43. Бірқалыпты қауіп анықталған жағдайда оның ішінде емізуге, қосымша тамақтандыруға қатысты мәселелер, гигиеналық дағды, ойнау, қарым-қатынастағы қиындықтар және т б


) баланың бірінші талап етуі бойынша уақыт аралықтарын белгілеместен емшекпен қоректендіру тәжірибесі қолдауды іске асырады



бет18/18
Дата02.02.2022
өлшемі25,8 Kb.
#116981
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
1027, 1027, 1027

1) баланың бірінші талап етуі бойынша уақыт аралықтарын белгілеместен емшекпен қоректендіру тәжірибесі қолдауды іске асырады.

      2) емізудің артықшылықтары, емшек сүтін қолмен сүзу техникасы және еселілігі туралы консультация береді, емшектің сызаты немесе лактастаз тәрізді жағдайларды болдырмау үшін баланы кеудеге қою және дұрыс орналастыруда практикалық көмек көрсету үшін баланы емізу кезінде көзбен шолу жасайды;

      3) емізуге қарсы көрсетілімдер болған жағдайда нәрестенің анасын (ата-анасын немесе заңды өкілін) баланы тамақтандырудың баламалы әдістеріне үйретеді; жаңа босанған әйелге нәрестесі бөлек жатқан жағдайларда лактацияны қалай сақтау туралы консультация береді.

      72. Галактоземия, фенилкетонурия, "үйеңкі шәрбаты" ауруы тәрізді туа біткен алмасуларының (энзимопатия) болуы, сондай-ақ егер аналар туберкулезбен ауырған, АИТВ жұқтырған, цитостатиктерді, радиоактивті препараттарды қабылдап жүрген болса бұл емшек сүтімен баланы қоректендіруге абсолюттік қарсы көрсетілімдер болып табылады.

      73. Аналардың босанғаннан кейін эклампсия, психоз, В және С гепатитінің белсенді түрі сияқты аурулары болса, сондай-ақ емізуге қарсы көрсетілімдер болғанда препаратарды қабылдауы емізуге біршама қарсы көрсетілімдер болып табылады.

      74. Неонатолог дәрігер күн сайын нәрестелерді қарап-тексереді, аналарға гипотермияның профилактикасы, вакцинация мен күтім жасау мәселелері бойынша консультация береді.

      75. Нәрестелерде үш және одан көп даму микроаномалиясы бар болса немесе туа біткен патологиялар анықталған жағдайда бейінді мамандар емдеу-диагностикалау іс-шараларын жүргізіп және тексеру, емдеу мен оңалту бойынша аналарға ұсыныстар бере отырып консультация жүргізеді.

      76. Нәрестеде шұғыл жағдай туындаған кезде (асфиксия, респираторлық дистресс-синдром және басқа) оның халін тұрақтандырып және екінші немесе үшінші деңгейдегі босандыру ұйымдарына анасымен бірге тасымалдауға дайындығының деңгейі анықталады.

      77. Нәрестелерді вакцинациялау № 2295 қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында профилактикалық екпе жүргізу мерзіміне сәйкес профилактикалық екпе жүргізуге ата-аналардың (анасының, әкесінің немесе заңды өкілінің) ақпарат алған ерікті түрдегі келісімі негізінде іске асырылады. Екпе жүргізілгені туралы деректер № 907 бұйрықпен бекітілген "Нәрестенің даму тарихы" туралы № 097/е нысанға енгізіледі.

      78. Медициналық ұйымдардан шығару алдында фенилкетонурияны, туа біткен гипотиреозды анықтау мақсатында барлық нәрестелерге неонатальдық скрининг және аудиологиялық скрининг жасалады.

      79. Медициналық босандыру ұйымынан нәрестені шығару ол қанағаттанарлық жағдайда болған кезде және стационар жағдайында тәулік бойы медициналық бақылау үшін медициналық көрсетілім жоқ болса одан әрі бақылауда ұстау үшін нақты тұрғылықты жері бойынша МСАК ұйымына бала туралы ақпаратты бере отырып іске асырылады.

      80. Нәрестеде шұғыл жағдайлар туындаған кезде неонатолог дәрігер ауырлық жағдайын, оның тұрақтылығын бағалайды, тасымалдау үшін дайындық деңгейіне баға береді және оны анасымен бірге (акушер-гинекологтың келісімі бойынша) екінші немесе үшінші деңгейдегі медициналық ұйымға ауысуын ұйымдастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет