4-тақырып экономикалық Өсу мақсаты


Экономикалық өсудің неокейнстік үлгілері



бет13/22
Дата07.02.2022
өлшемі118,63 Kb.
#97145
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
107810857876 4 дәріс экон өсу (1)

Экономикалық өсудің неокейнстік үлгілері.
Экономикалық өсудің қарапайым неокейнстік үлгілеріне Евсей Домардың үлгісі мен Рой Харродтың үлгісі жатады.
Домар үлгісі белгілі бір уақыт талабына сай жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өндірістік мүмкіншіліктерінің артуындағы инвестицияның екі жақты рөлін зерттейді. Мұнда инвестиция экзогендік функция ретінде қарастырылып, оның мультипликативтік әсері ескеріледі. Домар ұзақ мерзімде толық жұмысбастылықты қамтамасыз етуді алға тартты және қысқа мерзімдік кейнстік тепе-тендік шарттарын ұзақ мерзімді кезеңге ауыстырып қарастырды. Бүл модель өткен ғасырдың қырқыншы жылдарының аяғында пайда болып, мынадай алғышарттардан құралды:
- модельде тек игіліктер нарығы ғана қарастырылады, ол тепе-теңдік жағдайда болады;
- өндіріс технологиясы Леонтьевтің өндірістік функциясымен көрсетіледі;
- өндіріс факторлары бір-бірімен алмастырыла алмайды;
- еңбек нарығында бағалардың икемсіздігінен артық ұсыныс пайда болады;
- капиталдың орташа өнімділігі (Ү/К) мен жинақтау нормасы (Sy) тұрақты;
- шығарылым көлемі тек жалғыз ғана ресурс - капиталға тәуелді.
Домардың пікірінше, егер экономикалық жүйе толық жұмысбастылық кезінде тепе-теңдік жағдайында болса, онда сол тепе-теңдікті сақтау үшін жиынтық сұраныс өндірістік әлеуеттің (инвестицияның) қарқынына сәйкес өсуі керек.
Домардың үлгісі үш негізгі теңдеуге негізделеді: ұсыныс теңдеуі, сұраныс теңдеуі және теңгерімді әсу теңдеуі. Ұсыныс теңдеуі мына болжамға негізделеді:
,

яғни, осы жылы салынған инвестициялар капиталды болашақта арттырады. Капиталдың орташа өнімділігі δ = Ү/К - тұрақты шама болғандықтан, осы X жылы игіліктер нарығындағы ұсыныс теңдеуі мына формуламен беріледі:



Осы t жыл мерзімінде игіліктерге сұраныстың өсімі мультипликатор әсеріне негізделеді:

мұндағы, Sү - жинақтауға деген шекті бейімділік. Теңгерімді өсу теңдеуі – бұл сұраныс өсімі мен ұсыныс өсімінің теңесуі:

Сонымен, үлгінің аталған алғышарттарына сәйкес, игіліктер нарығындағы тепе-теңдікті және толық жұмысбастылықты ұстап түру үшін инвестиция көлемін тұрақты түрде берілген қарқынмен арттырып отыру қажет. Олай болса, Домар үлгісін, оған мынадай анықтама беру арқылы қорытындылаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет