5-6 сынып оқушыларына арналған логикалық сұрақтар



бет3/32
Дата22.12.2021
өлшемі99,63 Kb.
#127500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
логикалық есептер
1-2 сынып Логика, тест 3 сынып
АЛҒЫ СӨЗ

 

 



Математика ғылымы тек математик болу үшін ғана емес, экономист, техника мен электроника маманы болуға, физика мен химияны жете меңгеруге, ұшқыш пен ғарышкерге, емші мен кеншіге де керек. Өйткені машинасыз, техникасыз өндіріс жоқ. Біздің келекшектегі мақсатымыз – дайын машинаны ғана пайдалана білмей, керек машинаны тіпті зауыт пен фабрикаларды өздеріміз сала білуіміз керек. Сонда ғана біз егеменді ел, ел силайтын азамат бола аламыз.

Арифметика – математиканың алғашқы қадамы, кәусар бұлағы. Арифметиканы жақсы түсінген баланың келешекте математикадан және математика қолданылатын пәндерден үлгерімі жоғары болады. Себебі есепті арифметика амалдарымен шығару – адамның ой-өрісін, ойлау, талдау қабілетін дамытады.

Есептердің бәрі шығарылған. Алғашқыда сізге есеп шығару қиын болғанмен, біраз жаттыққаннан кейін қандай есепті болса да қиналмай-ақ шығарасыз. Білім алған деген осы. Физикадан, алгебрадан есептер кездессе де қиындық көрмейсіз.

Есептердің көбі бірнеше тәсілдермен шығарылады. Басқа тәсілдермен шығарсаңыз – тіпті жақсы. Тек алгебралық жолмен (теңдеу құрып) шығармаңыз. Онда ол арифметика емес!

Көп есептерді шығарғанда есептердің шартын кесіндімен, тік төртбұрышпен белгілеп (бейнелеп) отырсаңыз, есепке талдау жасағанда ыңғайлы, көрнекті, оны шығару оңай болады.

Егер сіз математиканы игеруге бұл кітаптың аз да болса пайдасы тисе, оған біз де қуаныштымыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет