылған. Бабаларымыз өздерінің тарихын, келер ұрпаққа арнаған сөзін қышқа, тасқа ойып қалдырған. Сүйекке, ыдысқа, теріге сіңіріп келтірген сөз, сөйлемдер қаншама?!

Бабаларымыз ерте кезде Тараз қаласының маңында терісінен қағаз жасау үшін кілең ақ ешкілер өсіріпті. Ол үшін ешкі терісін алдымен иге салады. Майы кетіп, тұз сіңіп, сірескен жарғақты көлеңкеге кептіреді. Содан кейін қағаздай жұқа болғанша илеп, иін қандырады. Дайын болған жұқа тері-қағаздар қатталып, оралып, түйеге тиеліп, шартарапқа жөнелтілген. Тараз ешкісінің терісіне түскен әріптер өшпеген. Олар жүздеген жылдар бойы сақталған.

Отырар кітапханасы сөрелерінде ақ теріге жазылған, алтын жалатқан кітаптар көз жауын алатын. Мұнымен қоса күйген қышқа түсірген, ыдысқа ойған, тасқа, ағашқа қашап қалдырған бабалар қолтаңбасы да мол болған.

Аңыз бойынша әлемге аты шыққан кітапхананы Шыңғысхан әскерлері өртеп кеткен. Алайда біраз кітапты қала қорғаушылары құмыраларға салып, жер астына тығып, сақтап қалған деседі. Елімізде қолжазба ескерткіштерін іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Астанада «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы ашылып, табылған жазба деректер жинақталуда. Көп ұзамай мың жылдық тарихы бар білім ордасы – Отырар кітапханасы екінші өмірін бастамақ.

7.Мәтін бойынша керуен тізбектерінің келу себебі

А) Жорыққа дайындалуға келеді

В) Жиын өткізуге келеді

С) Тауарларын сатуға келеді

Д) Саяхаттауға келеді

Е) Сирек кездесетін құмыралар әкеледі

8.Мәтін бойынша бабалар аманатын бізге жеткізу тәсілдерінің бірі

А) Қышқа ойып жазып қалдырған

В) Том-том кітаптар жазып қалдырған

С) Өлең түрінде жазып қалдырған

Д) Папирус жапырағына жазып қалдырған

Е) Таспаға жазып қалдырған

9.Отырар кітапханасының құндылығы

А) Ойшылдар барлық кітаптарды алып оқыған

В) Кітапханадан кітап алып оқығандар ғұлама болған

С) Көріпкелдер кітап алып оқитын болған

Д) Сирек кездесетін кітаптарымен аты шыққан

Е) Кітаптарды оқығандар ойлы сөздер қалдырған

10.Мәтін бойынша ақ ешкілердің пайдасы

А) Сүтті көп беретін болған

В) Жер талғамайтын мал

С) Өсімтал мал болған

Д) Еті түрлі сырқатқа ем

Е) Жарғағына жазу жазатын болған

11.Отырардың батыс жақ қақпасынан қатынайтын керуен

А) Қытай

В) Башқұрт

С) Орыс

Д) Саха


Е) Араб

12.Шыңғысхан әскерінің кітапханаға қатысы

А) Саяхатшылардың көп келуіне ықпал етті

В) Өртеніп жатқан кітапхананы аман алып қалды

С) Күл-талқан етіп жағып жіберді

Д) Қолжазба жұмыстарын іздеуге септігін тигізді

Е) Кітаптарды жер астына тығуға көмектесті

4-мәтін

I.Aлматы апортының тарихы адамның басын айналдырғандай еді. Ол- араға миллиондаған жылдар салып, атамекеніне қайта оралған алма ағашының жемісі. Жер шарын шыр айналып шыққан алма ағашы ақырында өз топырағын, Алматының айналасын қайта тапты.

ІІ.1913 жылы Мәскеуде тарихтың төрінен орын алған ұмытылмас оқиға болды. Ресей тарихында ең соңғы үлкен той болып өтті. Романовтар әулетінің тұғырдан таймай таққа отырғанына 300 жыл толған. Үш ғасырлық осы торқалы тойда қазақтардың төбесі көкке бір елі жетпей қалды.

Әлемдегі ең үлкен империяны ғасырлар бойы уысында ұстап келген Романовтар әулеті ол кезде барлық құрметке лайықты еді. Патша ағзам өткізген ұлан –асыр тойда жан-жақтан Мәскеуге келген сый-сияпатта шек болмады. Алайда қазақ топырағынан барған тартудың орны бөлек болды. Ол кәдімгі алма болатын. Алма болғанда қандай! Атты кісі аттан түсіп, жаяу кісі жатып қарайтындай еді! Алматы апортының даңқы осы сәтте бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп өтті. Тойға қазақ жерінен 30-дан астам адам барған болатын.

ІІІ.- Біздің қазақтың Үш жүзінен барған ақсақалдар патша тойына Алматының апортын алып барған. Оның әрқайсысының салмағы

1 килограмм 200 грамм-1 килограмм 300 грамнан шыққан еді. Тойға жиналған қауым сол жерде өлшеп көріп, Алматының алмасына таң қалады. Небары 300 грамның айналасындағы өздерінің «Антоновка» сияқты алмаларын ғана көріп жүрген жұрттың риза болғаны соншалық- «Мұны біздің патшамыздың құрметіне «Александра» деп атайық», -дейді сол жерде. Сөйтіп, біздің Алматының апорты осындай атауға ие болып шыға келеді.

-Негізі, алмалар Қырғызстанда да бар, біздің елімізде де бар, басқа жерде де болуы мүмкін, бірақ нағыз апорт, өзінің топырағын тапқан апорт- Алматының апорты,-дейді ғалым-биолог Құнанбай Ысмағұлов.

ІV.Әр нәрсенің өз Отаны болады. Бұл орайда біздің қазақ мақтана алады, әлем ғалымдарының айтуынша, есте жоқ замандардан бері жасап келе жатқан алма ағашы басқа жерлерге о баста қазақ жерінен барған. Оның мұнда, біздің аймақта өсе бастағанына 50 миллион жыл болды. Оны ғалымдарымыздың өздері айтып отыр.

V.Ұлттық ғылым академиясыны академигі, биолог-ғалым Аймақ Жанғалиев біздің ғалымдарымыздың қол жеткізген жетістіктері жайында:

-Біздегі жабайы алмалар осыдан 50 миллион жылдай бұрын да өскен, жер жүзіне осы өңірден тараған. Жабайы алманы ешкім қолдап, қорғап отырмайды, ол өзі дарвинизмнің эволюциялық даму заңдылығындай, өзін-өзі сақтап, табиғи сұрыпталып, дамып жетіліп, таралып отырған. Мұны біздің зертханада Ботаника институтының ғалымдары әлемдік деңгейде зерттеп, дәлелдеп берді,-деген.

13. Патшалық Ресей тарихындағы ең соңғы үлкен той

А)Апорттың 50 млн. жылдығы

В) Қазақ елінің Ресейге қосылу салтанаты
С) Ресей қол астындағы елдердің тойы
Д) Александр патшаның таққа отырғанына 300 жыл
Е) Романовтар әулетінің таққа отырғанына 300 жыл

14. Мәтін бойынша Алматы апортының даңқы бүкіл әлемді дүр сілкіндіруінің себебі

А) Дәмі ерекше тіл үйірер болғандықтан

В)Әр алманың салмағы 1 келіден аса болғандықтан


С)Ғалымдардың қол жеткізген жетістіктері болғандықтан
Д)Патшаға бұрын-соңды ешкім алма тарту етпегендіктен
Е)Қазақтың бай бағландары өздері өсіріп апарғандықтан

15. Мәтін бойынша Алматы апортының жаңа атауы

А) «Семиренка»

В) «Лимонка»


С) «Антоновка»
Д) «Романовка»
Е) « Александра»

16.Мәтінде Аймақ Жанғалиев біздің ғалымдарымыздың қол жеткізген қай жетістіктері жайында сөз қозғайды?

А)Романовтар әулеті тойында апорт алмасының атауы өзгергендігін зерттегенін

В)Ерте замандардан бері жасап келе жатқан алма ағашының әлемге әйгілі болғанынын зерттегендігі


С)Жабайы алмаларды өзін-өзі сақтап, табиғи сұрыпталып, дамып жетіліп, таралып отырғандығын зерттегендігі
Д)Апорт алмалар Қырғыстанда және басқа жерлерде де болуы мүмкін екендігін зерттегендігі
Е)Әр алманың салмағы 1 килограмм 200 грамм, 1 килограмм 300 граммнан шығатындығын зерттегендігі

17.Апорт тарихы

А)70 жыл

В)300 жыл


С)70 млн жыл
Д)500 жыл
Е)50 млн жыл

18.Апортқа қатыссты қазақстандық ғалымдардың еңбегі сөз болатын азатжол

А)1

В)5
С)2


Д)4
Е)3

19. Ғалым-биолог Қ.Ысмағұлов сөзінің түйіні

А)Жабайы алма табиғи сұрыпталып, дамып жетілген, таралған

В)Ертеден келе жатқан апорт алмасы басқа елге қазақ жерінен барған


С)Біздің ғалымдар апорттың тарихын әлемдік деңгейде дәлелдеп берген
Д)Апорттың біздің аймақта өсе бастағанына 50 млн жыл
Е)Өз топырағын тапқан нағыз апорт-Алматының апорты

20. Жер шарын шыр айналып шыққан алма ағашының Отаны

А) Алматының маңы

В) Іле өзенінің маңы


С) Қырғыз елі
Д) Ресей жері
Е) Мәскеу қаласы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет